Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.


Заман, дәуір тұлғасы

Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі

Оқу мақсаты:

көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу.

Үзінді мазмұнын түсінеді;

Шығарма мазмұнындағы детальдерді анықтайды;

Сахналық қойылым сценарийін жазады.

Бағалау критерийі:

1-тапсырма.

Келесідей рөлдерді таңдай отырып, топта сахналық қойылым әзірлеңіздер. Жұмыс соңында сыныпқа таныстырылады, «Үздік сценарий» анықталады.

1-адам: драматург, жазушы (шағын үзінді таңдап, сценарий жазады)

2-адам: режиссер (сценарий бойынша кейіпкерлерді шығарады, жеке эпизодтарға арналған сахналық декорация жасайды)

3-адам: суретші костюмер (сөзбен немесе суретпен кейіпкерлердің жекелеген эпизодтардағы бейнесін жасайды)

4-адам: музыкалық көркемдеуші (түрлі эпизодтарға байланысты музыкалар таңдайды)

Дескриптор:

Шығарма мәтінінен қажетті үзінді таңдай алады;

Үзіндіге сәйкес болуы тиіс кейіпкерлер дұрыс анықталған;

Сахналық декорация айқын, әңгіме мазмұнына сәйкес

Кейіпкерлер бейнесі (киімі, түрі, тұлғасы,т.б.) мәтін мазмұнына сәйкес

Музыкалық көркемдік эпизод мазмұнына сәйкес

Топтың шығарма мазмұнындағы нақты детальдерге (кейіпкерлердің бейнесіне, эпизодтық, кейіпкерлік суреттеулерге, т.б.) ерекше назар аударғандығы көрінеді.

2-тапсырма.

1-қадам. Жұмыстарды бөлме қабырғаларына іліңіз;

2-қадам. Галереяға саяхат – мұғалім белгі берісімен қабырғалардағы сценарийлермен танысыңыз, сценарийдің жалпы суреттелуі мен көркемділігін сараптаңыз және жапсырма қағазға пікіріңіз немесе сұрақ/ұсынысыңызды қалдырыңыз.

3-қадам. Галереяға саяхат аяқталған соң, қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарыңыздың пікірін сараптаңыз, талқылаңыз, сұрақтарға жауап беріңіз және қорытынды жасаңыз.

4-қадам. Марапаттау: «Үздік сценарий»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу