Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары. Құқық негіздері, 9 сынып, презентация.
Сурет бойынша жаңа тақырыпты болжаңыздар
Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері
Оқу мақсаты: 11.3.4.4 алименттік қатынастардың субъектілерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау
Сабақ мақсаты: алименттік қатынастардың субъектілері мен алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін анықтау
Бағалау критерийлері:
Алименттік міндеттемелер мен олардың тоқтатылу жолдарының 2 кем емес түрін анықтайды;
Алименттік есептеулердің 3 кем емес түрін ажырата алады;
Алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін 1 кем емес құқықтық жағдаяттар мысалында анықтай алады.
Алимент (лат. alimentum — "тағам, асырап-бағу") — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау.
Топтық жұмыс.
1. Мәтінді оқыңыздар;
2. «СИНКВЕЙН» (Бес жол) әдісі арқылы мәтінді талдаңыздар;
1-топ: Алименттік міндеттемелер
2-топ: Алименттерді есептеу тәртібі
3-топ: Алименттер кімдерге төленуі тиіс?
4-топ: Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.
3. Сынып алдында мәтінді қысқаша түсіндіріңіздер.
«СИНКВЕЙН» (Бес жол)
Тақырып. 1 зат есім.
Тақырыпқа қатысты 2 сын есім.
Әрекетті білдіретін 3 етістік.
Негізгі ұғымды білдіретін 4 сөзден тұратын бір сөйлем
Тақырыпқа синоним.
Т/Ж Кейс технологиясы негізінде проблемалық жағдаяттарды шешіңіздер. ҚР заңына сүйене отырып, мәселелердің шешу жолдарын ұсыныңыздар
Ж.Айтылатын ойды кеңейту
Алған білімдеріңізді көрсету үшін сөйлемді кеңейту қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты оқушы сыйлық алады!
Бастапқы сөйлемнің мысалы:
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы басталды.
Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:
1939 және 1945 жылдар аралығында орын алған екінші дүниежүзілік соғыс немістердің Польшаға баса-көктеп кіруінен басталды және Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады.
Рефлексия:
Әлі де түсініксіз сұрақтар тізімін жаз.
Оқу процесін қиындатқан басқа оқушылардың іс-әрекеттерін ата.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?