Заңнамада отбасы қалай қорғалған? Құқық негіздері, 9 сынып. Презентация.


9сынып. Адам. Қоғам. Құқық.

«9.1E Неке және отбасы құқығы түсінігі» бөлімі

Бейнематериал бойынша сұрақтарға жауап беріңдер:

Бұл бейнематериалда көрсетілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының мақсаты не?

Осы конкурсқа қатысқан отбасылар нені насихаттайды?

Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіхалықова сөзінде қандай құндылықтар туралы сөз етті?

https://www.youtube.com/watch?v=r9GkP_CkgjM

Сабақ тақырыбы:

Заңнамада отбасы қалай қорғалған?

Оқу мақсаты:

Неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру

Сабақ мақсаты:

Неке мен отбасының қоғамдағы маңызды ролін түсінеді

Бағалау критерийлері:

Отбасы мен некенің маңызын түсінеді;

Отбасының қызметін заңнамаға сүйеніп түсіндіре алады;

Отбасының мерейлі болуының маңызы туралы қорытынды жасайды.

Зерттеу сұрақтары:

Отбасы деген не?

Неке деген не?

Мемлекет отбасын қалай қорғайды?

Отбасы мүшелерінің қандай құқықтары болады?

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Отбасы дегеніміз...

Неке дегеніміз...

Некеге отырудың негізгі шарттары...

Отбасының қоғамдағы маңызы...

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарда ғана қиылған неке заңды деп есептеледі, себебі...

Отбасы туралы не білеміз?

Неке

Отбасы

Толық отбасы

Толық емес отбасы

Азаматтық неке

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі

ҚР Конституциясынан:

18-бап

1. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.

27-бап

1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

3. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K950001000_#z13

(Д/Ж) 1-тапсырма. «Отбасы құндылықтарын сақта» бейнебаянын көріп, неке, отбасы ұғымдары туралы пікір алмасайық.

http://www.youtube.com/watch?v=LSo90qFfRfQ

Есте сақтайық!

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.

Неке деп еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты атаймыз.

Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады.

(Т) 2-тапсырма. Топта талқылап постер жасау.

1-топ. Отбасының атқаратын функциясы.

2-топ. Отбасының құндылықтары.

3-топ. Отбасы мүшелерінің құқықтары

Дескрипторлары:

Отбасыға қатысты әр сала бойынша жауап іздеп зерттейді;

Отбасының қызметінің маңыздылығы туралы қорытынды жасайды.

Өз пікірлерін дәйектеп, постер жасап түсіндіреді.

(Д) 3-тапсырма. «Мерейлі отбасы қандай болуы керекатты шағын ой толғау жазу.

Дескрипторлары:

Отбасы құндылықтарына кем дегенде 2 аргумент және дәлел келтіреді.

Кем дегенде 2 дәлел келтіреді.

Қорытынды ой түйін жасап, мәселені шешу жолын ұсынады.

Рефлексия

Сонымен, заңнамада отбасы қалай қорғалған?

Нені білдік?

Не үйрендік?

- Нені білгің келеді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу