Әлемді өзгертетін жаңалықтар. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4 В

Әлемді өзгертетін жаңалықтар

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Демеугалиева Г.Т.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:10

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Әлемді өзгертетін жаңалықтар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.7.1.1 Әлемді өзгертуші жаңалықтарға мысалдар келтіру

5.7.2.1 Зерттеу сұрағы бойынша қорытындыны тұжырымдау

Сабақ мақсаттары

  • Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін
  • Жаңалықтардың әлемді қалай өзгертетінін біліп, түсінетін болады.

Бағалау критерийлері

Білу: Оқушылар ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстардың не екенін және әлемді өзгерткен жаңалықтарды біледі.

Түсінеді: Жаңа технологиялардың не екенін түсінеді.

Қолдану: әлемді өзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіре алады.

Талдау: Жаңа ғылыми ашылулар әлемді қалай өзгерткеніне талдау жасайды.

Синтез: Болашақтағы ғылыми жаңалықтарға өз ойын қоса алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән терминология:

Ғылыми жаңалықтар

ғалым

өнертабыс

Нобелъ сыйлығы

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Жаңалық – бұл....

Өнертабыс- бұл...

«Жер және ғарыш»...

«Заттар мен материалдар»....

«Энергия және қозғалыс»....

Құндылықтарды дарыту

Сабақта оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, өмірмен байланыстыра отырып ұғыну, серіктестік

Пәнаралық байланыстар

Физика, химия, биология

АКТ қолдану дағдылары

Деректерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ (ноутбуктер, веб-сайттар, электронды оқулық) қолдану.

Интернет ресурстармен, мерзімді әдебиетпен (ғылыми журналдар, газеттер) жұмыс. Осы сабақта оқушылар интерактивті тақта көмегімен тақырыпқа сай әртүрлі сайттар арқылы жаңа ақпаратты тез ұғып, түсіну дағдыларын дамыта алады.

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Сабақ басында:

- топқа бөлу. (АКТ арқылы 3 топқа бөлу)

- оқушылардың зейінін шоғырландыруға

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында тренинг өткізеді, оқушыларға сұрақтар қояды.

Қызығушылықты ояту:

-Оқушыларды ортаға шақырып «Шаттық» шеңбері тренингін өткізу.

-Миға шабуыл:

1. Жаңалықтар әлемді қалай өзгертеді?

2. «Ақылды материалдар» дегеніміз не?

3. альберт Эйнштейн бірде «Барлығы балалық шақтан ненің мүмкін, ненің мұмкін емес екенін біледі. Алайда, үнемі мұны біле бермейтін надан табылады. Жаңалықты ашушы да сол»,- дейді Қалай ойлайсыңдар, оның сөзін біздің тарауымыздың атауымен байланыстыруға болады ма?

Оқушы іс-әрекеті:

Оқушылар қойылған сұрақтарға жұпта талқылап жұмыстанады. Содан кейін мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді.

Сабақтың ортасы

10 минут

17 минут

5 минут

Тақырыбы: Әлемді өзгертетін жаңалықтар

Мақсаты:

5.7.1.1 Әлемді өзгертуші жаңалықтарға мысалдар келтіру

5.7.2.1 Зерттеу сұрағы бойынша қорытындыны тұжырымдау

Мұғалім іс-әрекеті: суреттерге сай топтық жұмыс ұйымдасытрады. Әр топқа сурет-тапсырма үлестіреді.

«Отты алу эволюциясы» тақырыбына ауызша әңгіме құрастыру.

Оқушы іс-әрекеті: Топпен жұмыстанады. Топ ішінде талқылайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды. Осы сұрақтар бойынша сұхбат ұйымдастырады.

  • Адам оттың бар екенін, және қалай пайда болғанын қайдан білді?
  • Ол адам тіршілік әрекетіне қалай әсер етті?

Оларға жаңа тақырып ұсынады. Бүгінгі сабақта олар әлемді өзгерткен жаңалықтар туралы әңгімелейді.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар кітаппен жұмыстанады. Жаңалық дегеніміз не? екендігін қарайды және талқылайды.

Мұғалім іс-әрекеті: Электромагниттік толқындардың ашылуына мысалдар келтіреді. Электромагниттік толқындардың ашылуы құралдардың пайда болуына себеп болды, яғни күнделікті қолданылатын. Сонымен мұғалім оқушыларға өнертабыс ұғымын қалыптастырады, бір-бірінен айырмашылығы қандай екендігіне талдау жасайды.

Оқушылардың Зерттеу жұмысы:

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларды топқа бөліну және қауәпсіздік ережесімен таныстырады.

1-топ: Үстелде көрсетілген заттардан 2-суретте көрсетліген аспапты құрастыр.Аспапты шұғылшаға орналастыр. Судың баяу ағынана пластикалық калақ кесетері бар тығынды орналастыр.

3-топ: Қағаздан жасалған шаршыны диагоналі бойынша ортасына жеткізбей қиып ал. Шаршының ортасына қағаздың төрт ұшын бүгіп, оны батырмамен таяқшаға бекіт. Модел дайын. Оған фенннен ауа ағынын бағытта немесе үрле.

Осыдан кейін зерттеу нәтижелері бойынша талқылау жүргізеді. Сұрақтар:

Не байқадың?

Қалай ойлайсың бұл құбылысты қайда пайдалануға болады?

Бағалау: «Ассоциация»

Мақсаты: оқушылардың алғашқы білімін бақылау.

Мұғалім іс-әрекеті: Жұптарға тірек сөздерді бөліп береді.

1.«Жер және ғарыш»

2. «Заттар мен материалдар»

3. «Адам және медицина»

4. «Энергия және қозғалыс»

Оқушы іс-әрекеті: Жұпта жұмыстанады. Тірек сөздерге қажетті сөздерді таңдап алу.

Сөздер: ғарыш кемесі, ғаламшар, меториттер, жұлдыздар, болат силикон, пластмаста, динамит, резеңке, мұнай ,протез, пенциллин, ДНҚ, трансплант, наркоз, электр тогы, электр поезды, тепловоз, батарейка, кеме

Бағалау: Жұптар бір-бірін бағалайды.

Мұғалім іс-әрекеті: Оқушыларға жасаған жұмыстары бойынша кері байланыс ұйымдастырады. Сұрақтар қояды.

  • Нобель сыйлығы туралы не білесіздер?
  • Ол кімдерге тағайындалады?

1-топқа

2л пластикалық бөтелке;үлкен пластикалық құйғы;

Пластикалыө бөтелкеден жасалған өлшемі 4*2см болатын бқлшектер-8 дана; сызғыш;маркер; қайшы; тығындар – 2 д.; ағаш іспара – 1 дана.; тігін жібі;көтеруге арналған ұсақ жеңіл заттар скотч; қағаз қыстырғыш;белгі беретін қызыл кеспе қағаздар

2-топқа: дәптер парағы; жапсырма шеге; ағаш таяқша (карандаш); қайшы ;фен,

Сабақтың соңы

3минут

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия жүргізіледі:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма: Постер қорғау: «Нобель сыйлығының иегерлері»

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу