Қазақ тілі және әдебиет _ 7-бөлім Тағам және сусын _Қызықтырып әңгімелеймін_ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім: Тағам және сусын

Мектеп: Талдықорған қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 17.04.2018 ж.

Мұғалімдердің аты-жөні: Турсынова Л.Д.

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қызықтырып әңгімелеймін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1 мұғалімнің қолдауымен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау;

1.1.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

Сабақ мақсаттары

Мәтінді сөйлемнен ажырату, оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықтау; мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • Сұрақ қоя алады, мәтіннің ортасы мен соңын болжап, бір-бірінен ажырата алады;
  • Сөйлемді толықтырып, дыбыстық талдау жасайды;
  • Тәжірибе жасайды

Сөздік қор

Мәтінмен жұмыс жасай отырып әр оқушыда сөйлеуге мүмкіндігі болып, айтылым және жазылым дағдыларының дамуына жағдай жасалады.

Құндылықтарды дарыту

Оқылған мәтіндер негізінде үлкенге қамқорлық жасау, құрмет қөрсету сияқты ұлттық құндылықтарды дарыту. Өзара көмек көрсете білу, бірлесіп жұмыс жасай білу дағдылары дамыту.

Мектептің миссиясын, пайымдауын, жаһандық азаматтықты дамыту.

Мәтінді оқу мен талдау негізінде зиялы , табысты тұлға дамытуға ықпал ету. Жауапкершілікке, сыйласымдылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

«Дүниетану», музыка, ғылымға кіріспе пәндерімен байланысады.

Алдын игерілген білім

Мәтін туралы түсініктерін молайту, әңгімелеуге дағдыландыру.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) «Иә», «Жоқ» ойынын ойнау. Интерактивті тақтаға түлкінің суретін шығарып, бір оқушыны ортаға шақыру. Суретте не екенін білмейтін оқушы сыныптастарына сұрақтар қояды.

Сыныптастары «Иә», «Жоқ» деп жауап береді. Түлкінің суреті екенін анықтағаннан кейін, мұғалім оқушыға:

Түлкі немен қоректенеді? (балықпен)

Түсі қандай болады? (сарғыш)

Терісі қандай? (жұмсақ, қалың, түкті)

Қандай ертегілерде кездеседі? (бауырсақ)

Сабақтың ортасы

Олай болса балалар, бүгін мен сіздерге түлкі туралы тағы бір ертегі алып келдім. Бірақ маған сіздердің көмектеріңіз керек болып тұр. (Т)Бұл ертегінің басы болғанмен ортасы мен соңы болмай тұр. Қазір сіздер топ болып осы ертегінің ортасы мен соңын болжап көріңіздерші.

Баяғыда түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырмақшы болады.

– Досым тырна, маған қонаққа кел, – деді.Тырна түлкіге қонаққа келді. Түлкі ботқа пісіріпті…. (оқушыларға болжату, әр топ өз болжамдарын оқып болғаннан кейін мұғалім түпнұсқаны оқиды, әр топ өз болжамдарын түпнұсқамен салыстырады.)

Ботқаны тәрелкеге салып, тырнаға берді. Тырна ұзын тұмсығымен тәрелкені тырс-тырс еткізді, бiрақ ештеңе жей алмады. Ал түлкi рахаттанып, ботқаны өзi жеп қойды. Сосын:

– Ренжіме, тырна, менде басқа ештеңе жоқ, – деді.

– Рахмет, түлкі, ертең маған қонаққа кел, – деді тырна.

Ертеңіне түлкі тырнаға қонаққа келді. Тырна көже пісіріпті. Көжені құмыраға құйып, түлкіге берді. Бірақ түлкінің тұмсығы құмыраға сыймады, түлкі ештеңе жей алмады. Ал тырна рахаттанып, өзі көжені ішті.

– Түлкі, досым, менде басқа ештеңе жоқ, – деді.

Ештеңе айтпай, түлкі кетіп қалды. Содан бастап түлкі мен тырна дос емес екен.

-Ертегі не туралы? (түлкі мен тырна)

-Түлкі мен тырнаның достығы неден бұзылды?

-Түлкі дұрыс жасады ма? Ол қонақтың алдындағы жауапкершілікті сезінді ме?

-Қонақ шақырғанда біз не істеуіміз керек? (жауапкершілікпен қарауымыз керек, қонағымызды сыйлап, құрмет көрсетуіміз керек)

Дифференсация

(Ж)

1. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

… тәрелкеге салып, тырнаға берді.

2. «Тырна» сөзіне дыбыстық талдау жасаңыз.

Сергіту сәті

Қара жорға биін билеу.

https://www.youtube.com/watch?v=tLmhYawWYOQ

Сабақтың соңы

(ЖЖ) Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар жұбымен алдындағы тұрған заттарды (жартылай су құйылған 0,5 пластмас құмыра, ұсақ тастар, қағаз, қасық, қарындаш) пайдалану арқылы түлкінің тамақ ішуіне көмектеседі.

Рефлексия. Берілген дайын 3 түсті дөңгелектерді бағдаршамға жабыстыру арқылы сабаққа кері байланыс беру.

Жасыл – сабақ өте жақсы өтті

Сары – сабақ орташа өтті

Қызыл – сабақ ұнамады

Дифференциация – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға дербес қолдау көрсету.

Оқушылардың жауаптарын «көңілді смайл» беру арқылы, комментарий беру арқылы, жұптасып жұмыс жасау үдерісін бақылау арқылы бағалау.

Сергіту сәттерін өткізу.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Топ болып ертегінің ортасы мен соңын болжаңыздар.

 

 Баяғыда түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырмақшы болады.

– Досым тырна, маған қонаққа кел, – деді. Тырна түлкіге қонаққа келді. Түлкі ботқа пісіріпті….

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу