Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


«Кейіпкерді зерттеу» әдісі

«Боранды бекет» романындағы кейіпкер бейнесін танытатын үзінділерді анықтап, кейіпкерге мінездеме беріңіз, автор көзқарасына талдау жасаңыз. 

 1 - жұп    

Едіге  бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

2 - жұп     

Сәбитжан  бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

3 - жұп     

Қазанғаптың бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

4-жұп

 Шаймерден    бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

5-жұп     

Үкілібала бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

6-жұп

Найман-Ана    бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

7-жұп

Жоламан    бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

8-жұп

Жуан-жуандар    бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз.

9-жұп

Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасын танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерлерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

10-жұп

Шығармадағы қазақ халқының   бейнесін танытатын үзінділерден дәлелдер келтіру  арқылы кейіпкерлерге мінездеме беріп, автор көзқарасын анықтаңыз. 

«Зерделеу» әдісі

 

 1-топ 

Өзегі өртеніп сол естігеннен артық хабар білудің өзінен қорқып кетіп, тілін тістей қойды. Кеудесінде бір күдік жаралы құстай шар етіп еді, өзін-өзі әрең тежеп, тіл қатпады... Найман-Ана тұла бойын билеп алған үрейді, қолының дірілін білдірмеуге тырысып, кеудесіндегі шар еткен жаралы құстың үнін өшіргендей болып, тек бурыл басынан көптен бері түспей келе жатқан қаралы жаулықпен бетін бүркемелей берді. 

Тапсырма: 

  • Үзіндіге дейін қандай оқиға болды? 
  • Үзіндіден кейін оқиға қалай дамыды? 
  • Қай тіркестер саған ерекше әсер етті, астын сыз.
  • Жазушының тілдік ерекшелігі көріне ме?Мысал арқылы дәлелде. 
  • Найман анаға жұбату сөзін жаз.

 

 

2-топ. 

Әй, сен қорықпа! Мә, мынаны ұста! — деп ... мәңгүрттің 

қолына жебелі садақты қармата берді. 

— Ал, көзде! — деп ... қалпағын аспанға лақтырып жіберіп еді, қалпақты жебе лезде тесіп өтті. — Ойбой, мынаны қара! — деп қалпақтың иесі аң-таң қалды. — Мынау да бір белгі болды-ау! 

 Тапсырма: 

  • Бұл кімдердің диалогы? (жұпта талда) 
  • Осы үзіндіге дейін  не туралы айтылды? (топта талда) 
  • Диалог тіліне назар аудар. Нені байқадың? Сөздер терминмен берілген бе, қарапайым ба? 
  • Ауызекі сөйлеу стилі екенін дәлелде. 
  • Анасы мен мәңгүрт ұлының диалогын есіңе түсір, мәңгүртке айналғанға дейінгі  анасымен диалогы қалай болды? 

 

3-топ. 

Ақ інгеннің күші мен жүйріктігіне сенбесе, Найман- Ана Сарыөзектің меңіреу даласына тәуекел деп аттанбас та еді. Екі рет боталаған Ақ інген сол жылы қысыр болғандықтан мініске берік, жарау күйінде-тін. Ұзын тірсек, бедеу інгеннің табаны серіппелі еді де жас малдың табаны мұқала қоймаған, қос өркеші тіп-тік, әдемі иір мойын, қырым етсіз келісті бас, сау желгенде екі танауы көбелектің қанатындай желпілдеп, ауаны қомағайлана тартатын Ақ інгеннің құны тұтас бір келеге пара-пар еді. Мұндай жел жануардан ұрық алып қалар үшін ондаған тайлақты матап тұрып берер еді. Мыңғырған малдан Найман-Ананың қолында қалған жалғыз алтын қазынасы осы - Ақ інген-ді.

Тапсырма: 

  • Үзіндіге дейін қандай оқиға болды? 
  • Үзіндіден кейін оқиға қалай дамыды? 
  • Цитатаның әңгімеден алған орны қандай? 
  • Егер осы үзінді болмаса, үзіндінің әсері қандай болар еді? 
  • Теңеу сөздерді қатыстыра отырып, Найман ананың халін ары қарай сипаттап жаз. 

  

4-топ. 

Найман Ана інгеннің мойнын құша жайлап барып құлап түсті. Құлап түсерден бұрын басындағы ақ жаулығы ұшып кетті де, лезде құсқа айналаға, аспанды шарқ ұра шырылдап: "Ойланшы, кімнің баласысың? Атың кім? Атың кім? Сенің әкең Дөненбай! Дөненбай! Дөненбай!.." — деп зар қақсады.

Тапсырма: 

  • Үзіндіге дейін қандай оқиға болды? 
  • Үзіндіден кейін оқиға қалай дамыды? 
  • Зар қақсау деген тіркестің мағынасын қалай түсінесің? 
  • Үзіндідегі символды анықта, себебін түсіндір. 
  • Авторға хат жаз.  Топта ең үздік хатты таңдаңдар. 

  

5-топ. 

Ақыл-ой — адам өле-өлгенше өзімен бірге болатын жалғыз қазына ғой. Біреудің қолында бар байлық басқа біреуде де бар болар, ал ақыл-ой тек саған ғана тән, басқалардікінен бөлек жалғыз асылың. Біреудің ақылы біреуге қазына болмайды. Өзінің түнек тарихынан тағылықтың ең сұмдық, қатыгез түрін мирас қылған көшпенді жуан-жуандар адамның әлгі ең асыл қазынасына қорқаулық жасаған.

Тапсырма: 

  • Үзіндіге дейін қандай оқиға болды? 
  • Үзіндіден кейін оқиға қалай дамыды? 
  • Қорқаулық жасау деген тіркестің мағынасын қалай түсінесің?  
  • Қандай ғаламдық мәселе көтеріледі? Мәселені көтеру мақсатына түсінік беру. 
  • Сіздің ақыл - ойға байланысты пікіріңіз. 


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу