Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.
Айшықтау дегеніміз - сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу - сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту. Сөз айшықтары - сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнін күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал - тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ - жауап, дауыс ырғағы т.б жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.
Параллелизм (гр. parallelismos > parallelos - қатар жүруші, симметрия)[1] — бір-біріне уқсас құрылымды сөйлемдер мен сөз тіркестерінің, формалас сөйлем мүшелерінін қабаттаса қатар қолданылуы. Мысалы: Ереуіл атқа ер салмай,Егеулі найза қолга алмай,Еңку-еңку жер шалмай (Махамбет). Алдыңғы кезек менікі, соңгы кезек сенікі (Ауыз әдебиет).[2]
Риторикалық сұрау(лепті сұрау)-шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді. Мысалы:
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте-бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?
Кейде айшықты шешендік сұрау, жансыз нәрсеге қаратылып айтылып, сұраулы арнау сөз түрінде келеді. Қазақ поэтикасында мұндай үлгіні сұрай арнау деп те атайды. Алайда сөздің негізгі стильдік ерекшелігі, өзгеше мәнділігі сұрау түрінде айтылуына байланысты болады.
Анитеза - шендестіру, мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралы, көркемдік әдістің бірі. Шендестіру қарсы мәндес сөздерді бір-біріне қарама-қарсы қою арқылы жасалады. Мысалы "Қан мен тер" (Ә.Нүрпейісов), "Соғыс және бейбітшілік" (Л.Толстой), "Қызыл мен қара" (Стендаль"), т.б. шығармалардың аты шендестіру арқылы тура немесе жанама болса да оның мәнін ашуға қызмет етіп түр. Қазақ әдебиетінде шендестірудің күрделі, көркемдік қуаты мол, эстетикалық әсері күшті үлгісін Абай жасаған: "Қар -аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл, Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...". "Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жаланаш, Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда...". Абай реңі жағынан бір-біріне қарама-қарсы үш түсті алып, шендестіру арқылы негізгі бейне - төртінші суретті қиыннан қиыстырып бере алған. Сыртқы белгілерді салыстырумен бірге, адамның жай-күйі, ішкі сезімі, сыр-сипаты да шендестіру арқылы бейнеленеді: "Бір суып, бір ысып, Бір үміт, бір қауіп" (Абай). Қазақ әдебиетінде шендестірудің мұндай сәтті үлгілері көп кездеседі. "Шашын - қара, денен - ақ бұлт, жүзін - Ай, Тісін - меруерт, көзін - сәулем, құралай" (М.Жұмабаев). Анитеза - бейнелеу құралдарының көркемдік қуаты ерекше, көп қолданылатын түрі.
Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.[1]
- Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. “Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” (Махамбет);
- еспе Қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады: “Сарқырайды мұз бұлақтар. Мұз бұлақтар у да шу” (С.Сейфуллин);
- анафора – өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң – Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – Құспын, Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С.Мәуленов);
- эпифора – өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: “Күншілдер өледі көңілін от қарып, Батырлар өледі борышын атқарып” (Қ.Мырзалиев).[2]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?