Халықаралық жария құқығы түсінігі. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Халықаралық жария құқығы

Сабақ жоспары: Халықаралық жария құқығы түсінігі

10 сынып

Оқу мақсаты:

  • 10.5.1.1 халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау

Сабақ мақсаты

  • халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау.

Бағалау критерийлері

  • «Халықаралық жария құқық деген не?», «Халықаралық шарттар мен ұйымдардың атқаратын қызметі неде?» деген сұрақтар бойынша зерттеу жұмысын ұйымдастырады.
  • Оқушылар топта берілген халықаралық ұйымдарға (құқықтық статусы, негізгі атқаратын қызмет түрлері, құрамы) интеллект карта құрастырады.
  • Оқушылар дүниежүзілік мұхитта, космоста, транзиттік өзендерді пайдалану және т.б. аясында халықаралық қатынастардың реттелуі жайлы бір саласына таныстырылым дайындайды.
  • Жария құқық салалары ерекшеліктерін талдайды

Тілдік міндеттер

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Халықаралық жария құқық;
  • БҰҰ, НАТО, АСЕАН, ЕҚЫҰ және т.б

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Халықаралық жария құқық...

Мен...деп ойлаймын

....халықаралық органдардың құқықтық мәртебесі...

....органдарының ықпалын кеңейту қажет, себебі...

Құндылықтардыдарыту

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Пәнаралық

байланыстар

Дүниежүзі тарихы.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын пайдалану.

Алдыңғы білім

Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Ой шақыру. Тақырыпты шешу үшін оқушыларға әртүрлі суреттер топтамасын көрсету.
  • Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
  • Сабақтын барысы.

Б Сабақ тақырыбына бағыттау үшін оқушыларға келесі сұрақтар негізінде сыныппен талқылау ұйымдастырыңыз:

  • Оқушылар мемлекет дегеніміз не?
  • Қандай халықаралық ұйымдарды білесін?
  • Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар қалай реттеледі?

Зерттеу сұрақтары:

  • Халықаралық жария құқық деген не?
  • Халықаралық шарттар мен ұйымдардың атқаратын қызметі неде?

М Халықаралық шарттар, мемлекет аралық шарттар, халықаралық көпжақты, екіжақты шарттар ұғымдарын ашады.

БҰҰ, НАТО, АСЕАН, ЕҚЫҰ және т.б. біреуіне

  • Топтық жұмыс.

Т Оқушылар топта берілген халықаралық ұйымдарға (құқықтық статусы, негізгі атқаратын қызмет түрлері, құрамы) интеллект карта құрастырады.

Б Оқушылар сынып алдында өз сызбаларын қорғайды.

Д Оқушылар дүниежүзілік мұхитта, космоста, транзиттік өзендерді пайдалану және т.б. аясында халықаралық қатынастардың реттелуі жайлы бір саласына таныстырылым дайындайды.

Т Келесі тапсырма бойынша оқушылар Жария құқық салаларының ерекшеліктерін талдайды. Әр ұяшыққа 2 аргумент жаза алады.

S (күшті жақтары)

W (әлсіз жақстары)

O (мүмкіндіктер)

T (қауіп-қатерлер)

Слайд-презентация

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000054_

https://keden.kz/ru/zakon.php?id=13851

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • Қиын болды…
  • Бүгін мен білдім…
  • Қызықты болды…

Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.

Үй тапсырмасы. Қайталау.

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?