_Мемлекет және құқық._Азаматтық - құқықтық міндеттемелер қандай жауапкершіліктерді туындатады? Құқық негіздері, 9 сынып, презентация.


Азаматтық-құқықтық міндеттемелер қандай жауапкершіліктер туындатады?

Сабақтың мақсаты

9.3.3.1 ­ азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдап, жауапкершіліктерін анықтау

Бағалау критерийлері

Міндеттеме, борышкер, шарт, азаматтық-құқықтық жауапкершілік ұғымдарының анықтамаларын түсіндіреді.

Жағдаятта берілген азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдау арқылы әр тараптың жауапкершілігін анықтайды.

1-тапсырма. Төмендегі ұғымдардың анықтамаларын жазыңыз:

Міндеттеме, борышкер, шарт, азаматтық құқықтағы жауапкершілік

2-тапсырма. Төменде міндеттемелердің орындалуына қатысты әр түрлі жағдаяттар ұсынылған. Өз тобыңызға берілген жағдаятты қарастырып, сұрағына жауап беріңіздер:

1-жағдаят

6 қаңтар күні Мақсат жиһаз сататын дүкенге барып жиһаз сатып алған. Яғни жиһаздың құнын сатушыға төлеген. Жиһаз сатушы Мақсатқа оны 2016 жылдың 10 қаңтарына дейін беруі тиіс болған. Бірақ жиһаз қоймада болғандықтан, сатушының көлігі болмай, кешіктіріп жеткізген.

Борышкер өз міндеттемелерін уақытында орындады ма?

2-жағдаят

Арман жиһаз сататын дүкенге келіп, жиһаз сатып алған. Арман жиһаздың құнын сатушыға кешке жақын төлеген. Жиһаз қоймада болғандықтан, сатушы қолайлы мерзім ішінде жиһазды жеткізіп беруге міндеттенген.

Борышкердің міндеттемелері нақты көрсетілген бе? Борышкер өз міндеттемелерін қашан орындауы тиіс?

3-жағдаят

Асхат Мәдиге 10000 теңге қарыз берген. Оны қашан қайтару керектігін айтпаған. Асхат бірнеше күн өткен соң қарызын қайтаруды талап еткен. Ал Мәди болса ол уақытта жалақы алмағандығын айтады.

Мәдидің міндеттемелерін орындау мерзімі көрсетілген бе?

Мәди қарызын қашан қайтаруы тиіс?

3-тапсырма. Өз жұбыңызбен міндеттемелердің түрлерін жеке қарастырып, үлестік, ортақ және ақшалай міндеттемелердің

біреуіне мысал келтіріңіз.

4-тапсырма. Төменде берілген жағдаятпен танысып, қалай шешуге болатынын болжаңыз:

Дауласушыларға қандай төрелік айтар едіңдер?

15 жасар Қайрат өз үйінің жанында жаттығып жатқан. Ол өзі оқыған колледжде футбол командасының мүшесі еді. Ебедейсіз қимылдаған Қайрат допты алысқа теуіп жіберді. Доп қарсы беттегі дүкеннің терезесін сындырады. Күзетшілер жүгіріп шығып, олардың бірі Қайратты қатты ұрып жібереді. Соққы Қайраттың жанына батты. Оны директорға алып келіп, ата-анасын шақыртты. Оларға шығынның орнын толтыру керектігін айтқан. Оның ата-анасы үйге барып, Қайраттан мән-жайды сұрап білгеннен кейін ойланамыз, көреміз деген. Кейін олар зиянның орнын толтырудан бас тартып, Қайратты емдетуге кеткен шығынның орнын толтыруды талап еткен, өйткені күзетшінің соққысынан оның миы шайқалған. Дүкен дирекциясы сотқа арыз берген. Ол арызда дирекция Қайраттың ата-анасынан терезе құнының орнын толтыруды талап еткен. Ата-анасы Қайраттың естияр және істеген ісін түсінетінін айтқан. Келтірілген зиянды баланың өзі жұмыс істеген кезде төлейді, ал дүкен дирекциясы Қайраттың денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге тиіс, өйткені ол зиянды дүкен күзетшілері келтірді деген.

Өзіңді бағала

Азаматтық құқық мазмұны:

бұл - біріншіден, осы құқық қатынастары субъектісінің субъективтік құқығы мен міндеттері және екіншіден, субъектінің өз субъективтік құқығы мен міндеттерін іске асырудағы іс-қимылы. Мысалы, жасалған шарттың негізінде сатушы сатып-алушыға мүлікті береді, ал сатып-алушы келісім бойынша ақысын төлейді.

Мәмілелер

азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері

Сенімхат

бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін басқа адамға (сенім алушыға) беретін жазбаша өкілдігі. Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты келісім, ол тікелей сол сенімхатты беруге белгіленген құқықтар мен міндеттерді тудырады.

Міндеттемелік құқық

Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқгы әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады.

Шарт

“Екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату туралы келісімі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды