Неліктен біз денелерді көре аламыз? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Табиғат физикасы. Жарық | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||
Күні | ||||||||
Тақырыбы | Неліктен біз денелерді көре аламыз? | |||||||
Оқу мақсаты |
| |||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: жарықтың түзу бойымен таралатынын біледі. Оқушылардың көбі: айналық және кедір-бұдырлы беттерге мысалдар келтіре алады. Оқушылардың кейбірі: тұрмыста, техникада немесе әр түрі мамандық иелері жарықтың шағылу заңын қалай қолданылатындығына мысалдар келтіреді. | |||||||
Бағалау критерийі | Айналық бет пен кедір-бұдырлы бетті дұрыс ажырата алуы; Зерттеу жұмысының сұрақтарын дұрыс қоя алуы; Шағылу құбылысының маңыздылығын зертеу жұмысының қорытындысы ретінде бағалап, қолдану аясына мысалдар келтіре алуы; | |||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||
Құндылықтар | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау | |||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 3-ші сыныпта оқыған жарық және жарықтың шағылуы. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 10 минут | Бөлімге кіріспе. 1) (а) Жарықты адамзатқа қажетті заттармен теңеу арқылы маңыздылығын анықта. (Адамның Жер бетінде өмір сүруі үшін ең қажетті заттар ауа мен су болса, дәл сол сияқты жарықтың да маңыздылығы өте зор. Себебі жарық болмаса адам айналасындағы денелерді көре алмайды.) (ә) «Жарық сәулесі» сөзіне ассоциация құр. (күн сәулесі, қол шам, май шам ... тағы басқа жарық көздерінен түсетін сәулелерді айтуы мүмкін.) (б) Жарық сәулесі қалай таралады? 2) Сыныптағы қандай денелерден өз бейнелеріңді көре аласыңдар? Неліктен бұл денелерден өз бейнелеріңді көре аласыңдар? Бұл құбылысты қалай атайды? Кіріспе тапсырма. Тақтада көл суреті ілінеді (немесе көрсетіледі). 1) Суретте не бейнеленген? 2) Неліктен көл бетін «айнадай» деп атайды деп ойлайсың? Тақтаға құмды жер суреті ілінеді (немесе көрсетіледі). 1) Суретте не бейнеленегн? 2) Неліктен құмға қарағанда біз өз бейнемізді көре алмаймыз? 3) Құм беті қандай? Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Неліктен біз денелерді көре аламыз?» Сабақ мақсаттары: Айналық бет пен кедір-бұдырлы беттерді ажырата алу; Жарықтың кедір-бұдырлы беттен қалай шағылатынын білу; Жарықтың шағылуының маңызын түсіну. ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. | Слайд 1-3 Слайд 4-6 Слайд 7-11 Слайд 12 Слайд 13 | ||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Топтарға бөл. Суреттерді мұқият қара. Денелерді қандай екі топқа бөлуге болады? Неліктен? Түсіндір. Кітап бетін қолыңмен сипап көр. Ол қандай? Оның бетінен жарық шағыла ма? Кітап бетіндегі сурет пен жазуды қалай көретініңді түсіндіріп көр. Басқа заттарды, мысалы, қобыз бен сүлгіні қалай көресің? Айналаңдағы денелерді көруің жарықтың шағылуымен қалай байланысты деп ойлайсың? Кері байланыс Өздері ажыратқан айналық пен кедір-бұдырлы бет туралы қысқаша мәлімет бере отырып, білімдерін нығайту (1-сабақ 7 бет) Зерттеу жұмысы «Жасырылған денені анықта» Зерттеу жұмысын жасау үшін оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Зерттеу тақырыбына сай етіп сұрақтар әзірлеңдер. Ол үшін «Нені анықтауым қажет?» және «Мен нені зерттеймін?» деген мәселе туралы ойланып, зерттеу сұрағын құрастыру. Мысалы:
Зерттеуге қажетті құралдард кітапта берілген сурет негізінде жинақтату. (Ол үшін алдымен үлкенірек, сыртқы беттері қатты екі кітап таңдап аламыз. Кітаптарды дәл ортасынан ашып, екі жағы өзара тікбұрыш жасатындай және екі кітап та өзара тік бұрыш жасайтындай түйістіріп, үстелдің бетіне тігінен тұрғызамыз. Сонда екі кітаптан төбесінен қарағанда «М» әрпіне ұқсайтын конструкция шығады.) Осы шыққа «М» әріпінің бір қырына келесі қырында не болып жатқандығын көре алмайтындай етіп оқушыны отырғызып, келесі қырына өшіргіш қойып. «Не жасырылған?» деген сұрақ қоямын. Жасырылған денені анықтау үшін енді «Не істеуім қажет?» деген сұрақ қоямын. Оқушылар өз идеяларын айтып, айналарды орналастырады. Әр оқушы бір-бірден кезекпе кезек жасырылған денелерді анықтап шығады. Зерттеу нәтижесіне қорытынды жасайды. Ойлан. Айналарды тұрмыста қайда қолданады? (үйде айнаға қарау үшін, машиналарда арт жақтағы қозғалысты қарау үшін, кейбірі телескоптарда, перископтарда, тіс дәрігерлері қолданады деп айтуы мүмкін) Ал «Тіс дәрігеріне айна не үшін қажет?» деген сұрақ қою арқылы оқушыларды ойландырамын. (Көзге көрінбейтін тістердегі қанқұрттар мен өзгерістерді қарау үшін) Сен білесің бе? Қандай денелер жарық шығарады? (Күн, майшам, жанып жатқан ағаш, шам, тағы басқа мысалдар келтіреді.) Ал осы «Ай жарық шығара ма?» (Бірі иә бірі жоқ деуі мүмкін) Ай неден тұрады деген сұрақ қоямын. (Олар топырақ, тас және тағы басқа заттарды айтады) «Ал олар жарық шығара ма?» (жоқ) Яғни, Ай жарық шығармайды. Айдың бетінен Күннің сәулесі шағылады. Өзіндік жұмыс. 1, 2-жұмыс парағы. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | Слайд 14 Слайд 15 үш айна, тысы қатты екі кітап, кез келген кішірек дене, мысалы, қарындаш, ұштағыш, өшіргіш және тағы басқа денелер. 17-18 слайд 19-21 слайд | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия сәті Есте сақта! Сабақ соңында менің көңіл күйім
тәрізді |
| ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі. | Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. Мадақтау, қолдау көрсету. | Қауіпсіздік ережелерін сақтау Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | |
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру