Қазақ тілі және әдебиеті _1 сынып_ 6-бөлім_Cалт дәстүр мен ауыз әдебиеті_Нұсқаулық құрастыру_ДИДАКТИКА


Күш сынаспақ

Бұл ойын үстел үстінде екі баланың білек сынасуымен  орындалады.2 бала шынтақтарын үстелге тіреп, қол айқастырады.Кім білекті үстелге жықса,  сол бала жеңіске жетеді.

Тауық күрес.

 Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан бір ойыншы кезекпен шығып отырады. Екі бала жалғыз аяғымен ақсаңдай  жүріп, иықтарын қағып күреседі. Қайсысы сүрініп жығылса,сол ұтылады.

Арқан тарту.

 Бұл ойын екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады.Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа  бөлінген балалар тартысады.

Арқанды тартып алған топ жеңеді.

Соқыр теке.

Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзін байлайды.

Балалар:

Бота,бұзау,қозы,лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Соқыртеке балаларды ұстап алуы керек .Соқыртеке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыртеке» рөлін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

Тасымақ.

Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Суды қарсы жақта тұрған бос кесеге ойыншылар қасықтап тасиды. Суды төкпей-шашпай, тез тасуы керек. Суы көп жиналған және бірінші болған топ жеңіске жетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу