Әлемді өзгерткен жаңалықтар. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Бөлім 6.4D: Әлемді өзгерткен жаңалықтар

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Әлемді өзгерткен жаңалықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- 6.7.1.1. Әлемді өзгерткен жаңалықтардың мысалдарын талқылау

Сабақ мақсаттары

- әлемді өзгерткен жаңалықтарды анықтау және талқылау

- ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру

Бағалау критерийлері:

- ғылыми жаңалықтар қолданылған аймақтарды анықтайды

- қолдану аймақтарына мысал келтіреді

- әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарды талқылай алады

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- ауызша және жазбаша түрде келесі салалардағы ғылыми жаңалықтарды сипаттай алады:

Жер және ғарыш

Заттар мен материалдар

Энергия және қозғалыс

Адам және табиғат

Пәндік лексика және терминология:

Алғашқы жасанды жер серігі, композициялық материалдар, динамит, пластмасса, тефлон, электр станциясы, екпе жасау, имплантациялау, транспланттау.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Мен … ойлаймын.

Жасанды материалдарды алу ….. үшін қажет.

Алғашқы жасанды жер серігін ұшыру … болды.

Заманауи әлемде екпе жасау қажет, себебі …

Мен …. тақырыбында зерттеу жүргіздім.

Менің зерттеуімнің ақпарат көзі ретінде ... қолдандым.

Ең тиімді тәсіл …

Берілген үлгі .. көрсетеді.

(Қорытынды ретінде … / Мен келесі … қолдану мысалдарын ұсынамын)

Құндылықтарды дарыту

 

 «Мәңгілік ел» құндылықтары

 Сабақта топтық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланыстар

Ашылған жаңалықтарды зерттеу барысында физика, биология, химия пәндерімен байланыс орнатылады

Бастапқы білім

 

5 сынып «Ғылымға кіріспе» пәнінен оқушылар әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарды атай алады және мысалдар келтіре алады, ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін идеяларды ұсына алады.

 ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс – әрекеттер

 

Ресурстар

Сабақтың басы

1-6 мин

1. 5 сыныпта өткен материалдарды еске түсіру

Суреттерге қарай отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

  • Төмендегі суретте көрсетілген заттар қайда қолданылады?

 Дескрипторлар Оқушылар

- Заттардың қолданылу аймағын анықтайды

- Ашылған жаңалықтардың әлемді өзгертуі туралы ойлары тыңдалады

  • Суретте берілген жаңалықтар (өз уақытында ашылған оқиғалар) әлемді өзгертті деп есептеуге бола ма?

2.Мақсатты тұжырымдау. Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерін шығарады.

Слайд №1-3

 

 

Сабақтың ортасы

7-15 мин

16-30 мин

31-37 мин

3. Жұп-сынып форматы

«Жікте» алдыңғы тапсырмада берілген суреттердің қималарын төмендегі тақырыпшаларға жіктеуді ұсыныңыз.

• Жер және ғарыш

• Заттар мен материалдар

• Энергия және қозғалыс

• Адам және табиғат

 Дескрипторлар Оқушылар

- «Жер және ғарыш» тақырыбына сәйкес заттарды (жаңалықтарды) дұрыс жіктейді

- «Заттар мен материалдар» тақырыбына сәйкес заттарды (жаңалықтарды) дұрыс жіктейді

- «Энергия және қозғалыс» тақырыбына сәйкес заттарды (жаңалықтарды) дұрыс жіктейді

- «Адам және табиғат» тақырыбына сәйкес заттарды (жаңалықтарды) дұрыс жіктейді

Дескрипторға сай жұпаралық бағалау

4. Презентацияны, бейнебаяндарды қолдана отырып, мұғалімнің түсіндірмесі.

(С) Сыныпқа алғашқы ғарыш серігін ұшыру туралы бейнебаянды көру ұсынылады. Бейнебаянды көріп болғаннан кейін сұрақтарға жауап берулеріне мүмкіндік беріңіз:

  • Бұл оқиға әлемді өзгертті деп есептеуге бола ма?
  • Сіздер ғарышты бағындыру туралы тағы қандай оқиғаларды білесіңдер?

Оқушыларға осы оқиғаларды стикерлерге жазып, «Жер және ғарыш» атты бөлімге бекітулерін ұсыныңыз.

Бейнебаян немесе суреттер арқылы осындай жұмысты басқа бағыттар бойынша жүргізіңіз.

 Дескрипторлар

 Оқушылар

- әр бағыт бойынша жаңа терминдерді анықтайды

- әр бағыт бойынша жаңа ақпараттарды ажырата алады

Дескрипторға сай жұпаралық бағалау

5. Кестені толтыр: Жеке-жұптық жұмыс.

Берілген терминдер мен сөз тіркестерін тиісті орынға жаз.

 

телефон, адамның ғарышқа ұшуы, атом энергиясы, вакцинациялау, пенициллин, темір жол көлігі, металдардың құймасы, имплантанттар, пластмасса, трансплантанттар, инсулин, автомобиль, су көлігі, резеңке, әуе көлігі, телеграф, радио, телевидение, алғашқы ғарыш серігі, алғаш адамның ашық ғарышқа шығуы, динамит, пенопласт, Айға ұшу

Жер және ғарыш

Заттар мен материалдар

Энергия және қозғалыс

Адам және табиғат

Дескрипторға сай өзін-өзі бағалау

(дұрыс жауабы слайдта көрсетіледі)

 Дескрипторлар

 Оқушылар

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін төмендегі бөлімдерге:

• Жер және ғарыш

• Заттар мен материалдар

• Энергия және қозғалыс

• Адам және табиғат жіктейді

Бағалау: дескрипторды қолдана отырып, берілген жауаптарға кері байланыс беріледі

Суреттер қималары

Слайдтар 4-8 Алғашқы ғарышкер https://www.youtube.com/watch?v=M31VEnEEYzE

Адамның ашық ғарышқа алғаш шығуы

https://www.youtube.com/watch?v=0K4trYuPcow

Ай туралы жоба https://www.youtube.com/watch?v=LzK_uFrS5ug

«Галилео» паровоздан жоғары жылдамдықты поездарға дейін

https://www.youtube.com/watch?v=2Q05RkYKamo

Электр тоғы пин коды бейнебаяны

https://www.youtube.com/watch?v=9u-zEcA5Z0s

Егудің пин коды

https://www.youtube.com/watch?v=ERSgjffIHKU

инсулин, ол неге керек

https://www.youtube.com/watch?v=__BZWj5xId8

Қосымша №1

Сабақтың соңы:

38-40

6. Рефлексия

7. Эссе жазу «Әлемді өзгерткен жаңалықтар»

Дескриптор:

  • Өзіне ұнаған бір бағытты таңдайды
  • 200 сөзден құралады
  • Эссе құрылымы сақталады

Слайд 9

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейтіледі. Сонымен қатар, жұптағы жұмыс барысында басқа оқушыларға қолдау көрсету барысында ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілеттері дамиды

Мұғалім оқушыларды ауызша жауаптары, тапсырмаларды дескрипторға сай орындаулары бойынша кері байланыс береді.

Зерттеу жұмыс барысында қауіпсіздік шараларының орындалуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу