Халықаралық жария құқығы түсінігі. Құқық негіздері, 10 сынып, дидактикалық материал.
Сабақтың тақырыбы: Халықаралық жария құқығы түсінігі
Оқу мақсаты: 10.5.1.1 халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау
Қазақстан және халықаралық қауымдастық
Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты мақсат – бейбітшілік сақтау, соғысты болғызбау. 1992 ж. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кіріді. Бас Ассамблеясының 47 сессиясында Президент Н.Назарбаев Азияда өзара ынтымақ пен сенім шараларын орнықтыру туралы мәселе көтерді. Оған сәйкес 1993 ж. көктемде Алматыда осы мәселеге байланысты шақырылған бірінші бас қосуға оннан аса мемлекеттен өкілдер келген болса, сол жылғы тамыз айындағы кездесуге 17 елден сарапшылар тобы келді. Қазақстан Хельсинки процесіне қосылып, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның жұмысына қатысты (1992 ж.). Ал 1996 ж. 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қол қойды.
Шекара мәселесін Азия елдерінде тұрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) маңызды рөл атқарады. 1996 жылғы сәуірде Шанхайдағы кездесу кезінде Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары шекараларды бұзбау туралы келісіміне қол қойылды. Кейін бұл келісімге Өзбекстан қосылды. “Шанхай келісімі” негізінде алты ел басшыларының жыл сайынғы кездесуі 1997 ж. Мәскеуде, 1998 ж. Алматыда, 1999 ж. Бішкек, 2000 ж. Душанбе, 2001 ж. Алматыда болып өтті. Онда аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. 2002 жылғы маусымда Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Оның жұмысында ШЫҰ құрылымын орнықтыру іс жүзінде көрініс тапты. ШЫҰ-ның Секретариаты Пекинде, ал Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның штабпәтері Бішкекте орналасатын болды. Бұл кездесуде 3 құжатқа – ШЫҰ Хартиясына, аймақтық терроризмге қарсы құрылым жөніндегі Келісімге және ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер басшыларының Декларациясына қол қойылды. 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.
Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді. Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы өте жоғары қарқын ала бастады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қытай Халық Республикасына 1992 ж. тамызда барған алғашқы сапарынан бастап, барлық байланыс жолдарын ашудың сәті түсті. Екі елдің арасында сауда соңғы жылдары ондаған есе өсті. 1997 ж. 25 қыркүйекте Алматыда өткен Қазақстан және Қытай делегациялары арасындағы келіссөз барысында Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырына шығыстағы көршіміз тарапынан 9,5 млрд. доллар жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Мұның өзі саяси-экономикалық байланысты нығайтуға, шекара маңында тыныштық пен бейбіт өмірді сақтауға кепілдік берді.
1 тапсырма: Зерттеу сұрақтары бойынша зерттеу жұмсын ұйымдастырыңыз.
Дескриптор: Зерттеу сұрақтары бойынша зерттеу жұмсын ұйымдастыра алады.
Зерттеу сұрақтары:
- Қазақстан Республикасы қандай халықаралық ұйымдарына кірді?
- Халықаралық жария құқық деген не?
- Халықаралық шарттар мен ұйымдардың атқаратын қызметі неде?
Халықаралық жария құқық — бұл құқық субъектілерінің еріктерін үйлестіру жолымен жасалатын, әрі заңдық тұрғыдан міндетті деп танылатын және қажетті жағдайларда мәжбүрлеу жолымен қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі және мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарғақатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Халықаралық жария құқық негізінен мемлекетаралық қатынастарды реттейді. Осы замаңғы халықаралық құқық халықаралық жария және халықаралық жеке құқық болып екіге бөлінеді.
Халықаралық жария құқықтың қызмет етуі үшін мынадай мәселелер өзекті болып табылады:
- Халықаралық құқық мемлекеттің көпшілік таныған нормалары мен қағидаларын сақтауын міндеттей келе, олардың сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектеп отырады;
- Халықаралық құқық сонымен бірге сыртқы саясат пен дипломатияның дамуы үшін негіз бола алады;
- Халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысушы органдардың қызметін реттейді;
Мәселен, халықаралық жария құқық өзінің жүйесінде дипломатиялық және елшілік құқық салаларын зеттейді. Оған халықаралық болсын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипатта болсын, жетерліктей нормативтік база бар, мәселен 1961 жылғы дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы, 1963 жылғы елшілік қатынас туралы Вена конвенциясы, 2002 жылғы Дипломатиялық қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңы.
Халықаралық жария құқықтың қызмет етуінің оңды жақтарымен қатар, халықаралық ынтымақтастықтың, халықаралық бірлестік субъектілерінің уақыт өткізбей назарын аударатын шараларды да айта кету керек. Олар:
- Қарусыздандыру мәселелері, оның ішінде, ядролық қарусыздандыру;
- Экоцид проблемалары – қоршаған ортаны қорғау;
- Халықаралық қылмыстық құқық мәселелері;
- Жауапкершілік институтының жүйеленуі;
- Есірткі саудасымен күрес проблемалары;
- Адам құқықтарын қорғаудың халықаралық-құқықтық мәселелері.
Халықаралық құқық дамуының аталған бағыттары мұнымен шектелмейді.
2 тапсырма: Жария құқық салалары ерекшеліктерін талдаңыз. Әр ұяшыққа 2 аргумент жазыңыз.
Дескриптор: Жария құқық салалары ерекшеліктерін талдай алады. Әр ұяшыққа 2 аргумент жаза алады.
S (күшті жақтары) | |
W (әлсіз жақстары) | |
O (мүмкіндіктер) | |
T (қауіп-қатерлер) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?