Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 4 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

1-БӨЛІМ. МҰХТАР ӘУЕЗОВ

“АБАЙ ЖОЛЫ” РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ

ҒАСЫРЛЫҚ ТУЫНДЫ 1-2-КІТАП

Оқу мақсаты: 11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Сабақ мақсаты: «Абай жолы» роман-эпопеясын мазмұндас туындымен салыстырып, әдеби

сын жазу

Бағалау критерийлері:

Шығарма идеясын анықтайды;

Шығарма идеясын мазмұндас туындымен салыстырады;

Шығарма идеясына сүйене отырып, әдеби сын жазады.

ТАПСЫРМА Ж.

«Абай жолы» роман-эпопеясының І кітабын М.Әуезов «Бұл күнде Абай көңіліне панасыз, кемтар көрінетін бар сахарасының, бар халқының күйі де осы реңдес. Бір кезде нанғыш, таза бала жүрегі барлық рақат, бақыт осы қырда, ауылда деп аласұрған болса, қазір Абай қайта жортып келеді. Енді бірақ сондағыдай үміт, бақыт тілегін қаладан іздеп, соны аңсап келеді.

Бұл уақытта Абайдың жасы 24-ке шыққан. Көз алдынан өзі шегіп өткен жылдардың бірталай күйлері шұбатылып өте берді. Байқап қараса, өмірдің бірталай қат-қабатынан, шытырманынан, бел-белесінен өтіпті. Бір шақта өрге басып, енді, міне, қияға қияға қарай да өрлеп келе жатқан тәрізді. Осындай өз тірлігінің бұраң жолын көрді. Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құм мен тастақты жарып, әлсіз нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған. Сондай бір өмір гүл ашқан. Енді бұл күнде сол шыңға шыққан жас шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді» деп аяқтайды.

Берілген үзіндіге сүйене отырып, жазушының Абай образын сомдаудағы суреткерлік шеберлігін талдап, әлемдік деңгейдегі мазмұндас шығармалармен салыстырып, әдеби сын жазыңыз. Жазылым барысында қою сиямен берілген жолдарға назар аударыңыз.

Дескриптор:

Шығарма идеясына баға береді;

Шығарма идеясын мазмұндас туындымен салыстырады;

Шығарманың әлемдік деңгейдегі маңыздылығына баға береді;

Шығармадан қазақ халқының ұлттық ерекшелігін танытатын дәлелдер келтіреді;

Шығарманың қазақ халқының ұлттық ерекшелігін танытудағы орнын бағалайды;

Ғылыми стильде жазады;

Әдеби сын жазуға қойылатын талаптарды, сөз санын сақтайды (250-300 сөз).

Р Е Ф Л Е К С И Я «3-2-1»

Жазылымда мен үшін маңызды болған

3 аспект

Қиындық туғызған 2 жағдай

Менің табысым: 1 сөйлем



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу