Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 13 сабақ.


Ғасырлық туынды

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

«Әлдеқашан бел асып кеткен керуеннің айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп,тұтатпақ болды десек,романға материал жинаған менің де халім дәәл сол әрекет сияқты еді».

М.О.Әуезов

Оқу мақсаты:

11.3.3.1 шығарманы идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақ мақсаты:

Шығарамадағы автор идеясын көркемдік құндылық тұрғысынан жанжақты талдап, әдеби эссе жазу.

Бағалау критерийлері:

Шығарма идеясын анықтайды

Көркемдік құндылық тұрғысынан талдайды

Өзіндік ойын білдіреді

Әдеби эссе жазады

Құрылымын сақтайды

Сауатты жазады.

Қызығушылығын арттыру:

Әр оқушы сұрақ суырып, эссе туралы қысқаша ойын топта ортаға салады, еске түсіреді.

- Эссе құрылымы

- Кіріспені қалай жазу керек?

- Негізгі бөлімде не жазылады?

- Жақсы эссе болу үшін не қажет?

Эссе құрылымы.

Кіріспе бөлімі 2 ойдан тұрады: Жалпы пікіроқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін; тезистік пікірэсседегі талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы идеяны береді.

Негізгі бөлім бір немесе бірнеше абзацадан тұрады. Әр абзацада бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойларды талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.

Қорытынды бөлім- негізгі бөлімде талқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.

Ой қозғау

«Абай» деректі фильмінен үзінді көру. (Үзінді Құнанбайдың Абайға таққан үш міні жайында)

Жеке жұмыс:

Оқушылараға 2 тақырып ұсынылады. Әркім өз қалауы бойынша тақырыпты таңдап, шағын эссе жазады.

1.Құнанбайдың баласына таққан үш міні мен Абайдың оған берген жауабына көзқарасыңыз қандай?

2. Шығармадағы әке мен бала арасындағы келіспеушілік арқылы адам бойындағы қандай құндылықтарды байқауға болады және ол құндылықтардың қазіргі өмірдегі орны қандай?.

Бағалау, кері байланыс:

«Карусель» әдісі арқылы топтағы отырған оқушылар сағат тілі бағытында өз жұмыстарын алмастырып алып оқып, соңғы оқыған жұмысын критерийлер арқылы бағалайды, сындарлы кері байланыс береді. Топта үздік жұмысты анықтайды, талдайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу