Қазақ тілі және әдебиеті _1 сынып_ 6-бөлім_Cалт дәстүр мен ауыз әдебиеті_Нұсқаулық құрастыру_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Күні: 21.02.17

Сынып: 1В

Мектеп: НЗМ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сагинова Г.Т.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын ережесін құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазады

Сабақ мақсаттары

Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады.

Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады.

Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.

Бағалау критерийлері

Нұсқаулық жанрында қарапайым сөйлемдер/ шағын мәтін құрап жазады.

Тілдік мақсаттар

Ойын ережесіне қатысты сөздер

Құндылықтарды дарыту

Достық қарым-қатынас

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе, математика

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Ұлттық ойын атауларын біледі, ережелерімен таныс. Іс жүзінде ойнап көрсете алады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын!

Бүгінгі күн , міне

Сәттілікке толсын!

Өткенді пысықтау

-Балалар өткен тақырыпты есімізге түсірейік.

-Қандай ойын түрлерін білесіңдер?

-Ойындардың пайдасы бар ма?

Интерактивті тақта

Сабақ ортасы

20 минут

10 мин

5 мин

5-7 мин

8 -10 мин

15-20 мин

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Бүгін сабақта ойындарға нұсқаулық жазып үйренеміз

Нұсқаулықты жазу ережесімен таныстыру

(ТЖ) Нұсқаулық құрастыру

Мақсаты: оқығанды түсіну және ойын ережесіне нұсқаулық құрастыру.

- мәтінді оқы және түсін;

- ережені талқыла;

- ойын ережесі бойынша нұсқаулық құрастырып жаз

-нұсқаулықты оқып таныстыр

1) Күш сынаспақ

 Бұл ойын үстел үстінде екі баланың білек сынасуымен  орындалады.2 бала шынтақтарын үстелге тіреп, қол айқастырады.Кім білекті үстелге жықса,  сол бала жеңіске жетеді.

Тауық күрес.

 Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір ойыншы кезекпен шығып отырады. Екі бала жалғыз аяғымен ақсаңдай  жүріп, иықтарын қағып күреседі. Қайсысы сүрініп жығылса,сол ұтылады.

Арқан тарту.

 Бұл ойын екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа  бөлінген балалар тартысады.

Арқанды тартып алған топ жеңеді.

Соқыр теке.

Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзін байлайды.

Балалар:

Бота,бұзау,қозы,лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Соқыртеке балаларды ұстап алуы керек .Соқыртеке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыртеке» рөлін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

Тасымақ.

Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Суды қарсы жақта тұрған бос кесеге ойыншылар қасықтап тасиды. Суды төкпей-шашпай, тез тасуы керек. Суы көп жиналған және бірінші болған топ жеңіске жетеді.

(ҚБ) Оқушылардың жазған нұсқауларын сынып ішінде дауыстап оқуына мүмкіндік беру. Олардың дұрыстығына назар аудару.. Жазылған нұсқаулардың басқалар қолдана алатындай етіп жазылғандығын қадағалау.

Оқушыларды:

  • Нұсқау жазудың ерекшеліктерін еске түсіру. Мысалы: не қажет? Бұйрық райды қолдануын;
  • Нұсқаулықты қолданудың ыңғайлылығын.

Тыңдаушыларға пайдалы, қызықты сөйлемдермен жазылғандығын бағалау.

Оқушыларға нұсқауды жазбас бұрын сөйлемді толығымен дауыстап оқуды, жазып болған соң тағы бір рет оқуды тапсыру

Нұсқаулықты дәптерге жазу

2-сабақ:

(Т)«Сөз маржан» ойыны

АЛТЫБАҚАН сөзінен кім көп сөз құрастырады.

Алты, бақан, бақа, ал, тал, бақ, ат, ақ, Ақан,ық, нақ, қан,Абақан,алақан,т.б.

(Ұ, Ө)«Тапқыр-Жылдам» ойынын ойнау

Ойынның шарты:

Алина, «А» деген әріпті таңдайды: (7 мин)

- Атың кім?

- Алина.

- Фамилияң кім?

- Абенова

- Қайдан келдің?

- Астанадан

- Немен келдің?

- Автобуспен.

- Онда не өседі?

- Алма,алмұрт.

- Сені кім қарсы алды?

- Айжан

Ойынды осылай жалғастыру

(Т)Нұсқаулықпен жұмыс

Топтарға ойынның нұсқаулығы жазылған парақтар таратылады. Оқушылар топта отырып, нұсқаулықты оқиды, мазмұнын талқылайды, түсіндіреді. Нұсқаулықтың мазмұнына сәйкес сурет салады

(ҚБ) Салған суреттерінің ойын мазмұнына сәйкестігі бағаланады.

Үлестірмелі қағазға жазу.

Слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Мақсатқа қайта оралу.

-Сабақтан не үйрендің?

-Не білдің?

-Не қызықты болды?

-Не қиын болды?

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ойын ережесін өз сөздерімен түсіндіріп айта алады және көрсетеді

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Қимыл қозғалыс ойындары

арқылы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу