Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.


«Екі түрлі күнделік» әдісі арқылы алименттік қатынастардың мағынасын ашады.

Құжаттан үзінді

Өз ойым

Кәмелетке толмаған баланың алимент алу құқығы бала бұл қаражат көзін қажет еткен,етпегеніне қарамастан жүзеге асады.

Кәмелетке толмаған баларға қатысты төленетін алименттік міндеттеме:

―Баланың өмір сүруін қамтамасыз ететін қаражат көзі;

― Мақсатты көздерге,яғни баланы асырап – бағуға жұмсалады;

― Ай сайын тұрақты төленеді;

― Қымбат бағалы мүлкі,басқа қаражат көздерінің болғандағына қарамастан төленеді;

― Ата - ана құқығынан айрылған,шектеген жағдайлардың барлығында төленеді;

― Қасақана орындалмау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын міндеттеме болып табылады;

Ата-аналардан жасы толмаған баларға мынандай мөлшерде алимент өндіріп алынады. Егер отбасында бір балаға бола, ата-ана табысының, басқа да кірістерінің төрттен бір бөлігі, екі балаға - үштен бір, үш және одан көп балаға-тең жартысы өндіріліп алынады.

Ата-ананың табысынан және өзге де кірістернен үлестік қатанаста алимент өндіру мүмкін болмаған жағдайда сот тұрақты ақша сомасында алимент мөлшерін белгілеуге құқылы. Мұндай жағдайларға:

1.үнемі алынбайтын өзгермелі табыстар (шығармашылықпен айналысатын адам немесе кәсіпкерлер болмаса);

табыстарын немесе өзге де кірістерін толығымен немесе ішінара заттай алатын ата-аналар, т.б. Ақша қаражаты шетел валютасы немесе басқа табысы жоқ адамдар жатады

Ерлі-зайыптылардың арасында да алименттік міндеттемелер болады.

1.Еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайдың (зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар, I, II топтағы мүгедектер).Заңға сәйкес екінші жұбайдан алимент талап етуге құқығы бар.

2.Жүкті кезінде және ортақ баласы туылғаннан бастап үш жыл бойы баласын тәрбиелеп отырған ананың да алимент талап етуге құқығы бар.

3.Ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайдың бала 18 жасқа толғанша.

4.Неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған жұбайдың алимент алу құқығы болады.Алимент өндірудің мұндай түрі, әдетте , ұзақ уақыт бойы отбасында бірге өмір сүрген ерлі – зайыптыларда пайда болады.

Алименттік міндеттерді тоқтату

1.Алимент төлеу туралы келісіммен белгіленген алименттік міндеттмелер сол келісімнің мерзімі біткенде, тараптардың біріеуі қайтыс болғанда тоқтатылады.

2.Сот тәртібімен өндіріп алынатын алиментті төлеу

  • бала кәмелетке толғаннан кейін немесе кәмелетке толмаған балалар кәмелетке толғанға дейін толық әрекетке қабілетін иеленгенде;
  • асырап - бағу үшін алимент өндіріп алушы бала асырап алынғанда;
  • сот алимент алушының еңбекке жарамдылығы қалпына келтірген немесе көмекке мұқтаждығы тоқтатылды деп танылғанда;
  • жұбайының көмегіне мұқаж болып келген алимент алушы жұбай жаңа некеге тұрғанда;
  • алимент алушы адам немесе алимент төлеуге міндетті адам қайтыс болғанда тоқтатылады.

Отбасы қатынастары аясында мәселелік жағдаяттарды шешу. Оқушыларды төрт топқа бөліңіздер.

1 топ:

Некені бұзғаннан кейін 5 жыл бойы Нұргүл Мукашева өзінің бұрынғы күйеуінен кәмелетке толмаған қызына алимент төлеуді талап етпейді, себебі ол мұнай компаниясында есепші болып істегендіктен ақшаға аса мұқтаждық көрмейтін. Алайда 2000 жылы аталған мұнай компаниясы жабылып, Мукашева Н. жұмыссыз қалады. Осы себептерге байланысты Мукашева өзінің бұрынғы күйеуінен қызды асырауға қажетті ақша соммасын ай сайын жіберіп тұруын өтінеді. Мукашев болса ерікті түрде ақша төлеп тұрудан бас тартады. Сотқа талап-арыз беретіндігі жайлы зайыбының ескертуіне Муқашев бұрынғы әйелі Нұргүл Муқашеваның талап қою мерзімін өткізіп алғандығына сілтеп, оның ескертуін елеусіз қалдырып, әйелінің талабын орындаудан бас тартады.

Осы қалыптасқан жағдайда Нұргүл Мукашева қандай әрекеттер жасауы тиіс? Неке және отбасы туралы заң бойынша алимент өндіріп алуға талап қою мерзімі қолданыла ма?

2 топ:

Мансүрова сотқа талап-арыз беріп, онда ол күйеуі Мансұровпен бес айдан астам уақыт бойы бірге тұрып жатпағанын, онымен ортақ шаруа жүргізбейтіндігін және ұлының тәрбиесімен тек өзі ғана айналысатынын көрсетеді.

Сонымен бірге Мансұрова соттан күйеуі — Мансұровтан балаға алимент өндіріп беруді және бала бағуына байланысты өзі жұмысқа шыға алмайтындықтан өзі үшін де алимент төлетуді міндеттеуді сұрайды.

Осы негіздерге байланысты сот некені бұзу туралы іс қозғауға құқылы ма?

Бала бағуына байланысты жұмыс істемей, үйде отырған әйелінің күйеуінен алимент төлеуді талап етуі орынды ма?

 

3 топ: Асанбаев өзінің қызын асырауға қажетті алименттік төлемдерді 14 айдан бері төлемей бас тартып жүр. Әйелі оған қарсылық ретінде алименттік төлемдерді алу туралы сотқа талап арыз береді. Сот Асанбаевтың жұмыссыз жүргенін айтып, арызды қарауды кейінге қалдырады.

Осы негіздерге байланысты сот қандай шешім қабылдауы керек?

Әкесінің жұмыссыз жүргені баласына алименттік төлем төлемеуге негіз болады ма?

4 топ: Жастары 63-тен асқан Б. Және Д.есімді зейнеткерлер 25-тегі жалғыз ұлдарының өздеріне қарамайтындығын айтып, сотқа шағым береді. Яғни, баласы қартайған әке-шешесін қажет етпегендіктен, материалдық қажет етпейді. Ал ата-анасы оның өздеріне алимент өндіріп беруін талап етеді.

Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?

Сыныптық пікірталас: «Алимен төлеу құқық па әлде міндет пе?»

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?