Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, презентация. 1 сабақ.


«БЕС ҚАДАМ»

Бүгінгі көңіл күйіңізді 5 қадаммен бейнелеп беріңіз.

«Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың оқудан аулына қайтып келе жатқандағы сәттегі көңіл күйін 5 қадаммен бейнелеп беріңіз.

«Алтын сандық»

сұрақ-жауап ойыны

Бұл сұрақ-жауаптар арқылы жаңа сабаққа қандай болжам жасай аласыздар?

Сабақтың тақырыбы:

1-БӨЛІМ. МҰХТАР ӘУЕЗОВ

“АБАЙ ЖОЛЫ” РОМАН- ЭПОПЕЯСЫ

ҒАСЫРЛЫҚ ТУЫНДЫ 1-2-КІТАП

Оқу мақсаты: 11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну

Сабақ мақсаты: сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы роман-эпопеяның жанрлық ерекшелігін түсіну

1-тапсырма ЖЖ.

Төмендегі деректерді оқып танысып, жұбыңызбен ой бөлісіңіз.

https://fs00.infourok.ru/images/doc/102/120605/img3.jpg

Эпопея (грек. epopoiia – тудыру, жазу) – эпостық шығарманың бір түрі; «эпоха», яғни дәуір деген ұғымды білдіреді. Белгілі бір немесе бірнеше тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде суреттейтін, бірнеше ұрпақ өкілдерінің іс-әрекеттерін ортақ идея мен бір тақырып арнасында, көркемдік тұтастықта баяндайтын поэзиялық не прозалық кесек туынды. Кең құлашты халықтық эпопея бастан-аяқ тартысқа, қарама-қарсы күштердің қым-қиғаш күресіне құрылып, осының бәрі диалектикалық қимыл-қозғалыс, өсу-өрбу, өрістеу үстінде көрсетіледі. Эпопеяға тән ортақ қасиет – тарихи тақырыптың терең әлеуметтік идея арнасында баяндалуы, оқиғаның реалистікпен суреттелуі, кейіпкер сипатының байсалды түрде даралануы, тіл нәрлілігі.

2-тапсырма ТЖ.

1-қадам.

Оқушылар «Автордың роман-эпопеяны Қодар мен Қамқа оқиғасынан бастауының сыры неде?» деген сұрақты шығарма желісіне сүйене отырып, тобымен талқылап, жауаптарын ВЕНН диаграммасының 1-шеңберіне жазады.

Қодар мен Қамқа оқиғасы

ҚҰНАНБАЙ” ФИЛЬМІ

2-қадам. ТЖ.

«Режиссердің Құнанбай жайлы фильмге Қодар мен Қамқа оқиғасын кірістіруінің сыры неде?» деген сұрақты фильм сценарийіне сүйене отырып, тобыңызбен талқылап, өз жауаптарыңызды ВЕНН диаграммасының 2-шеңберіне түсіріңіздер.

 

«Осы оқиғаның Абайдың азаматтық тұлғасының қалыптасуындағы орны қандай болмақ?» деген сұраққа өз болжамдарыңызды диаграмманың ортасына жазыңыздар.

2-тапсырма: Ж.

Ғалымдар пікіріне жүгінсек...

Төмендегі ғалымдардың зерттеу еңбегінен үзінділерді оқып танысыңыз. Соңына өз ойтүйініңізді жазып қойыңыз.

... Бұл ретте менің Абайды оқудан қайтқан беттегі он үш жасар кезінен бастап алуымда үлкен себеп бар: оның дүние тануындағы, адамдық, ақындық қалыптасуындағы өзгерістерді көрсетпек едім. Үлкен жүректің өршіл таланттың тұлғасын суреттеп беру үшін бұл жай өте керек. Абай аулына келе жатқан бетте оның көзіне іліккеннін, бәрі: дала желі де, даланың жусан шөбі де, оның жұпар иісі де бала жанын өзгеше жылылыққа бөлеп, бұл даланы өзінше ұғынып, сүйіп келе жатады. Міне, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып та­былды.

Мұхтар Әуезов

3-ТАПСЫРМА Ж. «БҰРЫШ»

1-бұрыш

«Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген» /Т.Жұртбаев, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып та­былды /М.Әуезов/. деген ғалымдар айтқан пікірмен келісемін, өйткені...

2-бұрыш

«Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген» /Т.Жұртбаев/, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып та­былды /М.Әуезов/. деген ғалымдар айтқан пікірге басқаша дәлелім бар, себебі ...

3-бұрыш

«Мұхтар өмірлік шындықтан гөрі, дәуір шындығына жүгінген» /Т.Жұртбаев/, жас баланың осындай кінәсіз, тек жақсылыққа ғана бейім адал да ашық жанын алғашқы көрген сұмдық көрінісі – Қодардың қолдан өлтірілуі қатты түршіктіреді. Оның жан дүниесіндегі бір-біріне қарама-қарсы екі сезім – жақсылық пен жауыздықтан туған сезімдер, туған даласына махаббат, сол туған далада болып жатқан сұмдықтан жирену оны шытырманға салады. Осы сәт, менің ойымша, оның өміріндегі үлкен бетбұрыс болып та­былды /М.Әуезов/. деген ғалымдар айтқан пікірдерге келісетін де, келісе алмайтын дәлелім да бар...

Р Е Ф Л Е К С И Я

Бүгінгі сабақта не ұнады?

Не ұнамады?

Бүгін не білгіңіз келіп еді, мақсатыңыз орындалды ма?

Не жайында көбірек білгіңіз келеді?

Өзге де толғандыратын сұрақтар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу