Қазақ тілі және әдебиет 1сынып 7бөлім Тағам және сусын Әңгіме оқу.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі және әдебиет 7-бөлім «Тағам және сусын» «Бір үзім нан» ертегісін оқу. 4 тоқсан | Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамиганова Р.М. | |||||||||||
Сынып: 1 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Оқу мақсаттары | Т/А4 Түрлі мазмұнда қарым-қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйренеді. О 6 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды. Ж4 Өз мәтінін жазу | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||
Кейбір оқушылар
| ||||||||||||
Алдыңғы сабақта: | Тағамдар мен сусындар, дәмхана, сүт тағамдары, ет тағамдары, нан өнімдері. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дерек көздер | ||||||||||
Кіріспе бөлім Негізгі бөлім | Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. Күндей жадырап, Айдай арайлап, Күндей таза көңілмен, Бүгінгі күнімізді бастаймыз. Жұпта бір-біріне тілектер айту. Барлық сыныппен жұмыс.«Жасырынған тағамды тап» ойыны Ойынның шарты: Балалардың бірі тақтаға шығады және кестенің бір бөлімін іштей таңдайды. Қалғандары оған мынадай сұрақтар қояды: - Ол тағамның пішіні дөңгелек пе? - Ол тағам төменгі қатарда орналасқан ба ? т.с.с. Осылайша, оқушының іштей жасырған кестедегі бөлімін сұрақтар қою арқылы табады. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жасырынған тағам - нанның суреті болуы керек. Мұғалімнің іс-әрекеті: Барлық топ оқушыларына ББҮ кестесін таратады. Нан туралы не білетіндерін жазу ұсынылады. Топтық жұмыс. ББҮ кестесін толтыру. Нан туралы не білесіңдер?деген сұрақ қойылады.
Әр топтың жауабы тыңдалады. -Дастарханға нан қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Неге олай ойлайсыңдар? Оқушылардың ойларын иыңдау. -Бүгін біз «Бір үзім нан» деген ертегімен танысамыз. -Барлық топқа ертегінің бастапқы мәтіні беріліп, соңын өздері өз ойымен аяқтаулары керек екенін айтылады. «Болжау» стратегиясын қолдану. Топпен жұмыс. Әрі қарай ертегіні оқушыларға өз беттерімен болжай отыра жалғастыруға және аяқтауға беріледі.Әр топ өз ойларын ортаға салады. Осы кезде топтық ережені есте сақтау керек. Топтың ережесі: 1.Бір-бірін мұқият тыңдау. 2.Біреудің айтқанын қайталамау 3.Тақырыптан ауытқымау. 4.Топта кезектесіп сөйлеу. 5.Сабаққа белсенді қатысу. Ертегіні топтық жұмыс бойынша аяқтау.Топтар бір-біріне ертегі бойынша сұрақтар дайындап қояды,бір-бірінің жауаптарын толықтырады. Шығармашылық жұмыс. (қосымша тапсырма) Кейіпкерге қарапайым сөздерді қолдана отырып, шағын хат жазу, оны өздері таңдап алу. 1.Байға хат жазу. 2.Кедейге хат жазу. | |||||||||||
Кері байланыс | Сабақ бойынша кері байлаыс жасау. Не қиын ? Не қызықты? Не маңызды? Оқушылар көңіл-күй суретінде жазылған әр сұраққа қарап, бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтады. | |||||||||||
Қорытынды бөлім | Мұғалімнің жетекші сұрақтары: Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды? Мәтіндегі кейіпкерлерге қандай тілек айтасыңдар? Оқушылар өз ойларын ортаға шығып айтады. | |||||||||||
Қосымша ақпарат. | ||||||||||||
Дифференциация-қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз? | Бағалау-оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Құндылықтар Денсаулық және қауіпсіздік сақтау шаралары Пәндік байланыстар | ||||||||||
Барлық оқушылар қарым-қатынас жасау үшін бір-бірімен диалог құра алады. Оқушылардың көпшілігі сыныптағы өзгелерді тыңдайды, сұрақ қояды және жауаптарын толықтырады. Кейбір оқушылар мәтіндерді тұтас дауыстап оқып, түсінгенін өз ойымен жеткізе біледі. | «Бағдаршам» арқылы бағалау. Қызыл түс-нашар жұмыс істедім. Сары түс –орташа жұмыс істедім. Жасыл түс-өте жақсы жұмыс істедім. Қалыптастырушы бағалау . | диалог арқылы ынтымақтастық сыйластық өз жұмысына жауапкер шілікпен қарау еңбексүйгіштік ғылымға кіріспе, дүниетану, АҚТ-ны пайдалану | ||||||||||
Қорытынды. Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қалай болды? Менің жұмысым жоспарлы болды ма? Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба? Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге? |
| |||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырыңыз)?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да қатар қарастырады) 1. Деңгейлік тапсырмалар арқылы 2.Сыни тұрғыдан оқушылар бір-біріне сұрақтар қою. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?