Зерттеуді жоспарлау. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 Сабақтың басында «Шеңбер» тәсілімен алдыңғы білімдерін тексеру жоспарланған. Оқушылар шеңберге тұрады және өткен тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап жүргізіледі. Оқушы қолындағы допты кімге лақтыраса соған сұрақ қояды және допты ұстаған оқушы жауап береді. Осылайша жалғаса береді, осы арқылы оқушылардың бастапқы білімдерін тексеру жүзеге асырылады. Барлық оқушы сұрақ-жауапқа қатысуы міндетті емес.

 Зерттеу кезеңдерін анықтауға арналған тапсырманы орындау барысында қажет болған жағдайда оқушыларға көмек көрсетуге болады. Егер жұмысты тез орындаған оқушы жұбы болса, оларды басқа оқушыларға көмектесуін сұраңыз. Осылайша қабілетті оқушылардың оқуға ынтасын арттырасыз.

 Жаңа тақырыпты түсінуге бағытталған эксперименттік тапсырмаларды орындамас бұрын қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіріңіз.

 Оқушыларды топқа бөлу онлайн ресурстарды қолдануға болады. Егер мүмкіндік болмаса оқушыларды қабілетіне қарай немесе басқа критерийлермен топтастырыңыз. Оқушылар орындайтын эксперименттік тапсырманы өз қалауыңызша өзгертуге болады. Басқа да көптеген қызықты эксперименттер топтамасы жинақталған онлайн ресурстар төменде келтірілген.

 Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға сәйкес дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз.

 Сабақты бекіту барысында оқушылар Венн диаграммасын толтырады. Бағалау барысында оқушыларға өздерінің қаншалықты дұрыс орындағанын немесе қандай қателіктер жібергенін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Жұмыс соңында оқушылар «Аргументация» тәсілімен кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға сыныпқа өздерінің аргументтерін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Үй экспериментін қалай жасау қажеттілігі туралы қысқаша түсініктеме беріңіз және қосымша бейне материалды көруге кеңес беріңіз.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

http://www.aschool.us/random/random-pair.php

http://www.classtools.net/

http://simplescience.ru/video/

https://www.youtube.com/watch?v=5B7wGzONA0o

https://www.youtube.com/watch?v=-VNG2lwErws

http://bezopasnost-detej.ru/bezopasnost-shkolnikov/241-tekhnika-bezopasnosti-na-urokakh-fiziki

https://www.youtube.com/watch?v=ibuBTUuXqhE



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу