Қ.Мырза-Әли «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ


Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер

 Қызыл кітапқа тіркелген өсімдіктер тізіміҚазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы – Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер жайлы төменгі кесте ұсынылған. 140 түрдің таралуы, олардың қорғау мен мәдени түрде өсірілуі жайлы мәліметтер берілген.

 Өткен ғасырдың 60 - шы жылдарында адамзат алдында өсімдіктер әлемінің қорғауға тікелей кірісу туралы мәселе туындады. Дүние жүзі көлемі және жекелеген мемлекеттер ішінде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау туралы комиссиялар құрылып, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлер тізімі жасалды.

 Қызыл кітап – бұл қауіп-қатер дабылы. Түрдің бұл кітапқа енгізілуі, оған ерекше көңіл бөлу керек екендігін білдіреді, көбіне арнайы қорғау шаралары қажет, әйтпесе түрдің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар кітап, 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді.

 Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді ) 2001 жылы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы).

 

Өсімдіктердің атаулары

Өсімдіктердің ғылыми атаулары

Тұқымдасы

1

Қалқан асаймұса

Abelia corymbosa

Ұшқаттар тұқымдасы

2

Кәдімгі өрік

Armeniaca vulgaris

Раушангүлдер тұқымдасы

3

Шолпаншаш сүмбілі

Adiantum capillus-veneris

Сүмбілдер тұқымдасы

4

Көктем жанаргүлі

Adonis vernalis

Сарғалдақтар тұқымдасы

5

Линчевский кемпіршөбі

Acantholimon linczevskii

Кермек тұқымдасы

6

Ірі жапырақты алкор

Mediasia macrophylla

Күрделігүлділер тұқымдасы

7

Аққаңбақтүсті аллохруза

Allochrusa gypsophiloides

Қалампырлар тұқымдасы

8

Жұмыр бозтүк

Anaphalis racemifera

Күрделігүлділер тұқымдасы

9

Корольков шаяноты

Arum korolkowii

Шаяноттар тұқымдасы

10

Мияжапырақ таспа

Astragalus glycyphyllos

Бұршақ тұқымдасы

11

Шегіршінжапырақ тасжаңғақ

Aflatunia ulmifolia

Раушангүлдер тұқымдасы

12

Іле бөріқарақаты

Berberis iliensis

Бөріқарақат тұқымдасы

13

Ірі гүлді шолпанкебіс

Cypripedium macranthon

Сүйсіндер тұқымдасы

14

Секпіл шолпанкебіс

Cypripedium gauttatum

Сүйсіндер тұқымдасы

15

Сары лапыз

Colchicum luteum

Мелантия тұқымдасы

16

Кессельринг лапызы

Colchicum kesselringii

Мелантия тұқымдасы

17

Коопман өгейбұтасы

Euonymus koopmannii

Өгейбұталар тұқымдасы

18

Қызыл қайың

Betula kirghisorum

Қайыңдар тұқымдасы

19

Талас қайыңы

Betula talassica

Қайыңдар тұқымдасы

20

Ярмоленко қайыңы

Betula jarmolenkoana

Қайыңдар тұқымдасы

21

Талас бәрпісі

Aconitum talassicum

Сарғалдақтар тұқымдасы

22

Қаршыл шүйгіншөп

Valeriana chionophila

Шүйгіншөптер тұқымдасы

23

Түркістан гүлкекіресі

Centaurea turkestanica

Күрделігүлділер тұқымдасы

24

Кәдімгі жүзім

Vitis vinifera

Жүзім тұқымдасы

25

Виталий шөмішгүлі

Aquilegia vitalii

Сарғалдақтар тұқымдасы

26

Шылым

Trapa natans

Рогульник тұқымдасы

27

Алтай қасқыржидегі

Daphne altaica

Тимелеялар тұқымдасы

28

Алтай торсылдағы

Gymnospermium altaicum

Бөріқарақат тұқымдасы

29

Қабықты жалынгүл

Coronaria coriacea

Қалампырлар тұқымдасы

30

Попов қазжуасы

Gagea neo-popovii

Лалагүлдер тұқымдасы

31

Альпі дифазиструмы

Diphasiastrum alpinum

Шоқпарбастар тұқымдасы

32

Қар дәуаяғы

Macropodium nivale

Айқышгүлдер тұқымдасы

33

Батпақ жылантамыры

Epipactis palustris

Сүйсіндер тұқымдасы

34

Кәдімгі емен

Quercus robur

Шамшатыр тұқымдасы

35

Сарғылт сарыбасшөп

Erysimum croceum

Айқышгүлділер тұқымдасы

36

Іле үшқаты

Lonicera iliensis

Ұшқаттар тұқымдасы

37

Қаратау ұшқаты

Lonicera karataviensis

Ұшқаттар тұқымдасы

38

Қаратау жыланбасы

Dracocephalum karataviense

Ерінгүлділер тұқымдасы

39

Кауфман ирекжапырағы

Ikonnikowia kaufmanniana

Кермек тұқымдасы

40

Колпаковский иридодиктиумы

Iridodictyum kolpakowskianum

Құртқашаштар тұқымдасы

41

Сібір қандығы

Erythronium sibircum

Лалагүлдер тұқымдасы

42

Крашенников сартүтігі

Cancriniella kraschennikovii

Күрделігүлділер тұқымдасы

43

Кавказ таутағаны

Celtis caucasica

Таутағандар тұқымдасы

44

Альберт құртқашашы

Iris alberti

Құртқашаштар тұқымдасы

45

Бұғы мүгі немесе Ягель

Cladina rangiferina

Кладина тұқымдасы

46

Қауырсынды қау

Stipa pennata

Астық тұқымдасы

47

Сарғыш сарана

Hemerocallis lilo-asphodelus

Лалагүлдер тұқымдасы

48

Ақ тұңғиық

Nymphaea alba

Тұңғиықтар тұқымдасы

49

Іріжапырақ көбенқұйрық

Cousinia grandifolia

Күрделігүлділер тұқымдасы

50

Мыңжылқы көбенқұйрығы

Cousina mindschelkensis

Күрделігүлділер тұқымдасы

51

Мүшкетов түйесіңірі

Atraphaxis muschketowii

Тарандар тұқымдасы

51

Мамыр қыңжыгүлі

Convallaria majalis

Лалагүлдер тұқымдасы

52

Тамаша ассүттіген

Prenanthes mira

Күрделігүлділер тұқымдасы

53

Қаратау сетені

Lepidolopha karatavica

Күрделігүлділер тұқымдасы

54

Шаттауық немесе Кәдімгі орманжаңғақ

Corylus avellana

Қайыңдар тұқымдасы

55

Северцов жалғаншөлмасағы

Pseuderemostachys sewerzowii

Ерінгүлдер тұқымдасы

56

Бұйра лалагүл

Lilium martagon

Лалагүлдер тұқымдасы

57

Қаратау жалған бозкілемі

Pseudosedum karatavicum

Жасаңшөптер тұқымдасы

58

Жаңғақты лотос

nelumbo nucifera

Лотос тұқымдасы

59

Афлатун жуасы

Allium aflatunens

Жуа тұқымдасы

60

Түпті жуа

Allium caespitosum

Жуа тұқымдасы

61

Ұсақторлы жуа

Allium microdictyon

Жуа тұқымдасы

62

Тамырлы жуа

Allium polyrhizum

Жуа тұқымдасы

63

Піскем жуасы

Allium pskemense

Жуа тұқымдасы

64

Суворов жуасы

Allium suworowii

Жуа тұқымдасы

65

Ақсары жоңышқа

Medicago ochroleuca

Бұршақ тұқымдасы

66

Мақсыр маралтамыры

Rhaponticum carthamoides

Күрделігүлділер тұқымдасы

67

Аласа дестегүл

Merendera robusta

Мелантия тұқымдасы

68

Попов дембеті

Mertensia popovii

Айлауықтар тұқымдасы

69

Ледебур бадамы

Amygdalus lebedouriana

Раушангүлдер тұқымдасы

70

Зеравшан аршасы

Juniperus seravschanica

Сауырағаш тұқымдасы

71

Ярослав сүттігені

Euphorbia yaroslavii

Сүттіген тұқымдасы

72

Зайсан лақсасы

Echinops saissanicus

Күрделігүлділер тұқымдасы

73

Қоқан салпысы

Morina kokanica

Салпыстар тұқымдасы

74

Кәдімгі жұмсақжеміс

Malacocarpus crithmifolius

Адыраспан тұқымдасы

75

Ірі кекіребас

Jurinea robusta

Күрделігүлділер тұқымдасы

76

Жапырақсыз орашық

Epipogium aphyllum

Сүйсіндер тұқымдасы

77

Жетісу күреңкөкгүлі немесе Қызыл адыраспан

Niedzwedzkia semiretschenskia

Бигнония тұқымдасы

78

Жабысқақ қандыағаш

Alnus glutinosa

Қайыңдар тұқымдасы

79

Көрікті ойраш

Ostrowskia magnifica

Қоңыраугүл тұқымдасы

80

Алматы кекіресі

Oxytropis almaatensis

Бұршақ тұқымдасы

81

Талас кекіресі

Oxytropis talassica

Бұршақ тұқымдасы

82

Фукс бармақтамыры

Dactylorhiza fuchsii

Сүйсіндер тұқымдасы

83

Минквиц наурызшешегі

Primula minkwiziae

Наурызшешек тұқымдасы

84

Фальконер бауыршөбі

Hepatica falconeri

Сарғалдақтар тұқымдасы

85

Сәлдегүл таушымылдығы

Paeonia hybrida

Таушымылдықтар тұқымдасы

86

Кәдімгі таушымылдық

Paeonia anomala

Таушымылдықтар тұқымдасы

87

Келлер кестежусаны

Pyrethrum kellerii

Күрделігүлділер тұқымдасы

88

Таңдамалы шоқпарбас

Huperzia selago

Шоқпарбастар тұқымдасы

89

Дәрмене

Artemisia cina

Күрделігүлділер тұқымдасы

90

Сарғылт құндызшөп

Pulsatilla flavescens

Сарғалдақтар тұқымдасы

91

Ашық құндызшөп

Pulsatilla patens

Сарғалдақтар тұқымдасы

92

Регел тарбақайы

Rhaphidophyton regelii

Алабұталар тұқымдасы

93

Алтай рауғашы

Rheum altaicum

Тарандар тұқымдасы

94

Виттрок рауғашы

Rheum wittrockii

Тарандар тұқымдасы

95

Қызғылт семізот

Rhodiola rosea

Жасаңшөптер тұқымдасы

96

Маймұр немесе Ақшыл секпілгүл

Fritillaria pallidiflora

Лалагүлдер тұқымдасы

97

Алтай таутобылғысы

Sibiraea altaiensis

Раушангүлдер тұқымдасы

98

Янчевский қарақаты

Ribes janczewskii

Қарлығандар тұқымдасы

99

Қатпарлы шұбаршөп

Saussurea involucrata

Күрделігүлділер тұқымдасы

100

Шренк тобылғытүсі

Spiraeanthus schrenkianus

Раушангүлдер тұқымдасы

101

Пятаева сертебесі

tanacetopsis pjataevae

Күрделігүлділер тұқымдасы

102

Берікқара терегі

Populus berkarensis

Талдар тұқымдасы

103

Тораңғы

Populus pruinosa

Талдар тұқымдасы

104

Альберт қызғалдағы

Tulipa alberti

Лалагүлдер тұқымдасы

105

Жауқазын немесе Бәйшешек

Tulipa biebersteiniana

Лалагүлдер тұқымдасы

106

Борщов қызғалдағы

Tulipa borszczowii

Лалагүлдер тұқымдасы

107

Грейг қызғалдағы

Tulipa greigii

Лалагүлдер тұқымдасы

108

Зинайда қызғалдағы

Tulipa zenaidae

Лалагүлдер тұқымдасы

109

Кауфман қызғалдағы

Tulipa kaufmanniana

Лалагүлдер тұқымдасы

110

Колпаковский қызғалдағы

Tulipa kolpakowskiana

Лалагүлдер тұқымдасы

111

Қысқа аталық қызғалдағы

Tulipa brachystemon

Лалагүлдер тұқымдасы

112

Леман қызғалдағы

Tulipa lehmanniana

Лалагүлдер тұқымдасы

113

Дарагүлдер қызғалдағы

Tulipa uniflora

Лалагүлдер тұқымдасы

114

Островский қызғалдағы

Tulipa ostrowskiana

Лалагүлдер тұқымдасы

115

Кеш қызғалдақ

Tulipa tarda

Лалагүлдер тұқымдасы

116

Жатаған қызғалдақ

Tulipa patens

Лалагүлдер тұқымдасы

117

Алакүлте қызғалдағы

Tulipa heteropetala

Лалагүлдер тұқымдасы

118

Регель қызғалдағы

Tulipa regelii

Лалагүлдер тұқымдасы

119

Күмәнді қызғалдағы

Tulipa dubia

Лалагүлдер тұқымдасы

120

Шымған қызғалдағы

Tulipa tschimganica

Лалагүлдер тұқымдасы

121

Шренк қызғалдағы

Tulipa schrenkii

Лалагүлдер тұқымдасы

122

Северцов қарақабағы

Ungernia sewerzowii

Амариллистер тұқымдасы

123

Кәдімгі пыста

Pistacia vera

Сумахтар тұқымдасы

124

Ақжолақ сасыр

Ferula leucographa

Шатыршагүлділер тұқымдасы

125

Семенов айдаршөбі

Corydalis semenovii

Көгілдір тұқымдасы

126

Жауқазын немесе Алатау бәйшешегі

Crocus alataevixus

Құртқашаштар тұқымдасы

127

Корольков бәйшешегі

Crocus korolkowii

Құртқашаштар тұқымдасы

128

Түбірлі томағашөп

Scutellaria subcaespitosa

Ерінгүлдер тұқымдасы

129

Тауқалуен

Schmalhausenia nidulans

Күрделігүлділер тұқымдасы

130

Культиасов батаны

Schrenkia kultiassovii

Шатыршагүлділер тұқымдасы

131

Иткүшала

Eminium lehmannii

Аройниктер тұқымдасы

132

Илария шырышы

Eremurus hilariae

Асфодел тұқымдасы

133

Алматы шиқылдағы

Juno almaatensis

Құртқашаштар тұқымдасы

134

Көкшіл шиқылдақ

Juno coerulea

Құртқашаштар тұқымдасы

135

Кушакевич шиқылдағы

Juno kuschakewiczii

Құртқашаштар тұқымдасы

136

Сүйсін шиқылдағы

Juno orchioides

Құртқашаштар тұқымдасы

137

Недзвеция алмасы

Malus niedzwetzkyana

Раушангүлдер тұқымдасы

138

Сиверс алмасы

Malus sieversii

Раушангүлдер тұқымдасы

139

Соғды шағаны

Fraxinus sogdiana

шаған тұқымдасы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу