Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады? Құқық негіздері, 9 сынып, презентация.


Тарау:

9.2 D Некені қию және

тоқтату жолдары

Сабақ тақырыбы:

Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады?

Осы сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

9.5.2.1 ¬ некені қию және тоқтатылу шарттарын анықтау

Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:

Неке мына жағдайларда қиылады.... ()

Неке мына жағдайларда тоқтылады: (...)

Неке мына жағдайларда сот тәртібімен бұзылады: (...)

Неке мына жағдайларда жарамсыз деп табылады: (...) себебі (...)

Неке мынадай жағдайларда тіркеледі ...

Бағалау критерийлері

Бейнебаян бойынша сұрақтарға жауап береді;

Берілген ұғымдарға анықтама береді: некенің бұзылуы, некенің тоқтатылуы, некенің жарамсыздығы;

Ерлі-зайыптылардың ажырасу себептерін талдайды, кемінде үш себеп келтіреді және салдарын анықтайды;

Берілген тақырып шеңберінде таңдалым бойынша жағдаят құрастырады.

https://www.youtube.com/watch?v=61ELOQQbHdk

Берілген бейнебаянның негізгі мазмұны қандай?

Қандай қорытындыға келдіңіз?

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі

13-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) тәртібі

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тікелей қатысуымен тіркеуші органдарда не арнайы мемлекеттік неке сарайларында қиылады.

.

2. Айрықша мән-жайлар (жүктілік, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да айрықша мән-жайлар) болған кезде некені қиюды мемлекеттік тіркеу некеге отырушылардың қалауы бойынша өтініш берілген күні жүргізіледі.

14-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату

Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болады.

15-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы, соттың оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан некенің(ерлі-зайыптылықтың) тоқтатылуы

1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады.

2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган некені қалпына келтіруі мүмкін.

19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу

1. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

2. Мынадай:

1) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған;

2) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады.

3. Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң неке сот тәртібімен бұзылады.

     

1-тапсырма

Төменде берілген ұғымдарға Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі бойынша түсініктемені жазыңыз:

«Некенің бұзылуы»____________________________

_______________________________________________

«некенің тоқтатылуы»__________________________

_______________________________________________

«некенің жарамсыздығы»_______________________

_______________________________________________

2-тапсырма

Ақпаратты қолдана отырып, берілген кестені толтырыңыз:

3-тапсырма. Оқушылар топқа бөлініп, берілген тақырып шеңберінде біреуін таңдап, жағдаят құрастырыңыз:

Некенің қиылуы

Некенің жарамсыздығы

Сот шешімімен өлді деп жариялау немесе хабар ошарсыз кетті деп тану

Некені сот арқылы бұзу

1-топ: Некенің қиылуы

2-топ: Некенің жарамсыздығы

3-топ: Некені сот арқылы бұзу

4-топ: Ерлі-зайыптылардың біреуі сот шешімімен өлді деп жариялау немесе хабар ошарсыз кетті деп санау.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1) Ибраева А. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. / А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 200б.

2) С.Баққұлов. Құқық негіздері/Оқулық, 2-ші басылым, Алматы, 2004.-248 бет.

3) Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу