Әлемді өзгерткен жаңалықтар. Жаратылыстану, 6 сынып, дидактикалық материал. 2 - сабақ.


Қосымша №1

Әр түрлі тақырыптар...

Жүргізушісіз жүк көліктер

Әлемдегі көлік қатынасын жиі пайдаланушы елдер арасында АҚШ алдыңғы орында тұр. Осыны ескеріп ағылшын ғалымдары болашақта жүргізушісіз жүк көліктерін басқаратын бағдарлама ойластыру үстінде. Қазірдің өзінде үлгі дайын.

Түр арқылы іздеу Көптеген голливудтық фильмдерді қарап отырсаңыз, қылмыскерлерді бейне бақылау арқылы түсіріп, жер шары бойынша іздеу жасайды. Бұл фильмде шынайы көрінгенімен, өмірде нақты емес еді. Ақыры мұның да шыңына жеттік. Қытай ғалымдары бұл жүйені іске қосып та үлгерді.

Селфи жасаудың жаңа түрі Қазірдің өзінде қоғамда қол жетімді техникаға айналған шеңбер үлгісіндегі камералар адамдарға толыққанды селфи жасауға мүмкіндік берді.

Күннің жылуынан энергия алу Күн сәулесінен жер қабатына түсетін жылуды сақтайтын фотоэлемент секілді аппарат жасалып шықты. Ол болашақта күннен түскен жылуды сақтап, үздіксіз арзан бағада энергия таратады.

Алғашқы рентген кескіні (1895 жыл)

Вюрцбург университетінің профессоры, физик Вильгельм Кондрад Рентген 1895 жылы шыны түтікте электр тогына эксперимент жүргізді. Соның нәтижесінде икс-сәулелер ашылды, осы рентген сәулелері қазіргі уақытта медицинада кеңінен қолданылады. Вильгельм Кондрад Рентген ең алғаш әйелінің қолының кескінін жасады.

Ген терапиясы 2.0

Бұл медицина ғалымдарының арасында қызу талқыланып жатқан, болашақта адамзат баласының жаман аурулармен күресуіне мүмкіндік беретін құнды жоба. Егер ол сәтті аяқталса, адамзат тарихындағы ең керемет технологиялық жаңалықтардың бірі болады.

Сал дертін емдеу Ғалымдар соңы сал болуға апаратын дерттің емін тапты. Ұзақ жылдар бойына жүргізген зерттеуден кейін, олар миды қайта қалпына келтіруге болатынын дәлелдеді.

Сілтеме: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/bilesiz-be/45908/

Жасуша және микроскоп

Алғашқы жасуша қайдан пайда болды?

Алғашқы жасушаның қайдан пайда болғанын ешкім нақты білмейді, алайда белгілі бір сатыда өздігінен көбейетін және ақуыздарды кодтайтын генетикалық материалдың айналасында мембрананың пайда болуы әбден мүмкін. Содан кейін генетикалық материалдағы мутациялар жаңа ақуыздарды синтездеді, ал бұл өз кезегінде жасушаға жаңа қасиеттерін берді, олардың кейбіреуі пайдалы болып, табиғи сұрыпталу кезінде таңдалып алынды.

Алғашқы жасушалар қашан пайда болды?

Біздің пайымдауымызша, Жердің жасы 4,6 миллиард жыл және алғашқы қарапайым жасушалар Жер түзілгеннен кейін шамамен миллиард жыл өткен соң пайда болған.

Жасушаның ашылу тарихы. 

Жасушаның зерттелу тарихы 300 жылдан астам уақытқа созылды. Оның негізінің қалануы оптикалық құралдардың дамуымен тікелей байланысты. Атап айтқанда, алғашқы микроскопты 1609 жылы, Г. Галилей құрастырған. Ол микроскоп қарапайым болғандықтан ғылыми -зерттеу құралы ретінде қолданылмады. Кейінен,1665 жылы, ағылшын биологі, физигі әрі механигі Р.Гук өзі жасаған микроскоппен тығынның жұқа кесіндісін қарап, оның жеке ұяшықтардан тұратынын көрді. Осы ұяшықтарды Р.Гук « жасуша» (грекше – қуыс деген сөзінен шыққан) деп атаған. Р.Гук « жасуша» деген терминді алғаш қолданған, бұл термин осы уақытқа дейін қолданылып келеді. Р.Гук жасаған микроскопы арқылы тек өлі денелерді ғана көрген. XYII ғасырдың 70 -жылдары нидерландтық табиғат зерттеушісі Антони мен Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап, онымен қанның құрамындағы эритроциттерді және бір жасушалы организмдерді тұңғыш рет байқаған. Осыдан кейін жасушаның құрылысы жан-жақты зерттеле басталды.

Сілтеме: https://studopedia.su/7_35106_lektsiya.html

Microsoft компаниясының негізін қалаушысы – Билл Гейтс

Билл Гейтс 1955 жылы қазанның 28 Сиэтл, АҚШ-та дүниеге келді.

Ол муниципалды бастапқы мектепте оқып, кейін Lakeside School мектебіне ауысқан. Сол мектепте 13 жасында бағдарламалауды бастайды.

1973 жылы Гейтс Гарвард университетінің бірінші курсына түседі.

Билл Гейтс Гарвардқа келу уақытында BASIC тілін құрастырған.

Үшінші курста оқуды тастап, өзінің барлық уақытын тек Microsoft-қа жұмсайды. Оның атын MS-DOS-қа өзгертіп, IBM-нің лицензиясын сатады – бұл Microsoft-ты құрудың бірінші қадамы болған.

1986 жылы Microsoft ашық түрдегі акционерлік қоғамға айналады. Сол жылы Билл Гейтс миллиардер болады, ол 31 жаста еді.

1997 жылы Бостондағы Macworld Expo-да Macintosh-қа арналған MS Office, IE, Java туралы видео-презентация жүргізеді.

1990 жылы Windows 3.0 операциялық жүйесінің шығуы үлкен жетістікке жетті. Бүкіл әлемді жаулап алды және де IBM, Apple өнімдерінен алдыңғы орында болды.

Квантты компьютерлер Google және Intel компаниялары болашақта адам сенбейтін компьютерлердің бағдарламасын құру үстінде

Сілтеме: https://www.google.kz/search?q=билл+гейтс+и+майкрософт&tbm=isch&tbs=rimg:CaNOGkdfVhwHIjhwlmTMzdhSaO3BH7Rzud98alrxEmaQCmfkNxsWw3Pf00HIZLeNBRhlRAip-Gq7yYhG7JwBD5pfVSoSCXCWZMzN2FJoEXvOat4olnLoKhIJ7cEftHO533wRXlPcFuIvNncqEglqWvESZpAKZxH51dBmsBY5pyoSCeQ3GxbDc9_1TEaKeeayIsWu_1KhIJQchkt40FGGURNNkcmKgV5HQqEglECKn4arvJiBGz0R5HDP117yoSCUbsnAEPml9VEcYO2PPTCykS&tbo=u&sa=X&ved=2ahUKEwj8gaO39u_eAhXEkiwKHarLCtkQ9C96BAgBEBg&biw=1242&bih=596&dpr=1.1#imgdii=2-E7lIYlTvUppM:&imgrc=RAip-Gq7yYhPwM

Қосымша №2 Кестені толтыр

Ашылған жаңалықтың аталуы

Жаңалықтың бағыты

Маңызы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу