Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады. Құқұық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

 3-тарау. НЕКЕ ҚИЮДЫҢ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ БОЛУДЫҢ) ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

 9-бап. Неке қиюдың (ерлі-зайыпты болудың) шарттары

 1. Неке қию үшін некеге отыратын еркек пен әйелдің ерікті әрі толық келісімі және олардың неке жасына толуы қажет.

 10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы

 1. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

 2. Мынадай дәлелді себептер болған:

 1) жүкті болған;

 2) ортақ бала туған кезде неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.

 3. Некеге отыруға тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін.

 4. Неке жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың келісімімен жол беріледі.

 5. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке жасына толған адам мен неке жасына толмаған адам арасындағы некеге неке жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі.

 11-бап. Араларында неке қиылуына жол берілмейтін адамдар

 Некелесуге:

 1) бір жынысты адамдардың;

 2) олардың біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұратын адамдардың;

 3) жақын туыстардың;

 4) бала асырап алушылар мен асырап алынған балалардың, асырап алушылардың балалары мен асырап алынған балалардың;

 5) соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.

1-қосымша

 4-тарау. НЕКЕНІ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) ТОҚТАТУ

 14-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату

 Некені тоқтату өздеріне байланысты емес мән-жайлар салдарынан (қайтыс болу, олардың біреуін қайтыс болған деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тану) не осы Кодексте белгіленген тәртіппен некені бұзу жолымен ерлі-зайыптылардың екеуінің де не біреуінің өз еркі бойынша іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында заңдық қатынастардың тоқтатылуы болып табылады.

 Ерлі-зайыптылар арасында некенің тоқтатылуы ата-аналар мен осы некеде туған немесе асырап алынған балалар арасындағы құқықтық қатынастарды үзбейді және тоқтатпайды.

 15-бап. Ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы, соттың оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан некенің тоқтатылуы

 1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылады.

 2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиісті сот шешімдері күшін жойған жағдайда ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші орган некені қалпына келтіруі мүмкін.

 3. Неке қию кезінде тараптарға (немесе тараптардың біріне) хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған жұбайы тірі екені белгілі болған жағдайларды қоспағанда, егер басқа зайыбы жаңадан некеге отырса, некенің қалпына келтірілуі мүмкін емес.

 16-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу

 1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша оны бұзу жолымен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған жұбайының қорғаншысының өтініші бойынша тоқтатылуы мүмкін.

 2. Некені зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

 5-тарау. НЕКЕНІҢ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫҢ) ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ

 25-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану

 1. Осы Кодекстің 9-11-баптарында белгіленген шарттар бұзылған кезде, сондай-ақ мынадай жағдайларда:

 1) жалған неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;

 2) мәжбүрлеп неке (ерлі-зайыптылық) қиылған кезде;

 3) егер некеге отырған адамдардың біреуі екіншісінен құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіретін ауруы бар екенін жасырса, сот некені жарамсыз деп таниды.

 27-бап. Некенің (ерлі-зайыптылықтың) жарамсыздығын жоятын мән-жайлар

 1. Егер некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезіне неке қиюға кедергі келтірген мән-жайлар жойылса, сот осы кезден бастап некені жарамды деп тануға құқылы.

 2. Сот неке жасына толмаған адаммен қиылған некені, егер мұны кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ некені жарамсыз деп тануға оның келісімі болмаған кезде жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тартуы мүмкін.

 3. Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды.

 4. Ерлі-зайыптылардың арасында жақын туыстық болған не некені мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған жағдайларды қоспағанда, неке ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп таныла алмайды.

 28-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп танудың салдары

 Адал ниетті жұбай Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес екінші жұбайдан өзіне келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуді талап етуге құқылы.

 5. Адал ниетті жұбай некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану кезінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезіндегі өзі таңдаған тегін сақтауға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

 

 6-тарау. ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 30-бап. Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі

 1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады.

 2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.

 3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.

 4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.

 31-бап. Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы

 1. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi.

 Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.

 2. Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде өзгертуiне әкеп соқпайды.

 3. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi тектерін қалпына келтiруге құқылы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді