9.1E Неке және отбасы құқығы түсінігі. Заңнамада отбасы қалай қорғалған? ҚМЖ. Құқық негіздері, 9 сынып. Сабақ жоспары.
Адам. Қоғам. Құқық., 9 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар 9.1E. 3
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.1E Неке және отбасы құқығы түсінігі | ||||||
Сабақ тақырыбы | Заңнамада отбасы қалай қорғалған? | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.5.1.1 неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру | |||||
Сабақ мақсаты | Неке мен отбасының қоғамдағы маңызды ролін түсінеді | |||||
Бағалау критерийлері | Әрбір тапсырманың , бағалау критерийлеріне сәйкес білу, түсіну, білімін қолдану, жинақтау, бағалау дағдылары бағаланады.
| |||||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік біліктілікті дамыту: Бейнебаянды көріп, отбасы ұғымы аясында талқылау жүргізеді, пікірін айтады (тыңдалым және айтылым дағдылары). Тақырып аясында зерттеу жүргізеді, отбасы моделін жасайды (оқылым, айтылым дағдылары) «Мерейлі отбасы қандай болуы керек?» атты шағын ой толғау жазады (жазылым дағдысы) Оқушылар отбасы мен некенің маңызды ролі туралы өз пікірлерін айта алады. | |||||
Пәнге тән лексика мен терминология: | Отбасы, неке, отбасы мүшелері, ерлі-зайыптылар, отбасы құқығы, толық отбасы, толық емес отбасы | |||||
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: | Отбасы дегеніміз... Неке дегеніміз... Некеге отырудың негізгі шарттары... Отбасының қоғамдағы маңызы... Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарда ғана қиылған неке заңды деп есептеледі, себебі... | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Сабақ мазмұны оқушылардың бойында отбасы мүшелерінің бір-бірлеріне құрмет көрсетуі, адалдықты ұстану құндылықтарын дарытуға бағытталады. Қоғамдағы отбасы құндылығын түсінуі арқылы мейірімді болуға тәрбиелейді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Мазмұны бойынша қолданылған материалдар арқылы әдебиет және өнер пәндерімен байланысты. | |||||
ІТ қолдану дағдылары | Белгілі бір тақырып бойынша бейне сюжетті пайдалануы. Ақпарат іздеуде арнайы сайттардан алынған материалдарға сілтеме көрсетуі. | |||||
Бастапқы білім | Құқық ұғымы мен құқық салалары туралы білімдері қалыптасқан. Отбасы туралы бастауыш және 5-6 сыныптарда дүниетаным сабақтарында алған білімдерін қолдана алады. | |||||
Дифференциация | Сабақтың әрбір кезеңінде жабық дифференциация бар. Дифферинциация тапсырма, әрбір оқушыға жеке көмек беруде, оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай тапсырмаларды таңдап алу арқылы жүзеге асырылады. Дифференциация сабақтың уақытын тиімді қолдану арқылы әрбір кезеңінде жүзеге асырылуы мүмкін. | |||||
Сабақ түрі | Аралас сабақ – жаңа білімді игеру және тақырыпты бекіту. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-2 минут | (Б) Ұйымдастыру сәті. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Әңгімелесу. Зерттеу сұрақтары:
Отбасы мүшелерінің қандай құқықтары болады? | Слайд | ||||
Қызығушылықты ояту кезеңі 3-5 минут | (Б) Бастапқы стимул. Диалог. «Мерейлі отбасы-2018» концертінен сурет немесе бейнематериалдан үзінді көрсетіп әңгімелесу.
| Слайд. «Мерейлі отбасы-2018» концерті https://www.youtube.com/watch?v=r9GkP_CkgjM
| ||||
Сабақтың ортасы жалпы 29-30 минут Мағынаны тану кезеңі.
5-6 минут 9-10 минут 19-10 минут | Зерттеу мен талдау. (Б) Қысқаша шолу. (проблемалы баяндау, 3 минут) ҚР Конституциясында отбасы туралы қандай баптар бар? 18-баппен таныстырып, мысал келтіріп түсіндіру. (қосымша 1) 1-тапсырма. Сыныпта мүмкіндік болса, «Отбасы құндылықтарын сақта» бейнебаянын көрсетіп, зерттеу сұрақтары аясында неке, отбасы ұғымдары туралы пікір алмасу, талқылау ұйымдастырылады. (оқушылар қажетті ақпаратты түртіп жазып алады немесе дайын мәтіндер таратылады) Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп атаймыз Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу). Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. (Т) 2-тапсырма. Топта талқылау. Сыныпты төрт топқа бөліп, топта орындауға тапсырма беріледі. 1-топ. Отбасының атқаратын функциясы. 2-топ. Отбасының құндылықтары. 3-топ. Отбасы мүшелерінің құқықтары Дескрипторлары:
Оқушыларға «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі» (Қосымша 1) баптары таратылады. Оқушылардың өздері дескрипторларға сай бағалайды, мысалы, бірнеше оқушыны «эксперт» ролінде қойып бағалатуға болады. (Д) 3-тапсырма. «Мерейлі отбасы қандай болуы керек?» атты шағын ой толғау жазу. Дескрипторлары:
| Слайд. Отбасы құндылықтарын сақта http://www.youtube.com/watch?v=LSo90qFfRfQ
Слайд
Слайд. Жүкешов Қ., Сапарғалиев Ғ., Асанбекова Г. Адам. Қоғам. Құқық. – Алматы, Мектеп, 2009. Құқық негіздері : жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ө. Қопабаев, Айтхожин, Қ. Қыдырқожаева, Н. т.б. Слайд | ||||
Сабақтың соңы. Қорытынды бөлім. 4-5 минут | Рефлексия. Диалог. Тақырып сұрағына оралу. Заңнамада отбасы қалай қорғалған? Оқушылар өздері қорытынды шығарып, тақырып сұрағына жауап береді. Кері байланыс. Бағалау критерийлеріне оралу. - нені білдім, нені үйрендім, нені білгім келеді? Мақсаттарға жеткен, жетпегенін оқушылардың өзара бағалауы ұйымдастырылады. | Слайд | ||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабілеті жоғары оқушыларға дерек көздері арқылы өз бетімен анықтау және кейбір оқушыларға арнайы берілген құжаттар ұсыну жоспарланады. Қабілеті жоғары оқушыларға талдау жасау үшін «эксперт» ролі ұсынылады. | Тақырып бойынша білімін бағалау (диагностика) сабақтың кіріспе бөліміндегі әңгімелесу кезінде іске асырылады. Қалыптастырушы бағалау дескрипторларға сәйкес жүргізіледі. 2-тапсырманың орындалуын оқушылардың өздері дескрипторларға сай бағалайды, бірнеше оқушыға «эксперт» роліне қойып бағалатуға болады. | Парталарды топтық жұмысқа ыңғайлы етіп орналастыру. Ноутбуктерді зарядталып дайын тұруын ұйымдастыру. Қоңырау уақытында кабинеттің ауасын желдетіп тазартып қою. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?