Шаймардан Құсайынов «Томирис» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 5 сабақ.
Шахмардан Құсайынов «Томирис» драмасы
«Тыңдалым триадасы» әдісі
Оқушылар үш-үштен топтарға бөлінеді, олардың екеуі бір-біріне қарама-қарсы тұрады (шешен, тілші), үшіншісі (хатшы) бөлек тұрып сыртынан бақылап тұрады. Шешен – мәселеге қатысты өз пікірін білдіреді немесе комментарий айтады. Тілші – сұрақ қойып, түсінгісі келеді. Хатшы – әңгімені тыңдау барысында белгілеп отырады, әңгіме аяқталысымен баяндама ұсынады. Оқушылар рөлдерін ауыстырып, жалғастыра алады.
«Тыңдалым триадасында» талқыланатын сұрақ:
- Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасында қандай мәселелер көтерілген?
«РАФТ» әдісі. Оқушылар ұсынылған рөлдің біреуін таңдап, нақты аудиторияға арнап, форманы сақтай отырып, жазба жұмысын орындайды.
Р – рөль
А – аудитория
Ф – форма
Т – тақырып
Дескриптор
- Көркем шығармада көтерілген мәселеге талдау жасайды;
- Өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (хат, әңгіме, өлең, шығарма) жазады.
Кері байланыс.
- Томирис патшайымның бойында қазіргі қазақ қызына үлгі боларлық қандай қасиеттер бар?
Үйге тапсырма:
Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасын мұқият оқып, Томирис патшайымға арнап өлең жазу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 📲ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ДИПЛОМДАР QR-КОД АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ЖАПОНИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУДА
» ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕП РЕЙТІНГІ ЖАСАЛДЫ