Қазақ тілі және әдебиет _ 7-бөлім Тағам және сусын _Әңгіме жазамын_ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән:Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын

Мектеп: Талдықорған қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 18.04.2018 ж.

Мұғалімдердің аты-жөні: Турсынова Л.Д

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әңгіме жазамын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.5.1* тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу

1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

1.3.7.1* мұғалімнің қолдауымен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету

Сабақ мақсаттары

Суреттерді қолдана отырып, мәтін құрастыру және жазу .

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

Сурет қолдана отырып, мәтін құрастырады және жазады;

Сөздік қор

Оқушыларда толық жауап беру арқылы, сөйлемдегі сөздердің орнын дұрыс анықтай отырып сөйлеу негізінде айтылым дағдысы қалыптасады.

Құндылықтарды дарыту

Өзгенің пікірін сыйлауды , айтылған ескертулерді дұрыс қабылдай білуге үйрету.

Мектептің миссиясын, пайымдауын, жаһандық азаматтықты дамыту

Мәтіндерді құрастыру негізінде зиялы , табысты тұлға дамытуға ықпал ету.

Пәнаралық байланыс

«Ғылымға кіріспе» пәнімен байланыс жүзеге асады.

Алдын игерілген білім

Мұғалімнің қолдауымен әртүрлі жай сөйлемдер, шағын мәтін құрай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-сабақ

1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру.

2. Сабаққа кіріспе (starting). Үй жұмысын тексеру. (Нұсқаулықтың көмегімен үй тапсырмасын орында. Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықта. Ат қой. Мәтінді бөліктерге бөл. Жоспар құр.Тірек сөздерді жаз.)

Тақырыбы: Балапан мен мысық

Мәтін бойынша сұрақтар қою. - Көктемнің қай айы туды? Балалар не жасады?- Кім құстарға ұя дайындады?- Ұяда неше балапан пайда болды? Аш балапан қайтті?- Не балапанға жақындай түсті?- Қараторғайлар қайтті? Олар кімнен көмек сұрағандай болды?- Асан не істеді?

Әңгімедегі негізгі ойды айтқызу.

Мәтінге жоспар құруЖоспар:1. Ұя жасау2. Балапанға төнген қауіп3. Араша түскен Асан

Тіректі сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазу (оқушылар айтып тұрады): аш балапан, шыбық, шат - шадыман, әсем әуенге

Сабақтың ортасы

Сергіту сәті

(Ұ) Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу.

- Бүгін біз 1-сабақта:

Суретті қолдана отырып, мәтін құрастырамыз.

Оқушыларға суретке қарап, сөздер айтуды ұсыну. Оқушылар сөздерді айтып болған соң, алдын ала жолақшаларға (ас үй, балалар, көмектесті, анасы, компот, көкөністер, тәрелкеге құйды, көмекшілер) жазып дайындап қойған сөздерді кезекпен тақтағы суреттердің қасына қыстыру. Сөздердің ішінде олардың айтқан сөздері де бар екеніне назар аударып тұру. Сөздерді қыстырмас бұрын, оқи алатын оқушыларға оқуды ұсыну, оқи алмайтын оқушыларға хормен қайталауды ұсыну. Келесі кезекте оқушыларға сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыруды ұсыну. Сөйлем құрастырған балалар кезекпен ортаға шығып тұрады. 4-5 сөйлем құрылған соң, әр баланың сөйлемін алдымен өзі, содан соң сынып оқушылары хормен айтып қайталайды. Солай шағын мәтін құрылады. Қажет болса мәтін бірізді болу үшін, сөйлемдердің орнын, яғни тұрған оқушылардың орнын ауыстыру керек. Сыныптағы 2-3 оқушыға мәтінді толық айтып шығуға мүмкіндік беру. Мәтінді түсінгендерін бақылау мақсатымен сұрақтарға жауап беруді ұсыну.

(Сурет А3 форматта)

2-сабақ

(Ұ) Бірінші сабақта үйренгенді еске түсіру. Оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтап алу.

- Бүгін біз 2-сабақта:

Суретті қолдана отырып, мәтін құрастырамыз және жазамыз.

(Ұ,МК) Мәтін құрастыру.

Сурет пен тірек сөздерді қолданып, мәтін құрастырамыз, ат қоямыз. (1-слайд).

Сергіту сәті

Дифференциация

Көктем, балалар, қайық,қағаз, жасады, жылға, жіберді, жүзді, жүгірді.

Көктем, балалар, қайық, қағаз, жасады, жылғаға ағызды, тез жүзе бастады, артынан жүгірді.

Тексеру (2-слайд)

Көптен күткен көктем

Көктем келді. Балалар қағаздан қайық жасады. Олар қайықты жылғаға ағызды. Қайық тез жүзе бастады. Балалар артынан жүгірді.

Бағалау критерийі:

  • Сөйлемдер бір-бірімен байланысқан.
  • Әр сөйлемнің басында сөздер қайталанбайды.
  • Тірек сөздер қолданылған.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында сабақтың мақсатына оралып, қорытынды, кері байланыс жасау

Үй жұмысы:

Тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып жазу.

Қымыз, биенің сүті, жасалады, қышқылтым, шипалық қасиеті, денсаулыққа өте пайдалы

Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға дербес қолдау көрсету.

Оқушылардың айтылымын «көңілді смайл» беру арқылы бағалау, жеке жұмыстарын комментарий беру арқылы, жұптасып жұмыс жасау үдерісін бақылау арқылы бағалау.

Сергіту сәттерін өткізу.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

АС ҮЙ БАЛАЛАР

КӨМЕКТЕСТІ

АНАСЫ КОМПОТ КӨКӨНІСТЕР

ТӘРЕЛКЕГЕ ҚҰЙДЫ

КӨМЕКШІЛЕР

Үй жұмысы 18. 04

Тапсырма: тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып жазу.

Қымыз, биенің сүті, жасалады, қышқылтым, шипалық қасиеті, денсаулыққа өте пайдалы.

Үй жұмысы 18. 04

Тапсырма: тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып жазу.

Қымыз, биенің сүті, жасалады, қышқылтым, шипалық қасиеті, денсаулыққа өте пайдалы.

Үй жұмысы 18. 04

Тапсырма: тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып жазу.

Қымыз, биенің сүті, жасалады, қышқылтым, шипалық қасиеті, денсаулыққа өте пайдалы.

Үй жұмысы 18. 04

Тапсырма: тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып жазу.

Қымыз, биенің сүті, жасалады, қышқылтым, шипалық қасиеті, денсаулыққа өте пайдалы.

Үй жұмысы 18. 04

Тапсырма: тірек сөздердің көмегімен мәтін құрастырып жазу.

Қымыз, биенің сүті, жасалады, қышқылтым, шипалық қасиеті, денсаулыққа өте пайдалы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу