Жер бетін бейнелеу тәсілдері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім: 2. Ғалам. Жер. Адам | Мектеп: | ||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Жер бетін бейнелеу тәсілдері | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.5.3 масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу 6.2.5.4 географиялық координаталарды анықтау | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы:
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері: | 1. Масштаб ұғымын және оның түрлерін біледі; 2. Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептей алады; 3.Географиялық координаталар, географиялық ендік, географиялық бойлық ұғымдарын біледі; 4.Карта бойынша нысандардың географиялық координаталарын анықтай алады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар масштабты пайдаланып, арақашықты есептеу жолын ауызша түсіндіреді. Карта бойынша географиялық координаталарды анықтау жолын ауызша түсіндіреді. Тақырыпқа байланысты терминдерді ауызша түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология: Масштаб, масштаб түрлері (атаулы, сандық, сызықтық), градус торы, географиялық координаталар, экватор, меридиан, географиялық ендік, географиялық бойлық. Айтылымға қажетті сөз тіркестері: Масштаб дегеніміз ... ... қалаларының арақашықтығы ... км-ге тең. Географиялық координаталар дегеніміз ... Географиялық бойлықтар ... бөлінеді. Географиялық ендіктер ... бөлінеді. Алматы қаласының географиялық координаталары ... | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты дарытуға бағытталған. Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Масштабты пайдаланып, арақашықтық есептеу барысында, карта бойынша нысандардың географиялық координаталарын анықтау арқылы математика пәнімен байланыс орнатылады. | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар 5 – ші сыныпта жергілікті жердің қарапайым планын сызды. Бастапқы білімді жаңғырту топтық жұмыс барысында жергілікті жерлердің қарапайым планын оқу арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс – әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-5 5-10 | 1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтар «5.2.5.3 бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру)», «5.2.5.4 рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу» атты оқу мақсаттары бойынша білімдерін көрсетеді. Оқушылар мұғалім ұсынған жергілікті жердің пландарын оқиды.
Топтар жауаптарын сыныпқа ұсынады. Мұғалім оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізеді. Оқушыларға кері байланыс береді. 2. Ой шақыру. Мұғалім оқушыларға Жюль Верн романы бойынша түсірілген «Капитан Гранттың балалары» атты фильмнен үзінді көрсетеді. Капитан Гранттың экспедициясы мұхитта апатқа ұшырайды. Капитан Грант бөтелкеге өздерінің апатқа ұшыраған жерлерінің географиялық координаталарын қағазға жазып салып, мұхитқа лақтырады. Мұхитта ұзақ уақыт болған бөтелке ішіндегі қағаздағы жазулардың кейбір фрагменттері ғана сақталады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: -Апатқа ұшыраған кемені географиялық координаталардың көмегімен тауып алуға болады ма? https://www.youtube.com/watch?v=X9HEBe75wfU 3. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың мақсаттары анықталады.
| Қосымша 1 Бейнеролик «Капитан Гранттың балалары» | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10-17 17-27 27-32 32-38 | 4. Терминдермен жұмыс. Оқушылар терминдерді оқып, өзара түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мұғалім тексеру сұрақтарын қояды: 1.Масштаб дегеніміз не? 2.Масштабтың қандай түрлері бар? Атаулы, сандық, сызықтық масштабтар қалай бейнеленеді? 3.Географиялық координаталар дегеніміз не? 4.Экватор және меридиан дегеніміз қандай сызықтар? 5.Географиялық бойлық дегеніміз не? 6.Географиялық ендік дегеніміз не?
Мұғалім формативті бағалау жүргізеді және кері байланыс береді. 5. «Бөтелкеден шыққан тапсырма». Географиялық координаталарды анықтау. Топтар дүниежүзінің географиялық координаталар бойынша нысандарды анықтайды.
Мұғалім формативті бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді. 6.Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу. Оқушылар өздері анықтаған нысан мен Астана қаласының арақашықтығын масштабты пайдалана отырып өлшейді.
Топтар өзара бағалау жүргізеді. Мұғалім кері байланыс береді. Қосымша: осы сілтеме бойынша кез-келген екі нүктенің арасындағы арақашықтықты есептеп шығаруға болады. http://travel.org.ua/sunrise/coordinates.php?w_id=8844 7. Сабақты бекіту мақсатында оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты тапсырманы орындайды. Оқушылар өздері тұратын қаланың географиялық координаталарын анықтап, сол қаладан Астанаға дейінгі арақашықтықты масштабты пайдалана отырып, есептейді. Мұғалім тексеріп, оқушыларға кері байланыс береді. | Қосымша 2 Пластик бөтелкенің ішінде оралған тапсырмалар | |||||||||||
Сабақтың соңы: 38-40 | 8. Рефлексия Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды. Рефлексия «Поезд». Поездың әр вагоны бұл сабақтың кезеңдері. Оқушылар көмегімен сабақтың әр кезеңіндегі белсенділігін бағалайды. Көңілді смайлик – бұл тапсырманы орындау өте қызықты! Көңілсіз смайлик – бұл тапсырманы орындау тым қызықсыз болды! | Стикерлер (смайликтер) Қосымша 3 | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Сабақ барысында оқу материалы ақпаратты қабылдаудың түрлі типтерін ескере отырып қолданылады (мәтін, бейнеролик, сурет). Сабақты бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. | «5.2.5.3 бір тәсіл бойынша жергілікті жердің түсірілімін жасау (көз мөлшермен түсіру, полярлық түсіру, бағдарлық түсіру)», «5.2.5.4 рәсімдеу талаптарына сай жергілікті жердің қарапайым жоспарларын сызу» оқу мақсаттары бойынша бастапқы білімді формативті бағалау. Жақын арадағы даму аймағын анықтауға арналған диагностикалық бағалау. Картамен жұмыс жасау арқылы картамен жұмыс жасау дағдыларын бағалау. | Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Қосымша 1
Жергілікті жердің пландары
Қосымша 2
Мәтін «Масштаб және оның түрлері»
Масштаб дегеніміз (немісше «mass» - өлшем, «tab» - таяқ, яғни өлшейтін таяқ ұғымын білдіреді) - пландағы, картадағы сызықтың өзіне сәйкес жер бетіндегі ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы. Ол картографияда картадағы қашықтықтың қанша рет кішірейтілгенін көрсетеді. Бұл түсінік математикада, картографияда, геодезияда, жоспарлауда жиі қолданылады. Масштабтың 3 түрі бар: сандық, атаулы, сызықтық. Сандық масштаб бөлшек түрінде беріледі. Мысалы: 1: 100 000. Атаулы масштаб 1 см – де – 1 км деп беріледі. Сызықтық масштаб – графикалық масштаб. Ол сызғыш түрінде беріледі. Төменде сызықтық масштабтың суреті мысал ретінде берілген.
Ақпарат көзі: https://www.syl.ru/article/196171/new_chto-takoe-masshtab-vidyi-masshtabov#image855129
Мәтін «Географиялық координаталар»
Географиялық координаталар - Жер шарының бетіндегі кез келген нүктенің орны оның географиялық координаталары арқылы белгіленеді (латынша ко – бірге, ординатус – реттелген). Географиялық координаталар ендік пен бойлықтан тұрады. Географиялық бойлық - Жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градус есебімен алынған қашықтығын айтады. Бойлық бастапқы меридианнан батысқа қарай 0° пен 180° аралығында және шығысқа қарай 0° пен 180° аралығында өлшенеді. Бастапқы меридианнан батысқа қарай батыс бойлық (б.б.) және шығысқа қарай шығыс бойлық (ш.б.) болады. Географиялық ендік - нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығын айтады. Ендік экватордан полюстерге қарай 0° пен 90° аралығында есептелінеді. Экватордан солтүстік полюске дейін солтүстік ендік (с.е.), оңтүстік полюске дейін оңтүстік ендік (о.е.) деп аталады.
Ақпарат көзі: Бейсенова Ә., Карпеков Қ. «Қазақстанның физикалық географиясы» 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2012. – 272 бет.
Қосымша 3
Смайликтер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?