Еңбек құқығы түсінігі. Құқық негіздері, 9 сынып. Презентация.


ТАҚЫРЫП:

Конституцияның

24-бабы нені көздейді?

ОҚУ МАҚСАТЫ:

- 9.4.1.1 Еңбек құқығы ұғымын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Конституция ерікті еңбек құқығының сақталуына беретін кепілдерді анықтайды.

ҚР Конституциясының 24-бабының тармақтарына бір мысалдан (проблемалық жағдаят пен оның шешімі) келтіреді.

1 тапсырма.Еңбек туралы аңыз

1. Берілген аңыз не туралы?

2. Сіз оны қалай түсінесіз?

3. Қандай ой түюге болады?

Дескриптор:

Аңыз мазмұнын түсінеді

Аңыздағы негізгі мәселені анықтай алады

Өз ойының жеткізеді

2 тапсырма. Мақал-мәтелдер

Мақалдардың шығу себептері неліктен қажет болды?

Неге адамдар осындай мақал-мәтелдерді өмірлерінде қолданды?

Дескриптор:

Мақал-мәтелдердің түпкі ойын түсінеді

Мақал-мәтелдердің еңбек мәселесін жеткізу жолдарын талдай алады

Еңбек құқығы меншіктің түріне, шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеуметтік құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 24-бап

 

Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi.

 

Әркiмнiң қауiпсiздiк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегi үшiн нендей бiр кемсiтусiз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғалуға құқығы бар.

 

Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады.

 

Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi.

Бейнебаяннан қажетті ақпартты ала отырып, ойды дәлелдеңіз.

Тапсырма

2 топ

1 топ

3 топ

4 топ

Лайықты еңбек- жақсы әлемнің басты қадамы

Еңбек құқығы:

жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;

өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;

еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;

- еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар

Еңбек - адамдардың өмiрi үшiн қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметi;

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚ ПА, ӘЛДЕ МІНДЕТ ПЕ?

Төмендегі сұраққа жауап бере отырып, өз тұжырымыңызды дәлелдеңіз

Критериийлер:

Біреуін таңдау

Себебін анықтау

Аргумент келтіру

Қорытынды жасау

Кері байланыс

нені білдім, нені үйрендім

нені толық түсінбедім

немен жұмысты жалғастыру қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу