Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады? Құқық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.


 Неке ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы.

 Неке шарты – нотариуспен расталған, некеге тұратындардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.

 Соттан басқа, өзара келісім білдірген және т.б. жағдайларда жүргізілуі мүмкін:

  • Кәмелетке толмаған, балалары жоқ жұбайлардың некесі;
  • Заңда белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамдармен неке;
  • Әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдармен неке;
  • Қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдармен неке.

Некені қию үшін некеге отыратын адамдардың өзара келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы Қазақстан Республикасының заңы бойынша 18 жас болып белгіленді.

Некені сот тәртібімен бұзу ерлі-зайыптылар некені бұзу туралы арыз бергеннен күннен бастап кемінде бір ай өткен соң жүргізіледі.

Төмендегі істер жайында сот шешім қабылдайды:

  • Ажырасқалы отырған ата-аналардың қайсысында қай баланы қалдыруды анықтайды. Сондай-ақ баланы асыру үшін ата-анасының қайсысынан және қандай мөлшерде алимент өндіріп алуды белгілейді.
  • Жұбайынан күнелтуге қаржы алуға құқы бар екіншісінің өтініші бойынша өндіріп алуға тиісті қаржы мөлшерін белгілейді.

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі

13-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) тәртібі

  1. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады. Некеге тұруға тілек білдірген адамдардың біреуі тіркеуші органға келе алмайтын ерекше жағдайларда (ауыр науқастануы, қамауда немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені қиюды мемлекеттік тіркеу үйде, медициналық немесе өзге ұйымда тиісті ұйымның әкімшілігімен міндетті түрде келісе отырып, некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

 2. Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі.

14-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату

  Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болады.

15-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы, соттың оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан некенің (ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы

1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды  деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады. 2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган некені қалпына келтіруі мүмкін.

19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу

  • Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.
  • Мынадай:

     1) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған;     2) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

  • Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң неке сот тәртібімен бұзылады.

17-бап. Тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу

 1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісімі кезінде және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде тіркеуші органдарда неке бұзылатын болады.

2. Егер зайыптылардың біреуін      1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; 2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; 3) сот әрекет қабілеті шектеулі деп таныса; 4) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға соттаса, неке ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.      3. Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркеуші орган жүргізеді.

21-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) өзге де негіздер бойынша сот тәртібімен бұзу

  1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі болған кезде, ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін.

  2. Егер кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың біреуі бір-біріне мүліктік талаптар болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өтініш берсе, ал екіншісі өзінің қарсылықтарының болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін.

25-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану

  1. Мынадай жағдайларда:      1) жалған неке қиылған кезде; 2) мәжбүрлеп неке қиылған кезде; 3) егер некеге отырған адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса, сот некені жарамсыз деп таниды.      2. Сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде соттың осы шешімінің үзінді көшірмесін неке қиюдың мемлекеттік тіркелген жері бойынша тіркеуші органға жіберуге міндетті.

Библиография:

  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.
  • C.Баққұлов. Құқық негіздері. Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004.-248 б.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу