Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 2 сабақ.


«Абай жолы» романы жайлы 15 дерек

І том /1-2-кітап/

Сабақтың тақырыбы:

1-БӨЛІМ. МҰХТАР ӘУЕЗОВ

“АБАЙ ЖОЛЫ” РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ

ҒАСЫРЛЫҚ ТУЫНДЫ 1-2-КІТАП

Оқу мақсаты: 11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау

Сабақ мақсаты: роман-эпопея жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау, автордың композиция құрастыру шеберлігіне өз көзқарасын білдіру

1-тапсырма ТЖ.

1-топ

Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог кездеседі. «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда» тарауларының қысқаша сюжеттік-композициялық жоспарын құрастырыңыздар.

2-топ

Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы, байланысы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог кездеседі. «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» тарауларының сюжеттік- қысқаша композициялық жоспарын құрастырыңыздар.

3-топ

Ұсынылған теориялық материалды оқи отыра, «Абай жолы» роман-эпопеясындағы баса назар аударатын проблемалық тартыстарға шығармадан мысалдар келтіріңіздер, автор идеясының тартыс арқылы шығармада көрініс беру шеберлігіне талдау жасаңыздар

4-топ

Берілген теориялық материалға сүйене отырып, лирикалық шегініске шығармадан мысал келтіріңіздер, автордың ойы мен сезімінің лирикалық шегініс арқылы шығармада көрініс беру шеберлігіне талдау жасаңыздар.

5-топ

Классикалық үлгідегі туындыларда күрделі де тұтастық сипатта көрінетін сюжеттің басталуы байланысы, дамуы, шарықтау шегі, шешімі сияқты бөлшектерден тұрады. Кей шығармаларда пролог пен эпилог кездеседі. «Қат-қабатта», «Жолда» бөлімдерінің сюжеттік жоспарын құрастырыңыздар

6-топ

Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жазушы кейіпкердің жан күйзелісі немесе кейіпкер сезімінің ішкі толқындарын оқырманға терең жеткізу үшін табиғат суреттерін, яғни пейзажды пайдаланады. «Абай жолы» романында кейіпкердің жан дүниесін табиғат суреттерімен астастыра отырып, жазушының образ жасау эпопеядан шеберлігіне мысалдар келтіріңіздер.

2-тапсырма Ж. «Ашық микрофон»

Эпопеяның өн бойында Абай оңаша күйде, екеуара, топ ортасында, мәжіліс үстінде, әрекет-күрес басында, қолма-қол шайқаста, бір қуаныш, бір қайғыда, барлық болмысымен толық ашылып, оқырман назарына түседі. М.Әуезовтің әлемге әйгілі туындысы туралы, романның басынан аяғына дейін характерлік даралығымен толық ашылатын бас кейіпкер Абай бейнесі жайлы қандай ой қорыттыңыз? Өз ойыңызды «Ашық микрофонда» ортаға салыңыз.

Р Е Ф Л Е К С И Я

Бүгінгі сабақта не ұнады?

Не ұнамады?

Бүгін не білгіңіз келіп еді, мақсатыңыз орындалды ма?

Не жайында көбірек білгіңіз келеді?

Өзге де толғандыратын сұрақтар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу