Еңбек құқығы түсінігі. Құқық негіздері, 9 сынып. Сабақ жоспары.


Адам, Қоғам, Құқық 9сынып

9.1D Еңбек құқығы түсінігі

Бөлім: 9.1D Еңбек құқығы түсінігі

Сабақ тақырыбы

ҚР Конституциясының 24-шы бабы нені көздейді

Оқу мақсаты

9.4.1.1 еңбек құқығы ұғымын түсіндіру

Сабақ мақсаты

Еңбек құқығы туралы біледі және оның қажеттілігін түсінеді

 Бағалау критерийлері

Конституция ерікті еңбек құқығының сақталуына беретін кепілдерді анықтайды.

ҚР Конституциясының 24-бабының тармақтарына бір мысалдан (проблемалық жағдаят пен оның шешімі) келтіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» тапсырмасы (айтылым, тыңдалым дағдылары)
  • «Еңбек: құқық па, әлде міндет пе?» тақырыбында шағын ой-толғау жазу (жазылым дағдысы)

Пәнге тән лексикамен терминология

Сабақта қолданылатын терминдер

  • еңбек
  • еңбек кодексі
  • еңбек құқығы
  • еңбек
  • жалақы
  • жұмыссыздық

ҚР Конституциясының 24 бабына сәйкес...

Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, ... құқығы бар, өйткені...

Еңбек ету маңызды, өйткені...

Еңбек құқығы... реттейді

 Құндылықтарды

 дарыту

Жауапкершілік, адалдық

 Пәнаралық

 байланыстар

Өзін өзі тану пәні, өнер, экономика

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интернет ресурстарынан қажетті ақпаратты ала білу, арнайы сайттармен қолдана алу

Бастапқы білім

Құқық салалары бойынша түсініктері қалыптасқан

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау, жағымды ахуал қалыптастыру

Бүгінгі сабақ тақырыбы немен байланысты бөлуы туралы пікірлерін білу.

Сабақтың басы

М Сабаққа кіріспе жасаңыз.

1 тапсырма: Еңбектің адам өмірінде алатын орны мен маңызы жайлы үлгі–өнеге беретін аңыз немесе оқиғаны талданады.

Б Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

  • Берілген аңыз не туралы?
  • Сіз оны қалай түсінесіз?
  • Қандай ой түюге болады?

Дескриптор:

  • Аңыз мазмұнын түсінеді
  • Аңыздағы негізгі мәселені анықтай алады
  • Өз ойының жеткізеді

1 қосымша

Слайд

Сабақтың ортасы

Б/Т Еңбек құқығы саласын зерделеу маған не береді деген сұрақ аясында «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» тапсырмасын орындайды.

2 тапсырма:

Еңбек туралы мақал мәтелдер, өмірден мысалдар келтіре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  • Мақалдардың шығу себептері неліктен қажет болды?
  • Неге адамдар осындай мақал-мәтелдерді өмірлерінде қолданды?

Дескриптор:

  • Мақал-мәтелдердің түпкі ойын түсінеді
  • Мақал-мәтелдердің еңбек мәселесін жеткізу жолдарын талдай алады

Ж\Т Еңбек жайлы өзіндік ойлануға мүмкіндік беріледі, жұппен, ал одан кейін көрші жұппен ойларымен бөліседі.

3 тапсырма: анықтаманы өз сөзімен түсіндіру.

Еңбек құқығы — меншіктің түріне, шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеуметтік құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы.

Т Төрт топ құралады. Олар ҚР Конституциясының 24-бабының 4-тармағын оқып, мағынасын түсіндіреді.

Дескриптор:

  • Мәтінді оқиды және түсінеді
  • Мәтіндегі ойды анықтайды және қолдана алады

4 тапсырма:

Т Топтар бап тармақтарына сәйкес проблемалық жағдаяттарды ойлап тауып, басқа топтардан шешімдерін табуды жасайды.

Дескриптор:

  • кәсіпті еркін таңдау көрсетеді
  • еңбектегі теңдік біледі
  • еңбек дауларын шешу мәселесін талдайды
  • тынығуға құқылы екендігін бағалайды

Слайд

Қазақстан Республикасының Конституциясы.

http://adilet.zan.kz

1 қосымша

Қазақстан Республикасының Конституциясы 24-бап

Сабақтың соңы

Шағын пікір талас ұйымдастыру

Б «Еңбек: құқық па, әлде міндет пе?» екі тұжырымның біреуін дәлелдеңіз.

Дескриптор:

  • Еңбек ұғымын біледі және түсінеді
  • Еңбекке қатысты мәселені анықтайды және талдайды
  • Еңбек пен міндетті өзара ажыратып, бағалайды

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу, топқа бөлу

Топта жұмыс жасағаны мен пкір таласта өз ойын тұжырымдағаны бағаланады

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын ескеріліп отырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу