Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


Дидактикалық материалдар.

Суретті «Ақбілек» шығармасымен байланыстырып айтыңыз.

Топтық тапсырма.

1-топ.

Ақбілек аяулы әке мен қымбат анасының алдында ерке де әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ бұл жарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт төрт атты бұзғанды. Олар бейбіт ауылдың апшысын қуырды. Үлкен үй – дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бәйбішесін атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді.

  • Сіз талдап отырған бөлік шығарманың композициялық құрылымының қай бөлігі?
  • Онда не туралы баяндалады?
  • Автор баяндай отырып,қандай мәселені көтереді?
  • Бұған сіздің көзқарасыңыз қандай?

2-топ.

Қарамұрт офицер 14 жасар Ақбілектің өміріне дақ түсірді.а) Ақбілектің көрген зәбірін, арының аяқ асты болуын қай көріністер арқылы байқаймыз?ә) Ақбілекке екі офицердің таласуы, Қарамұрттың жирен офицерді дуэльде атып өлтіруінің себебі неде?5. Қарамұрт қоштасарда Ақбілекті атқалы тұр. Ақбілекке өлім қаупі төніп тұр. Өлім – суық сөз. Шығармада ол қандай образбен шендестіріледі?

3-топ.

Ақбілек тауда жалғыз. Елестетіп көріңіздерші, қою қараңғылық. Түн. Су арқырап ағып жатыр. Жел гуілдеп тұр. Жапырақтар тынымсыз сыбдырлауда. Кенет ұлыған қасқырлар даусы естілді. Олар бірте - бірте жақындап, Ақбілекті қоршап алды.Қасқыр ненің белгісі?

4-топ.

Ақбілекті озбырлардың, қатыгездердің тобы қоршап алды. Сол топпен Ақбілек жалғыз күресуі керек. Ақбілекті олар талап жеп қоюы мүмкін еді. Егер де Ақбілек кенет аяқ астынан жылт еткен шоқты көрмесе.Жылт еткен шоқ оқиғаны қалай өзгертті?Шоқ ненің рәмізі деп ойлайсыз?Ақбілек жолға шығады, оған диуана Ескендір кездеседі. Диуана Ескендір Ақбілекке қандай көмек берді?

5-топ. Ақбілекті ағасы ауылға алып бара жатыр. Ақбілек неге мұңаяды? Қуану керек емес пе? ОЛ неге өз - өзіне ажал тілеп, өлім шақырып келе жатыр? Ақбілектің басындағы «бұлт» енді қоюлана түсті.«.... бұрынғы кіршіксіз аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді. Осы арам денеммен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындаймын? Ойбай - ау! Менің күйеуім ше?» деген жолдардағы қазақ қыздарының ар - ұжданы туралы не айтасыз?Ақбілектің басына түскен қайғының мәні неде?

6-топ.

Ақбілек ауылда.Ақбілектің елге оралуы, ағасы мен жеңгесінің қарсы алуы қалай суреттеледі?Ақбілектің Бекболат ауылына соғуы, Бекболатты пішіні Ақбілек арқылы сипатталуы неліктен?Ақбілектің жеңісі, «тазару, жаңару» кезеңі.Автор әке аузына «Ақбілек жат, өнерлі! Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы. Енді ақсақал именеді» деген сөз салу арқылы нені айтқысы келіп тұр?

Қорытынды жасау

«Сонымен,...» тәсілі

Әр топ «сонымен,» дей отырып шығарманыің идеясын айтады.

«Оң жағы, теріс жағы» әдісі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу