Жер бетін бейнелеу тәсілдері. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 6.1В Ғалам. Жер. Адам.

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан оқушылардың саны:

Қатыспаған оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы

Жер бетін бейнелеу тәсілдері

Оқу мақсаттары

6.2.5.1 географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу

6.2.5.2 шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктейді;

Шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқи алады

Бағалау критерийлері

  • Географиялық карталарды жіктейді
  • Шартты белгілерді жіктейді
  • Шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқиды

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Географиялық карталарды жіктей алады.

Шартты белгілерді жіктей алады.

Шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқи алады

Сұрақтарды ауызша/жазбаша құрастыра алады.

Пәндік лексика және терминология:

Географиялық карта,

жалпыгеографиялық карта,

тақырыптық карта,

шартты белгілер,

сызықтық, нүктелік, аудандық, түсіндірмелі шартты белгілер

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Географиялық карта .......................................... болып бөлінеді

Мен ойлаймын..............................................................................

Менің пайымдауымша........................... себебі...........................

Құндылықтарды дарыту

Сабақ академиялық шындықты қалыптастыру және жауапкершілік пен көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Оқушыларды жұптық жұмыс арқылы бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сыныптастарының жауаптарын тыңдауға, қорытынды жасауға баулу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, математика - шартты белгілерді сызу барысында

Алдыңғы білім

5-сыныпта оқушылар «жоспар» және «шартты белгілер» ұғымдарын, шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің жоспарын оқыған. 5.2.5.1 «жоспар» және «шартты белгілер» ұғымдарын түсіндіру; 5.2.5.2 шартты белгілерді қолданып, жергілікті жердің жоспарын оқу оқыту мақсаттары бойынша.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-7

7-10

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жағымды көңіл-күй орнату. Оқушыларды 5 топқа бөлу.

(әртүрлі деңгейдегі 5 оқушыны тақтаға шығарып, кезек-кезекпен өз еріктері бойынша тобына қатысушыларды/достарын өздеріне жинауға мүмкіндік беру)

Суреттер көрсету арқылы тақырыпқа шығу

2. Ой қозғау:

- Суреттер туралы не ойлайсыңдар?

- Қандай тақырыпты өтеміз?

3. Мақсатты тұжырымдау

Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Сабақтың негізгі терминдерімен таныстыру.

(Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)

Тақта, маркерлер,

Қосымша 1

Презентация,

1-2-3 слайдтар

Сабақтың ортасы

10-17

18-23

24-34

35-37

4. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Оқушыларға бейнематериалдың алғашқы (1:30 уақыт) бөлігін көрсетіп, төмендегі сұрақтар қойылады:

- Географиялық карта дегеніміз не?

- Географиялық картаның қандай түрлерін ажыратуға болады?

- Атластан қарап, мысалдар келтіріңдер.

Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.

Географиялық карталар:

  • жалпы географиялық;
  • тақырыптық;
  • кешенді (комплексная)
  • Шартты белгілер:
  • масштабтық;
  • масштабтан тыс;
  • түсіндірмелі

5. Білімді бекіту

Жұптық жұмыс. Суретпен жұмыс:

  • Сурет пен шартты белгілерді бірге оқу
  • Шартты белгілерді жоғарыда бөлген белгілері бойынша топтастыру

Бағалау. Әр жұп бір-бірінің жұмысын дәптерге жазылған шартты белгілер түрлері бойынша тексеру, ұсыныстарын айту.

Дескрипторлар:

  • Шартты белгілерді оқи алады
  • Шартты белгілерді белгілері бойынша топтастыра алады

Мұғалім комментарий айтып, жауаптарын толықтырады

  • Дене шынықтыру минутасы.

Мұғалім әртүрлі шартты белгілерді тақтаға суретін салып немесе қағазда көрсетеді, ал оқушылар қай топқа кіретіндігін анықтауы керек : «масштабтық – орнынан тұрып, екі қолын көтереді, масштабтан тыс - отырады, түсіндірмелі – орнынан тұрып, 1рет қол шапалақтау»

Топтық жұмыс. Физикалық картадағы шартты белгілерді қолданып, берілген елдің физикалық нысандарына (жер бедері, су нысандары т.б.) сипаттама бер.

(Дифференциацияны елдерді бергенде қолдануға болады, яғни ауданы үлкен, сәйкесінше ақпараттар оңай табылатын елдерді әлсіз топтарға т.с.с)

Берілетін елдер: Аустралия, Канада,Үндістан, Бразилия, Ресей.

Бағалау:

* мұғалімнің бақылауы мен комментарийлері;

* дескрипторлар бойынша өзара бағалау;

* мұғалімнің кері байланысы;

Дескрипторлар:

  • Картадағы шартты белгілерді оқи алады;
  • Картадағы шартты белгілерді қолдана алады;
  • Берілген елдің физикалық нысандарын сипаттай алады

Мұғалім кері байланыс береді, қажеттілік туындаған кезде оқушылардың жауаптарын толықтырады.

https://www.youtube.com/watch?v=eYwpWBUQtBk

«Географиялық карталар»

Презентация

4-5 слайдтар

Қосымша 2

Презентация

6-слайд

Қосымша 3

Презентация,

7-слайд

Атлас 6-7 сынып

Презентация,

8-слайд

Қосымша 4

Сабақтың соңы

37-40

Қорытындылау:бүгін қандай ақпараттармен танысты, қандай маңызды ой-тұжырымдама жасады.

8. Рефлексия

Ет тартқыш - әрі қарай толықтырамын

Чемодан - болашақта қолдануға алып кететін білімім

Қоқыс шелегі - мен үшін қажет емес ақпараттар

Үй тапсырмасы: Шартты белгілерді қолдана отырып, «Мектептегі экскурсия» тақырыбы бойынша географиялық диктант жазып келу (10 сөйлем)

Презентация,

9-слайд

Рефлексияны стикерлер арқылы жазбаша, немесе тақтадан шығарып ауызша алуға болады.

Дифференциация – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз дарынды оқушыларға қандай тапсырмалар беруді жоспарлайсыз?

Төмен қабілетті

Орташа қабілетті оқушылар

Жоғары қабілетті оқушылар.

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай ұйымдастырасыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қолдау көрсету:

Сіз оқушыға қолдау көрсету үшін дұрыс жауап немесе негізгі ойды білдіретін тірек сөздер бере аласыздар

Тақтаға да тірек сөздер мен сабақта өтілетін терминдер жазып қойсаңыз, көмек қажет оқушыға жеңіл болады.

Қалыптастырушы бағалауды кезеңдерде өткізуге мүмкіндіктер бар:

  • Жауабы дәлелді болса.
  • Критерийлерге сай болса

Ауызша жауаптары толық болса.

  • Топтық және жұптық тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техникасын сақтау және Дене шынықтыру минутасы.

Мұғалім әртүрлі шартты белгілерді тақтаға суретін салып немесе қағазда көрсетеді, ал оқушылар қай топқа кіретіндігін анықтауы керек : «масштабтық – орнынан тұрып, екі қолын көтереді, масштабтан тыс - отырады, түсіндірмелі – орнынан тұрып,1рет қол шапалақтау.»

Қосымша 1

Қосымша 2

Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.

Географиялық карталар:

  • жалпы географиялық;
  • тақырыптық;
  • кешенді (комплексная)
  • Шартты белгілер:
  • масштабтық;
  • масштабтан тыс;
  • түсіндірмелі
  • Масштабтық шартты белгілер ұзындығы мен формасы сол картаның масштабына негізделіп қолданылады.  Олар:
  • - контурлық (аудандық) – нысанның шекарасын, сапалық деректерге толы ауданы мен фондық түстерін көрсетеді Мысалы, орман, батпақ және елді мекеннің ауданы т.б.
  • сызықтық – картадағы жергілікті сызықтық нысандарды көрсетуге қолданылады: – жол, шекара, байланыс сымдары т.б. Бұл белгілер нысанның масштабқа сай ұзындығы мен формасы туралы ақпарат береді.
  • Масштабтан тыс шартты белгілерге көлемі мен алатын ауданы өте кішкентай болғандықтан масштабпен көрсете алмайтын жергілікті нысандар жатады. Мысалы,   шахта, құдық, қорған, жеке тұрған ағаш, үйлер т.б.
  • Түсіндірмелі шартты белгілер нысанға қосымша ақпараттар мен ерекшелігін көрсету үшін қолданылады. Мысалы, өзендегі сызық (бағыт/стрелка) – өзен ағысының бағытын, көпірдің қалыңдығы, ұзындығы, жүк тасымалдығы мен қандай материалдан жасалғандығы т.б.

Қосымша 3

Қосымша 4



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу