М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 8 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе

Сабақтың мақсаты:

Б/С. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау

Бағалау критерийлері:

Қызығушылықты ояту:

Берілген сурет бойынша өз ойларын қорытындылап, тақырыпқа қатысын анықтайды.

Тапсырма.

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Оқушылар берілген үзіндіні оқып, осы үзіндіні негізге ала отырып шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтайды

ЖЖ.

 

Алашорда үкіметі биліктен шеттетіліпті. Әбікей ағасынан

естіген ақпары Қанышты екіұдай ойға бөледі: Ресейдегі Орталық үкіметтің қазіргі басшысы В.И. Ленинге Әлихан Бөкейханов сенімді серіктері – Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді келіссөз жүргізуге аттандырған: ал Алашорданың Семей облыстық комитетінің төрағасы Халел Ғаббасов 2-сәуір күні телеграф арқылы Кеңес үкіметінің бодан халықтар ісі жөніндегі төтенше комиссары И.В. Сталинмен сөйлесіп, нақтап айтқаны – Алашорда үкіметі Кеңес билігін мойындайды, бәлшебектер мен тізе қосып, қазақтың ұлттық автономиясын құруға шынайы құштар-мыс...

Алайда жаңа үкіметтің адуын комиссары сол ұсынысты хош көрмепті. Алаш өкіліне бірден-ақ саяси күрестен бас тартып, ел билеу ісіне араласпауды талап етіпті. Жер-жердегі ахуал да солай етуге еріксіз мойындатқандай: В.И. Ленин мандатымен елге оралған Әліби Жангелдин батыс өлкеде ұлттық әскер жасақтаған, Қызыл гвардия отрядтарымен күшейтілген сол жасақ Каспий жағалауын, Үстіртті баса жүріп Кеңес билігін орнатқан; сол бетінде күллі Орынбор атырабын өздеріне тәуелді еткен; күні кеше өктемсіген казак-орыс атамандары өзара күш қоса алмай, қызылдар әскерінен күйрей жеңілген; Алашорда үкіметі жасақтаған екі полк атты әскер ту орталықтан жасанып келе жатқан күші басым жасаққа, әрине, төтеп бере алмайды...

 

Кері байланыс

Не жақсы өтті?

Нені өзгерткіңіз келді?

Не ерекше қиын болды?

Не пайдалы болды?

Үйге тапсырма:

М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссені оқуға



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу