Тыныс алу құпиялары. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

3-тарау 5-сабақ

Сабақ тақырыбы: Тыныс алу құпиялары

Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін «Иә, жоқ» ойыны арқылы тексеруге болады. Оқушылар айтылған тұжырымдарға «иә» немесе «жоқ» деген жауап айтады, өз жауаптарын дәлелдейді.

Тыныс алу жүйесіне байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы пазлдарды құрастырады.

Ауаның саяхаты. Сұрақтар қойып, суреттерін ретімен ілу арқылы тыныс алу мүшелерін еске түсіреді.

Тыныс алуды бақылау.

1) 5-10 рет отырып тұру. Тыныс алу қалай өзгергенін айту.

2) 1 мин демалу. Қорытынды шығару.

Қорытынды: қозғалыс жасағанда тыныс алу жиілейді, тыныштанғанда ақырындайды.

Жұппен шар үрлеуден жарыс ұйымдастыру.

Бір рет қалыпты дем алып, одан кейін терең дем алып шарды үрлеу және оларды салыстыру. (Үлкен адамның өкпесі үлкен, сол себепті өкпеден шығатын ауа да көп болады.)

Терең тыныс шығару мен қалыпты тыныс шығару көлемін салыстырып, диаграммаға түсіру. (Ересек адамның өкпесінің сыйымдылығы 3 литрді құрайды. Ол адамның дене тұрқы мен жасына байланысты болады.)

Зертте. Терең тыныс шығарудың көлемі қандай болады? Эксперимент жасау. Қорытындысын шығару. Қорытынды:түтікше арқылы бөтелкеге кірген ауа суды итеріп шығарды. Шыққан судың деңгейін өлшеу арқылы ауаның да көлемін өлшеуге болады. Әрбір адамның дем шығару көлемі әртүрлі болады.

Өкпе күтімі. Мәтінмен жұмыс.«Жоқ сөздерді толықтыр» тапсырмасын орындау.

Демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады, оттек қанға өтеді. Ал демді шығарғанда өкпе қысылып, көмірқышқыл газды сыртқа шығарады. Өте терең дем шығарғанда да өкпеде аздаған ауа қалады. Бұл ауа газалмасуға қатыспайды. Тыныс алуға көкет көмектеседі. Тыныс алғанда көкет түседі, тыныс шығарғанда көтеріледі.

Сен білесің бе? Адам өкпесінің көлемі туралы ақпарат беріледі.

Ойлан! Тыныс алу жолына түскен бөгде заттардың әсерінен адам түшкіретінін, түшкірген кезде ауа тітіркендіргіш шаң-тозаңмен бірге сыртқа шығатыны айтылады.

Рефлексия. Егер мен сиқыршы болсам

Мен бүгін .......................істер едім, ............................. өзгертуші едім деп сабақты қорытындылау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу