Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары. Құқық негіздері, 9 сынып, дидактикалық материал.
№ 1 қосымша
- топ. Алименттік міндеттемелер.
Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:
1.Бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінің өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;
2.Олардың қатаң жеке бастық сипаты бар. Мұнын мәнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға көшпейді;
3.Алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (қосу) жүзеге асырылады.
Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:
1.Субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);
2.Заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушының мұқтаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын кәмелетке толмағандығы және басқалары);
3.Тараптардың алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндіріп алу жөніндегі шешімі.
Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:
1.Ата-аналардың балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;
2.Балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;
3.Ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері;
4.Кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.
2 топ. Алименттерді есептеу тәртібі.
Алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалақысына үлесті қатынаста айқындайды. Сонымен көмелетке толмаған бір балаға ата- анасының айлық жалакысының не өзге де табыстарының төрттен бір бөлігі, екі балаға — үштен бір бөлігі, үш және одан да көп бала үшін— тең жартысы мөлшерінде. Сот, сондай-ақ тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын немесе өзге де көңіл бөлуге тұратын жайттарды ескере отырып, бұл үлестердің мөлшерін көбейте немесе азайта алады. Ата-анасының жұмыс таба алмауы осыған жатқызылуы мүмкін. Сот мұндай жағдайда алимент мөлшерін азайтып жалақының 1/4 бөлігінің орнына 1/6 бөлігін өндіріп алуды белгілейді. Сот әрбір нақты жағдайда осы жайттардың бәрін де ескереді. Заңда, сонымен қатар ерекше жағдайлар туындаған кезде ата-аналардың балаларды асырап-бағуға қосымша шығындар жасауға қатысу міндеттері де белгіленген. Мысалы, балалардың ауыр науқасы, шипажайлық ем қажеттігі және басқалары. Сот мұндай жағдайда алиментке қоса қосымша ақылай қаржы. төлеуді немесе балаларды нақты асырап-бағуға қаржы сомасын белгілейді. Заңда жалақының немесе табысының үлестері ретіғіде алимент өндіріп алудан басқа — ай сайын төленуге тиісті тұрақты ақша сомасын өндіріп алу сияқты алимент төлеудің өзге де тәсілі қарастырылған.
3 топ. Алименттер кімдерге төленуі тиіс?
Ата-аналары кәмелетке толмаған өз балаларын асырауға міндетті, осы асыраудың тәртібі мен нысанын ата-аналардың өздері анықтайды. Ата-аналары кәмелетке толмаған балалар туралы Кодекстің 20-бөліміне сәйкес келісім жасауға құқылы (алименттерді төлеу туралы келісім). Егер ата-анасы балаларын асырауға ақша ұсынбаса, бұл сотта келісіммен немесе ата-аналардың бірі алименттерді төлетуге сотқа талап бермесе, онда талапты қорғаншылық және қамқоршылық органына бере алады. Некені бұзуда сотта келісім қаралады:
- кәмелетке толмаған балалардың кіммен тұратыны туралы;
- балаларды немесе еңбекке жарамсыз зайыбын асырауға алименттерді төлеу тәртібі туралы;
- балаларды асырауға алименттердің мөлшерлері туралы;
- мүлікті бөлу туралы (ажырасуда кімнің неге құқылы екенін біліңіз).
Егер осындай келісім ерлі-зайыптылар арасында болмаса немесе ол балалардың, ерлі-зайыптылардың бірінің мүдделеріне қайшы келсе, онда осы мәселелер бойынша шешімді сот анықтайды. Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар сондай-ақ баланы асырауға Кодекстің 79-бабына сәйкес алименттер төлеуге міндетті. Келісім негізінде алименттерді төлеу – алименттерді төлеудің ерікті тәсілі, ал сот бұйрығы бойынша, берілген талап-арыз негізінде – мәжбүрлі (төменде мақаладан сіз алименттерді қалай төлеу керектігі туралы ақпаратты табасыз). Алименттерден басқа ата-аналардан балаларды асырауға қосымша сомалар да шегерілуі мүмкін. Ерекше жағдайлар да бар - ауыр аурулар, кәмелетке толмаған балалардың мертігуі немесе егер оларға бөгденің күтімі керек болса, кәмелетке толғандардың еңбекке жарамсыздығы. Ерлі-зайыптылардың біріне және бұрынғы ерлі-зайыптылардың біріне төленетін алименттер. Кодекстің 147-бабына сәйкес ерлі-зайыптылар бір-бірін материалды қолдауға міндетті. Баланы асырауға қаржыдан басқа ері немесе зайыбын немесе бұрынғы ері немесе зайыбын асырауға қаржы талап етілетін бірқатар жағдайлар бар. Егер келісушілік немесе келісім болмаса, онда алименттерді төлетуге сотқа талап-арыз бере алады:
- еңбекке жарамсыз мұқтаж ерлі-зайыптының бірі;
- жүктілік кезінде зайыбына және ортақ бала туғаннан бастап 3 жыл ішінде;
- 18 жасқа толғанға дейін ортақ мүгедек-баланың күтімін жүзеге асыратын мұқтаж зайыбы, сондай-ақ ортақ балаға 18 жасқа толуы бойынша І-ІІ топты мүгедектік анықталған жағдайда.
4 топ. Алименттік міндеттемелердің тоқтатылуы.
Алименттік міндеттемелер мына жағдайларда тоқтатылады. Егер алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған болса, онда ол баланың кәмелетке толуына байланысты тоқтатылады. Егер кәмелетке толмаған бала некеге тұрса, онда алименттікке міндеттемелер де тоқтайды. Алименттер төлеу, сондай-ақ асырап-бағу үтттін сот тәртібімен алименттер өндіріліп алынған, бала асырап алынған жағдайда тоқтатылады. Бұрынғы жұбайлардың алименттік қатынастары алимент алатын жұбайының жаңадан некеге тұруына байланысты тоқтатылады. Бұрынғы жұбайының еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенде немесе оның алименттік көмекке мұқтаждығы тоқтаған жағдайда алименттік қатынастар тоқтатылады. Алименттік қатынастар алимент алушы адамның немесе оны төлеуге міндетті адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Егерде алименттік міндеттемелер тараптардың алименттер төлеу жөніндегі келісімімен белгіленген болса, онда ол тараптардың біреуі қайтыс болған жағдайда не келісім мерзімі өткен жағдайда, не алименттер төлеу жөніндегі келісімде көзделген негіздерге байланысты болады. Сонымен, алименттер дегеніміз — заңда белгіленген жағдайларда отбасының бір мүшелерінің оның екінші бір мүшелері пайдасына төлеуге тиісті белгілі бір ақшалай қаражаттары. Алименттік міндеттемелердің негізі — отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке жарамсыз және мұктаж мүшелерін асырап-бағу. Алименттер сот шешімі бойынша (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімі бойынша (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.
№ 2 қосымша
№ 1 жағдаят. И.С. Жакупова М.К. Жакуповқа екі балаға, ұлы мен қызына алимент өндіріп алу туралы талабымен сотқа жолданады, өйткені оның ұлы кәмелетке толған жоқ – ол әлі 16 жаста, ал қызы 19 жаста болғанымен, алатын стипендиясы өте аз. Оған, ана ретінде екі баланы асырап-бағу қиынға соғады, алимент төлеу туралы келісім Жакуповпен жасалмаған. Жауапкер талапты мойындамайды, оның айтуынша, ұлы жұмыс істейді, айына 10-11 мың теңге ақша табады, ал қызы кәмелетке толғандықтан, оған алимент төлеуге міндетті емес.
Кәмелетке толмаған, бірақ жалақысы бар балаларға ата-аналары алимент төлуге міндетті ме? Кәмелетке толған, өмір сүруге тиісті қаржысы жоқ балаларға алимент төленуі мүмкін бе? Сот Жакупованың талабы бойынша қандай шешім шағаруы тиіс?
№ 2 жағдаят. Н.К. Ленц екі баласын асырап-бағуға еңбек ақысының 1/3 бөлігінде алимент төлеп жүрді. Шетелге жұмыс бабаымен маман ретінде жіберілгендіктен, Ленц өзінен алимент қандай көлемде және қандай валютада өндіріледі деген асуалмен сот орындаушысына барады.
Сот орындаушысы Ленцке қандай түсініктеме бергені дұрыс?
№ 3 жағдаят. К.Ахметов ұлы кәмелетке толғанша оған асырау мақсатында сот шешімімен ай сайын еңбек ақысының ¼ бөлігінде алимент төлеп отырады. Ауыр дертке байланысты ұлы ауруханаға түсіп, онда ол алты ай бойы жатады.Ұлдың анасы Ахметовтан қосымша бес мың теңге өндіріп алу туралы өтінішімен сотқа барады, өйткені ұлы күшейтілген тамақтануды, арнайы қарауды қажет етеді. Оның үстіне, емді жалғастыру үшін балаға санаторийге жолдама алу керек. Ахметовтың балаға қосымша шығын жұмсауы туралы келісім жасалмаған.
Балаға қосымша алимент төлеп жүрген ата-ана болатын асырап-бағуға арналған қосымша шығындарға қатысуға тартылуы мүмкін бе? Қандай жағдайларда? Ұлдың анасының талабы қанағаттандырылуға жатады ма? Егер қағаттандырылса, сот Ахметовтың баланы асырап-бағуға қосымша шығындарға қатысуының мөлшерін қалай анықтайды?
№ 4 жағдаят. А. есімді азаматша екі баласына алимент алу мақсатында талап арыз береді. Бірақ жолдасы алимент төлеуден бас тартып, қайта-қайта жалтара береді. Осылайша үш ай уақыт өтеді. Соңында прокурордың араласуымен алимент төленетін болып шешім қабылданады.
А. есімді азамат үш ай аралығындағы алмаған алиментін өндіріп алуына бола ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?