Болашақта ашылатын жаңалықтар. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Бөлімі: 5.4D Әлемді өзгерткен жаңалықтар | Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ «Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектебі» | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Болашақта ашылатын жаңалықтар | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.7.1.2. ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін идеяларды ұсынады | ||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар туралы өз ойларын ұсына алады Ғылыми жаңалықтарға мысал келтіре алады және олардың маңызын болжай алады және түсіндіре алады Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгертетініне болжам жасайды. Болашақтағы ғылыми жаңалықтарға өз ойын қоса алады. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән терминология: Жаңалық, ғалым, ғылым, прогресс, техника, технология, зерттеулер Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Әлемді өзгерту үшін жаңалықтарға жатады …. … ашылуы адамзатқа … берді. Егер …… болса, онда ….. жасауға мүмкіндік бар. Кейбір жаңалықтар …… ашылады. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар бір – бірінің ойын тыңдайды, өзара сыйластықты қалыптастырады. Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу. Оқушылар белсене қозғала отырып, сымбаттылықтарын сақтауға жаттығу жасайды. Бір-бірінің іс-қимылдарын түсіне білу. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика пәнімен болашақ энергиясы, өнеркәсіптің, ғаламторды пайдалану туралы, химия пәнімен өнеркәсіп өндірісінің болашағында, биология пәнімен денсаулықты сақтаудағы салауатты өмір салтының маңызы туралы мәлімет алуда байланыстыра алады. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта оқушылар интерактивті тақта көмегімен тақырыпқа сай әртүрлі сайттар арқылы жаңа ақпаратты тез ұғып, түсіну дағдыларын дамыта алады. | ||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын оқыту қажеттігін түсіндіреді (3 сынып). Қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын оқытуға қажетті жағдайлар мен тұлғалық қабілеттерді анықтай алады (2 сынып). 3 сынып «Жаратылыстану» пәнінің бағдарламасынан оқушылар аса маңызды ғылыми жаңалықтар және олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы біледі. Өзіндік таңдаулар мен ой-толғаулардың негізінде зерттеулердің өзекті бағыттарын анықтай алады (4 сынып). | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 5 минут | (М, С) Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз: Сіз болашақ өмірді қалай елестетесіз? Қандай өзгерістер күтесіз? Өндірістің қандай салалары болашақтың дамуына әсер етеді? | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 15 минут 10 минут 7 мин | (М) Біздің күнделікті өмірімізді ғылым мен техника жаһандық және жергілікті ауқымда қалай өзгерте алатыны туралы айтып беріңіз. Ғалымдардың өмірінен мысалдар келтіріп, оқушыларды қызықтырыңыз. (М, Т, Э) Оқушыларға адамдардың іс-әрекеттерінін әртүрлі салалары көрсетілген таратпалар ұсыныңыз: машина жасау, робототехника, радиотехника. (Т) Оқушыларды 4 топқа бөлу 1 топ Болашақ энергиясы 2 топ Қалай ұзақ өмір сүруге болады? 3 топ Өнеркәсіп өндірісінің болашағы қалай өзгереді? 4 топ Болашақтың ғаламторы қандай болады? Немесе кейбір топқа өз таңдауындағы «Әлемді қалай өзгертер едіңіз?» сұрағында өз жұмысын ұсынуына мүмкіндік беруге болады. Оқушылар топтарға бірігіп, ұсынылған салалардағы болашақ өнертабыстардың моделін жасайды және оларды таныстырады. Оқушылар өздерінің түсініктерін қағазда немесе шағын тақтада көрсете алады. Қолда бар материалдарды пайдалануға болады: қораптар, қағаз, қарындаштар, ермексаз, желім, қайшылар және т.б. Топтағы жұмыс критерийі мен топ жұмысын бағалау критерийі ұсынылады:
(Ж, Т, Б) Оқушыларға ғылымдағы зерттеулердің дамуы бойынша жасаған жорамалдарын талқылауға уақыт беріңіз. Оқушыларға өздерінің қызығушылықтары туралы ой шертулерін және олар зерттеулер жүргізгілері келетін аймақты анықтауларын ұсыныңыз.
(Т) Топтың постерді қорғауы және басқа топтардың бағалауы | Ғылыми ашылымдар идеялары бойынша ресурстар: http://www.ideen2020.de/en/60/health/ Атақты ғалымдар мен қатысушылары өздерінің жұмыстары туралы және оларды ғылымда не қызықтыратыны жайлы әңгімелейтін бейнебаян: https://www.youtube.com/user/Google ScienceFair Ғылыми жобаларды жасау бойынша ресурс: https://www.youtube.com/watch?v=DS0gjUQrMhY&index=8&list=PLLvf0rO_bj8V0awTSgTmC-BYplNl_gsa_ Бұл ресурс сізге қолайлы тақырыпты ойлап табуға көмектеседі: https://www.googlesciencefair.com/springboard/ru/ Ғылыми жаңалықтардың идеялары бойынша ресурс: | |||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | (Ж) Менің топқа қосқан үлесім...... Маған қиындық туғызған жағдай....... Мен өз бойымда жетілдіру керек ...... | Рефлексия парағы | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталу | |||||||||
Барлық оқушылар: ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар туралы өз ойларын ұсына алады Көпшілік оқушылар: Ғылыми жаңалықтарға ауызша мысал келтіре алады және олардың маңызын түсіндіре алады Кейбір оқушылар: Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгертетініне болжам жасайды. Болашақтағы ғылыми жаңалықтарға өз ойын қоса алады. | - оқушыларға әр түрлі сұрақтар беру арқылы ой қозғау жүргізу; -өз бетімен іздену дағдыларын дамыту барысындағы іс- әрекеттерін бақылау; -бағалау критерий бойынша оқушылар бір-бірін бағалайды; -топпен жұмыс барысындағы іс әрекеттерін бақылау. | топтық, жұмыс кезінде бір-бірінің ойын сыйлап, құрметпен қарауға тәрбиелеу. Іс-қозғалыс кезіңде денсаулықты сақтау. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?