Қ.Жұмаділов «Тағдыр» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
Мүдде деп – дара адам, отбасы, ұлттық немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының объективтік және әлеуметтік жағдайларға сай айқындалуын айтамыз.
Ұлттық мүдде – кең мағынасында – қоғамдық өмірдің барлық саласындағы әлеуметтік-саяси қажеттіліктерді көрсететін елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделері; тар мағынасында – ұлттың немесе басқа этностың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі қажеттіліктерінің көрінісі. Ұлттық мүдде белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделері екендігін ескерсек, ұлттық мүдде мен ұлттық қажеттілік мемлекеттік мүдде мен мемлекеттік қажеттілікпен қатар тұрады.
Ұлттық мүдде – аса маңызды қоғамдық мүдделердің бірі. Ол мемлекет дамуының ішкі және сыртқы қатынастарының бағыт-бағдарымен, саясатымен тікелей астасып жатады. Бұл деңгейдегі әрқилы мүдде тарихта уақытында және тиімді түрде шешімін тауып отырса, онда қоғамдық дамудың өркениеттілігі, пәрменділігі, үйлесімділігі арта түседі, сондай-ақ мемлекеттің ішкі қайшылықтарының әлеуметтік тұтастықты бұзбауына негіз болады.
Ұлттық мүддеге тар, әрі біржақты мағынада қарауға болмайды. Қазақстанның ұлттық мүддесі тек мемлекеттің немесе бір ғана этностың мүддесі емес. Қазақстанның ұлттық мүддесі дегеніміз, ол – жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесі, олардың қоғам өмірінің барлық саласындағы теңестірілген мүдделерінің жиынтығы.
http://qasym.kz/ulttyk-mudde-zheke-mudde-ujlestik-pen-undestik/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?