Заман, дәуір тұлғасы. Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы . Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.
«Абай жолы» романының «Жолда» тарауынан
Абай Қарқарылаға жетіп, әкесімен тұрғалы көп күндер болды. Бүгін Абайдың қайын атасы Алшынбай (Алшынбайдың Түсіп деген баласының Ділдә деген қызына Абайды айттырысқан болатын) Құнанбайды көргелі қонаққа келе жатыр. Ашекең келіп, қонақ асын ішіп болғасын, Бөжейдің арызданғанын айтады. Сосын Майыр дейтін ірілі кісі кіріп келеді. Осы өлкенің аға сұлтаны Құнанбай болса, Майыр оның көмекшісі. Бүгін ол Бөжейді жақтап келгендей сөз бастайды. Сосын олар біраз айтысып та қалады. Алшынбай араға түсіп, оларды тоқтатты да, Майырды үйіне жөнелтіп жібереді. Кейін Құнанбайға бет бұрып: «Сенің бұл ісің жөнсіз. Ана хан тұқымы, бәлеқұмар Баймұрын сенің орныңа аға сұлтан болғысы келіп жүр. Бұйрығыңмен жүріп жатқан мешіттің де бітуі мәрелеп қалды. Ел сені одан әрі сыйлауда. Одан да қырс мінез танытпай, Бөжей бауырыңды өзіңе тарт. Кешірім сұрасаң, сенің ештеңең кетпейді», - деді де өз жолына түсіп кетті.
«Тағдыр» романында суреттелген ұлттық этнографиялық әрекеттер мен бояулар айшығы Қабдеш Жұмаділов романдары күшті характерлермен, сюжеттік-композициялық бітімінен дараланады. Жазушының «Соңғы көш» романынан кейін «Тағдыр» туындысы дүниеге келді. «Тағдыр» романына арқау болған – Еженхан мен Ақпатшаның арасындағы Шығыс Түркістан аймағын бөлісу мәселесі, шегара бөлінгеннен кейінгі халық тағдыры. Романда ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы аралығындағы уақыт қамтылған, яғни «Соңғы көш» романындағы Қанағат бидің әкесі – Күдері мен атасы Сымайылдың өмір сүрген дәуірі бейнеленген. Роман сюжетіне арқау болған оқиға – Ресей мен Қытай сияқты екі империяның ортасында өмір сүрген қазақ елінің ауыр тағдыры. Екі мемлекет арасындағы шегара бөлісу мәселесі романның «Жол торабы» бөлімінде ғана көрініс тапқан. Қалған бөлімдерінде осы оқиғадан кейінгі ел ішіндегі жағдай, шегара бөлінісінің қазақ жеріндегі ел басқару жүйесіне әсері, соған қатысты қоғамда болған өзгерістер, қазақ пен қытай арасындағы қарым-қатынастар, т.б. мәселелер суреттелген. Жазушы Шығыс Түркістан халқының тарихындағы осы бір кезеңді өзінің ішкі-сыртқы қайшылықтарымен көрсете алған. Шығарманың басты кейіпкері – Демежан. Ол елдің, халқының ауыз-бірлігін, елдігін сақтап қалу жолында тер төгеді. Мысалы, Демежанның аймақтың әміршісі Ши-амбыдан жер, су сұрауы, шегараны бөлу комиссиясының мүшесі ретінде ел ішіндегі қоғамдық мәселелерге араласуы, Ли-шансыңмен қарым-қатынасы, халдайлармен арадағы қақтығысы т.б. толып жатқан сюжеттік желілер романның композициялық бітімін құрайды. Шығармадағы оқиғалар желісі Демежан төңірегінде өрбіп отырады. Жазушы негізгі кейіпкер Демежанды бейнелеу арқылы өмір сүріп отырған қоғамның, әлеуметтік ортаның шындығын көрсетуге тырысқан. Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығы туралы ғалым Шерияздан Елеукенов былай дейді: «Автордың мәселе қоюдағы бірер ерекшелігін айта кету артық болмас деймін. Ол қазақ қауымының отаршылдық езгіге түскеннен кейінгі жерде адамдардың ішкі жан сарайындағы өзгерістерді зерттеуге деген құштарлығы дер едім». Жазушы Демежанды да, ел басқарушы адамдарды да, әлеуметтік болмыс, қоғам қайшылықтарын да ашарлық түрлі түрлі сюжеттер жүйелерін өмір қажетінен туғандай етіп көрсетеді. Жазушы Демежаннның бала күнінен бастап суреттемей, оның есейген шағынан, яғни Бибіге үйленіп, аймақ губернаторы Ши-амбының қарамағында тілші болып қызмет істеп жүрген кезеңінен бастап қамтыған. Сонымен қатар шығармада әлеуметтік қақтығыстар, тұрмыстық көріністер, қытай мен қазақтың өткен-кеткен тарихы кезектесіп келіп отырады. Роман «Жол торабы», «Тағдыр талқысы», «Уақыт керуені», «Дар ағашы» деген бөлімдерден және эпилогтан тұрады. https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/28896/
Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасының толық нұсқасы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 📲ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ДИПЛОМДАР QR-КОД АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАПОНИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА
» ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ ЖАСАЛДЫ