Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 2-бөлім Менің мектебімЖол жүру маршрутын жазу «Б,б» дыбысы мен әрпі САБАҚ ЖОСПАРЫ


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 6.10.2015ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Жол жүру маршрутын жазу «Б,б» дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж 3.1 Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу Ж 3.2 Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен мәтін құрап жазу

Ж 3.9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында жазу

Ж 3.13 Орфографиялық нормаларды сақтау

 Сабақтың мақсаттары

Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады

Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады

Сөздерді, сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып, ұқыпты жазады/тереді.

Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады

 Жетістік критерийлері

Әріптерді таниды және дыбыстай алады; дыбыстық біліміне сүйене отырып, сөздерді сауатты жазады; таныс дыбыстарды қолдана отырып, әріп/буын/сөздерді сауатты жаза алады. Берілген сөз/сөз тіркесі немесе сөйлемдерді сурет/белгілермен толықтыра алады. Сөздерді мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай таңдай отырып, қарапайым сөйлемдер жаза алады.

 Сөздік қор

 

Оң жақ, сол жақ, алға, артқа, солға, оңға, алға, артқа, бұрылу, жүру, кең, дәліз, бөлме, сөмке, есік, парта.

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Математика. Оқушылар жаттығу жасау, сөздерді ойлау барысында «оң жақ, сол жақ, алға, артқа, солға, оңға, алға, артқа,»

Алдыңғы меңгерілген білім

Сабақ оқушылардың игерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылар жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айта алады. Дыбыстар мен әріптерді байланыстыру үшін алдыңғы сабақтағы дыбыстық білімдерді пайдаланады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Оқушылар бағытты еске түсіру үшін шеңберде жаттығуды орындауды ұсыну.

  • Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

  • Оңға, солға бұрылдық,

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.

2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу

Сабақтың ортасы

(Ұ,МК) Бб әрпі мен дыбысын таныту. Жұмбақтарды шешуді ұсыну.1) Өзі біреу, көзі үшеу. (Бағдаршам)2) Қанаты жоқ ұшпайды.Су астында қыстайды. (Балық)3) Жазу жазып жалықпаған,Жаза-жаза арықтаған. (Бор)- Осы жұмбақтың шешулеріне назар аударайық- Балық, бағдаршам, бор.- Осы сөздерде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?- «Б» дыбысы.Артикуляциясы: «Б» - еріннің бір-біріне нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын ұяң дауыссыз.

Мысалы: бор, басқа, барабан.«Б» дыбысы тек қана сөздің басында, ортасында кездеседі.

(Ж) Ойын «Сөз ойла, тез ойла»

Сергіту сәті.(МК,Ө) «Б» дыбысынан басталатын суреттерді іріктеп алу.Сөздердің мағынасын түсіндіру.Баба – үлкен кісі, ата – бабаларымыз.Бата – ас қайыру, үлкен тойларда айтылады.

Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазуды ұсыну. А, т, п, н, ғ, р, л,у, ш, й, о, қ, д, м, ға, ро, шу, ай, мал, бор, бала, нан, таға.

Қабілеті жоғары оқушыларға күрделірек тапсырма ұсыну. Бірнеше сурет беріп, суреттегі затты сөзбен жазуды сұрау (банан, моншақ, мақта, доп, орақ, айна, шар)

(Ұ, МК, ЖЖ) «Бірлесіп жазу» әдісін пайдаланып жұмыс ұйымдастыру:

1.Оқушыларға сызбаға қарап, сөздер ойлауды ұсыну (Оң жақ, сол жақ, алға, артқа, солға, оңға, алға, артқа, бұрылу, жүру, кең, дәліз, бөлме, сөмке, есік, парта, ).

2. Әрбір сөздегі дыбысты анықтап, оларды жазба әріппен белгілету. Оқушылар дыбыстар мен әріптерді байланыстыру үшін алдыңғы сабақтағы дыбыстық білімдерді пайдаланады.

3. Сөздерді, сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыру.

4. Осы сөздерді пайдаланып сөз бен сөз тіркестерін дауыстап айта отырып, оқушыларға сөз тіркесі/сөйлемді дұрыс құру үлгісін көрсету. Өз жол маршрутымнаның басынан бастау. Алдыңғы сабақта қолданған сөздер мен сөз тіркестерін пайдалану. Сөйлемнің түсінікті болуына назар аударту. Тақтаға сөз тіркесі/сөйлемді жазу.

Көзге арналған жаттығу жасауды ұсыну.

5. «Хатшы» рөлінде : оқушылардың келесі сөйлем туралы ойларын тыңдау, мағыналы сөйлем немесе сөз тіркестерін дұрыс құру дағдыларын бекіту. Оқушылар көмегімен сөз тіркесі/ сөйлем құрып, тақтаға жазу.

6. Қолдау көрсету арқылы жазу: оқушылардан келесі сөйлем не туралы болатынын ойланып, өз бетімен немесе жұпта ламинатталған тақтайшаға маркермен сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем жазуын сұрау.

7.Жазған сөз тіркесі/сөйлемдерін жоғары көтеріп, көрсетуді сұрау. Осылай құнды бағалау ақпаратын жинақтау. Оқушылардың өз бетімен жазылым тапсырмасын орындауға қаншалықты дайын екендігін тексеру.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушыларға бірнеше жеке суреттерді көрсетіп, тек «м» әрпі барларды атауды ұсыну (қалам, мақта, қой, қарға, орақ, шар, мата).

- Қандай әріппен таныстық?

- Ол қандай дыбыс ?

«Суретті ребус» ойынын ойнату арқылы Б дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанын айту және буынға бөліп, дыбыстық талдау жасату.Суретті ребус1) Бақа 2) Балға 3) Балта 4) Балапан

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әріп, буын, сөздерді жазуға , оқуға қиналатын оқушыларға дербес қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларға бірнеше сурет беріп, суреттегі затты сөзбен жазуды сұрау.

Оқушылардың сөз ойлап тапқандарын, сөйлем құрағандарын, мәтінді ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтып, жазғандарын бақылау арқылы бағалау. Өздігінен немесе жұпта ламинатталған тақтайшаға маркермен сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем жазуын сұрау.

Көзге арналған жаттығу, сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу