Зерттеуді жоспарлау. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақтың басында оқушылардың ойларын сабақ тақырыбымен және мақсатымен байланыстыру үшін алғашқы эксперимент жүргізіледі. Оқушыларға алғашқы экспериментті өз еріктерімен ешбір жоспарсыз жүргізуді ұсыныңыз. Сыныпты үш топқа боліп керекті құрал жабдықтармен қамтамасыз етіңіз және оқушылар жұмысты ешбір жоспарсыз жүргізуі қажет. Алғашқы экспериментті жасап болған соң екінші жоспарлы экспериментті орындауды ұсыныңыз. Екі экспериментті салыстыру арқылы оқушылар қиындықты анықтап, сабақтың тақырыбы мен мақсатына тереңірек үңіледі.
Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Жаңа тақырыпты түсінуге бағытталған эксперименттік тапсырмаларды орындамас бұрын қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіріңіз.
Оқушыларды топқа бөлу барысында онлайн ресурстарды қолдануға болады. Егер мүмкіндік болмаса оқушыларды қабілетіне қарай немесе басқа критерийлермен топтастырыңыз. Оқушылар орындайтын эксперименттік тапсырманы өз қалауыңызша өзгертуге болады. Басқа да көптеген қызықты эксперименттер топтамасы жинақталған онлайн ресурстар төменде келтірілген.
Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырмаға сәйкес дескрипторлар көрсетуді ұмытпаңыз.
Сабақты бекіту барысында оқушылар тестік тапсырма орындайды. Бағалау барысында оқушыларға өздерінің қаншалықты дұрыс орындағанын немесе қандай қателіктер жібергенін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Жұмыс соңында оқушылар «жетістік баспалдағы» тәсілімен кері байланыс жасайды. Бірнеше оқушыға сыныпқа өздерінің жетістіктерін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.
Пайдалы сілтемелер:
http://www.aschool.us/random/random-pair.php
http://simplescience.ru/video/
http://scibook.net/eksperimentalnaya-psihologiya-knigi/planirovanie-issledovaniya-16024.html
https://stud.kz/referat/show/60351
http://bezopasnost-detej.ru/bezopasnost-shkolnikov/241-tekhnika-bezopasnosti-na-urokakh-fiziki
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?