М.Сәрсеке «Дара дарын» роман-эссе (Қаныш Сәтпаев туралы) «ХІV ғасырдан хат» бөлімі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 1 сабақ.


Сабақ тақырыбы:

М.Сәрсеке «Дара дарын» роман-эссе

( Қаныш Сәтпаев туралы)

«ХІV ғасырдан хат» бөлімі

Оқу мақсаты:

10.3.1.1 - шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау

Бағалау критерийлері:

- Шығарманың тарихи құндылығын анықтайды;

- Шығарманың көркемдік құндылығына баға береді.

- Оқушылар, Қаныш Сәтпаев кім?

- Оның қазақ халқы үшін ерекше тұлға екенін кім қалай түсіндіре алады?

- Қанышты тек геолог ретінде танимыз ба? Оның қандай басқа қазақ халқы үшін істеген істерін естідіңіздер?

оқушылар жауабына өзі жаңа ақпарат қосады)

1947 жылы - Англияға сапар жасаған кеңес парламентарийінің ішіндегі қазақ ғалымына Ұлыбританияның экс премьер-министрі У.Черчилль қалжыңдап «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы мадеп сұрапты. Сонда академик Қ.Сәтбаев «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, менің халқым менен де биік» деп жауап беріпті.

Медеу Сәрсекенің «Дара дарын » эссе-романы

 

Ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға Медеу Сәрсеке қырық жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды Һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер. Мемлекеттік түрлі қоймаларда құпияда ұсталған көптеген мұрағаттарды қажетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрек жарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық –ғылыми құжаттарды пайдаланып,ғалым ғұмырнамасын қиял-қоспасыз, шынайы оқиғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел –белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтайды

1-тапсырма. « ХІV ғасырдан хат » бөлімін 221-222 б.б. аралығын (ІІІ) оқиды. Шығарманың тарихи құндылығына және көркемдік құндылығына талдау жасаңыз

Өз ойыңды тарихпен байланыстырып, шығарманың тарихи құндылығына 5-6 сөйлеммен баға беріңіз

Шығарманың көркемдік құндылығы неде деп ойлайсың? 2-3 сөйлеммен дәлел келтіріңіз.

Дескрипторлар:

Шығарманың тарихи құндылығына баға бере алады;

Шығарманың көркемдік құндылығын таба алады

Қызыл- сабақтың ең қызықты тұсы?

Сары- сабақтың ең қиын тұсы?

Жасыл- ұсынысыңыз қандай?

Үйге тапсырма беру: 

1.  «Наркоммен сұхбат» бөлімінің толық нұсқасын оқуға;

2. « Қазіргі заманнның Қанышы кім?» тақырыбына жобалау әдісі бойынша жұмыс жазу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу