М.Сәрсеке «Дара дарын» роман-эссе (Қаныш Сәтпаев туралы) «ХІV ғасырдан хат» бөлімі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Келісілді
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ӘБ жетекші________
«____» _______ 2018ж.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Қазақтың Қанышы
| Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: 15-21.01.2018 | Мұғалімнің аты-жөні: Айтан А.Л. | |||||||||
Сынып: 10 Т1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы: | М.Сәрсеке «Дара дарын» роман-эссе ( Қаныш Сәтпаев туралы) «ХІV ғасырдан хат» бөлімі | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты | 10.3.1.1 - шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау
| |||||||||
Сабақ мақсаты | Шығарманың тарихилығына және көркемдік құндылығына талдау жасау | |||||||||
Бағалау критерийлері | - Шығарманың тарихи құндылығын анықтайды; - Шығарманың көркемдік құндылығына баға береді. | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өз елін , Отанын сүюге үйрету; Туған жерінің қыр-сырын меңгеруге, тарихи тұлғалардың және шығармалардың құндылықтарын қадірлеу. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Көркемдік тілі, тарихи құндылығы,т.б. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, география | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар АКТ-ны пайдаланады, интербелсенді тақтамен жұмыстану дағдысы қалыптасады. | |||||||||
Бастапқы білім | ||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 7 мин. 3 мин. | Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Назарын сабаққа аударту. Қызығушылықты ояту. - Оқушылар, Қаныш Сәтпаев кім? - Оның қазақ халқы үшін ерекше тұлға екенін кім қалай түсіндіре алады? - Қанышты тек геолог ретінде танимыз ба? Оның қандай басқа қазақ халқы үшін істеген істерін естідіңіздер? (Мұғалім оқушылар жауабына өзі жаңа ақпарат қосады) 1947 жылы - Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті.
Мұғалім Медеу Сәрсекенің «Дара дарын » эссе-романының кім туралы, не жайында екеніне қысқаша ғана тоқталып кетеді:
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
| https://kk.wikipedia.org/wiki/Қаныш_Имантайұлы_Сәтбае
Медеу Сәрсекенің «Дара дарын » эссе-романы | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | 1-тапсырма. « ХІV ғасырдан хат » бөлімін 221-222 б.б. аралығын (ІІІ) оқиды. Шығарманың тарихи құндылығына және көркемдік құндылығына талдау жасаңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Дескрипторлар:
«... Том мемлекеттік Университетінің Сібірдегі ең ескі және ерекше бай кітапханасынан мен туған халқымның фольклорлық шығармаларының небір асыл нұсқаларын таптым, соның кейбірін жұртшылыққа жеткізуге талап та жасадым. .. Солардың ішінде мені әдеби тілінің шұрайлығына, кестелі жырының сонылығы, тарихи-этнографиялық деректерінің молдығы жөнінен Едіге туралы жыр қатты қызықтырды. Әубаста оны Ш.Уәлиханов жазып алыпты, кейіннен профессор П:М: Мелиоранский жариялапты... Дайын тұрған нұсқаны қазіргі қазақ емлесіне түсіріп, өз атымнан алғысөз жазып, 1924-25 жылдар аралығында бітіріп, Мәскеудегі КСРО халықтарының Орталық Баспасына жібердім...деген түсініктеме оқимыз Қаныш Имантайұлының 1951 жылы ресми мекемеге жолдаған хатынан. Сөз бұл жерде Қ. Сәтбаевтың 1927 жылы Мәскеуде жарық көрген «Ер Едіге» кітабы жайында болып отыр. Шындығын айтқанда, бұл –болашақ академиктің баспа бетін көрген тұңғыш кітабы. Фольклорлық жинаққа кен инженері Қ. Сәтбаев жазған «Сөзбасынан» шағын үзінді ұсынамыз.... «Мелиоранский бастырған «Едігенің» аты қазақша болса да, заты ноғайшаға жуықтанқыраған түрі. Мұның үстіне әңгіме ішінде келетін түрлі толғаулардың да аяқ алысы тасырқаған малдың тұяғынша сандыраққа айналынқырағаны көрінеді. Бұған айыпты, әрине, Шоқан да, Мелиоранский да емес. Әңгімені бірінші рет ақққа көшірген Ахмет деген ноғай мен өткен ғасырдағы қазақ жақсыларының... «кітапша жазу», «ноғайша сөйлеуді» сән көретін әдеті дей келіп, «Ер Едігені» бастырушы мынандай уәж айтады.-...Аймақтану» ұйымдарының қазақ ішінде істейтін нысаналы жұимыстарының алды елдің ауыз әдебиетін жинау шаралары болуы керек. Әйтпесе қазақ жұрты да қазіргі татар жұрты сиықты, енді біраздан кейін әдебиетінің деректерін «Орхон жазуларынан» іздеуі мүмкін. Шоқан бастап жиған Едіге батырдың әңгімесінде тарих, тіл, әдебиет жақтарынан қарағанда, қазақ ескі сөздерінің ішінде маңызды орын алуға лайық деп білетіндігім үшін, оның жыр уәзіндері мен толғауларын тізіп, жазу түрін қазақшалауды дұрыс деп таптым. (Бұған Баянауыл аймағындағы қаржас руынан шықққан Қопаба дейтін шалдың аузында жүрген Удігенің бір сорабы көмекші болып отырды. ..) Жырды баспадан шығарушы одан әрі дас танда атал ған сом тұлға Сатемірдің шындығында Ақ сақ Темір аталған әмірші екенін дәлелдеп, оның да, қарсыласы Тоқтамыстың да кім болғанын тәптіштей қазады. Сөз соңында: «Тоқтамыс сынды «өзі қойған теке ші гінің» көр сеткен өрескел қоқайын көтере алмай ашуына мінген Ақсақ Темір 1391 жы лы жер қайысқан қолымен Алтын Ордаға жөне ле ді...»дегенде, ол, әрине, сегіз жылдан соң тап өзі сол жорықтың ізімен жүріп, Темір Көреген қалдырып кет кен тас белгіге жолығарын білмеген. Шүбәсіз жайт: әрда й ым білуге, көруге, жүруге ынтызарлық жер ас ты қазынасын сәтті іздеу-мен қоса геолог Сәтбаевты ғылымның өзге саласында да со ны жаңалықтарға жолықты рып отыр ған... Кен барлаушы дәптерлерінде жер жынысын сипаттаумен бірге жол-жөнекей кездескен тарихи белгі, таңбаларды да аттап өтпей, суретін салып, көрген-білгенін тәп тіш тей жазуды машық еткен. Айталық, Бұ ланты өзенінің оң жағасынан, тақтатасты жыны-стардан тұратын қима жартас бетінен ол көптеген хайуанаттар суретін табады; нақ осындай тас бейнелерді Қаныш Имантай ұлы Тамды, Жетіқыз өзендерінің бойынан да көрген; ал Ұлытаудың ұлы шыңы Едіге үс тіндегі, Бала Жезді мен Сарысу өзендерінің жағаларындағы адам мүсіндері немесе Алаша хан, Жошы, Дом-бауыл кесенелерінің көне құрылыстық, сәулет өнерінің үлгісі ретіндегі сипаты... Солардың бәрі де Қаныш Имантайұлын қатты қызықтыратын. Қиялын қозғап, әр қилы ойға салатын. «Бұл мақала Жезқазған ауда нындағы көптеген тарихи көне дүние ескерткіштерін то-лық және жүйелі түр де баян дау ды мақсат етпейді,– деп аяқтап-ты ғалым 1941 жылы «Народное хозяйство Казахстана» журналы-ның № 1 санында жарияланған «Жезқазған ауданындағы тарихи және көне ескерткіштер» деген ғылыми еңбегін.– Ке рісінше, ар-хеологтар мен өлке зерттеуші лер ге осы ауданда қаншама қызық та сан-са лалы материал зерт теусіз жатқандығын ескерту үшін жазып отырмыз...» Зерттеу үшін. Білу үшін. Туған жерінің кен тасын ғана емес, соның ой-қырына түскен әрбір із, таңбаны, ескілі-жаңалы тарих-ты, мәнді оқиғаны біліп, жете тану үшін. Ғылым жарағына, ел кәдесіне жарату үшін. Соны жас ұрпақ, кейінгі толқын көкейіне дары тып, биік мұраттарға, ілгері мәдениетке жетелеу үшін... Оның дара жара тылысы сол – іздеу, әрқашанда жаңалыққа құмарлану!.. http://emirb.org/serseke-m-shifarmalari.html?page=7
| |||||||||
Сабақтың соңы 3 мин. 2 мин. | Қорытынды. «Бағдаршам» әдісімен кері байланыс алынады. Қызыл- сабақтың ең қызықты тұсы? Сары- сабақтың ең қиын тұсы? Жасыл- ұсынысыңыз қандай?
Үйге тапсырма беру: 1. «Наркоммен сұхбат» бөлімінің толық нұсқасын оқу, мазмұнын, идеясын түсіну. 2. « Қазіргі заманнның Қанышы кім?» тақырыбына жобалау әдісі бойынша жұмыс жазу | МҚ | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Пәнаралық байланыс. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||
Афоризмдер Қаныш Имантайұлы СәтбаевАфоризмдер саны: 7
Автор: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Лайық (14)
Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.
Автор: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Лайық (7)
Автор: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Лайық (7)
Автор: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Айдарлар: Ғылым
Лайық (6)
Автор: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Лайық (6)
Автор: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Айдарлар: Еңбек
Лайық (8)
Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуңызға нағыз нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.
Автор: Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Лайық (5)
Read more at http://oilar.kz/#7aeewz9E1ugw32wJ.99
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру