Суды қайдан таба аламыз? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері | Мектеп: Модератор: Увалиева А.К Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Күні: | ||||||||||||
Тақырыбы: | Суды қайдан таба аламыз? | |||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.3.3.1судың жанды ағзаларда және жансыз табиғатта кездесетінін түсіндіру; 3.3.3.2 судың негізгі табиғи көздерін салыстыру; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: қандай денелерде су болатынын біледі; табиғи су көздерімен танысады.
| |||||||||||
Бағалау критерийі | Қазақстандағы суқоймаларын анықтайды | |||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||
Құндылықтар | Суды қорғау | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Судың үш күйі туралы біледі | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру. Өткенді еске түсіру. 1. Кез –келген бұйым, кез-келген тіршілік иесі - ... деп аталады. А) заттар В) атомдар С) денелер D) әлем 2. Табиғаттағы денелер ... бөлінеді. А) үшке В) екіге С) төртке D) беске 3. Парта, орындық, кітап, қалам ..т.б Олар- ... денелер. А) табиғи В) жасанды С) қатты D) жанды 4. Заттың күйлерін анықта. А) жанды,жансыз,табиғи В) табиғи,жасанды,газ С) қатты,сұйық,газ D) табиғи, қатты, сұйық 5. Су тамшысы. Ол-.... А) дене В) зат С) қатты D) газ 6. Денелер .... тұрады. А) темірлерден В) ағаштардан С) заттардан D) пластмассалардан Жұмбақ жасыру Аяғы жоқ, қолы жоқ,Бiрақ тыныш тұрмайды.Сақтамасаң – қорын тек,Барша тiрлiк қурайды. ББҮ кестесінің екі бағанын толтыру.
| Жеке парақшада тест тапсырмалары Жұмбақ Кесте | ||||||||||
Сабақтың ортасы
| Барлық жерде су бар. - Судың негізгі көзі қайда болады? Суды қайда кездестіре аламыз? - Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр? - Су қандай денелерде болады? - Өсімдік бойында су бола ма? Оларға су қайдан келеді? - Адам ағзасында су бола ма? Адам денесінде қанша су бар? - Бізден басқа тағы нелерге су қажет? - Қандай ағзалар суды мекен ретінде пайдаланады? Су көздері. Топтық жұмыс. 1. Әлемде теңіздер көп пе? Олардың сулары қандай деп ойлайсың? 2. Біздің жер шарымызда су жердің қандай бөлігін алып жатыр? 3. Теңіздер мен көлдерде, мұхиттар мен өзендерде су көлемі белгілі бір жағдайға байланысты болмаса неге өзгермейді? Барлық топқа әртүрлі суқоймаларының аты (мұхит, теңіз, өзен, тоған, көл, бұлақ, хауыз, құдық, арық, жылға) жазылған парақшалар тарату. Оқушыларға үлестірмелі парақшаларды екі топқа топтастырып, бөлуді тапсыру. Кейбір білмеген сөздердің мағынасын түсіну үшін түсіндірмелі сөздіктермен жұмыс жасау. Жұмыстарының нәтижесін сыныптастарымен бөлісу. Зертте Еліміздің аумағында қандай суқоймалар бар? -ҚР-ның қандай суқоймаларын білесіңдер? Деп сұрақ қою. Топтарға ҚР-ның картасын беру. Әр топ картадан суқоймаларды топтарға бөліп кестеге жазады. Уақыт аяқталғанда өз жазбаларымен басқа топтарды таныстыру. Бір-біріне толықтырулар енгізу. Сен білесің бе? Балқаш көлі туралы ақпарат беру. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 51-52 жұмыс парағы (53 б, 54 б.) ББҮ кестесінің 3-бағанын толтыру. | Суреттер Суқоймалары атаулары Түсіндірмелі сөздік ҚР-ның картасы Кесте Балқаш көлі суреті | ||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Сабақтағы белсенділігіңді алақандағы сызықтар бойынша бағалау. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Арал теңізі туралы ақпарат жинақтау | Зерттеу тапсырмасы бойынша жұмыстарын бағалау | Топтық ережелерді сақтау | ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру