Өлең – сөздің патшасы. Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 3-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
Өлең - сөздің патшасы
Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
Оқу мақсаты:
10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау.
Сабақтың мақсаты:
«Ескендір» поэмасындағы кейіпкерлер жүйесін жинақтап, өздеріне тән ерекшеліктерді айқындайды.
Бағалау критерийлері:
Т/Ж3 бойынша:
көркем шығармадағы образды анықтай алады;
кейіпкерлерді сипаттауда дәлелді мысалдар келтіре алады.
кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді;
қазіргі өмірмен байланыстыру арқылы қорытынды жасайды.
«5 қадам» ойыны.
Әр топтан өз қалауымен бір оқушыдан шығып, мұғалім тарапынан қойылған сұраққа жылдам 5 рет қадам жасап, 5 түрлі жауап айтады.
Сұрақтар:
1. Поэмадағы өзіңе ерекше әсер еткен 5 сюжетті сипатта.
2. Ескендірге 5 сөзбен мінездеме бер.
3. Аристотельге 5 сөзбен мінездеме бер.
4. Поэмада көтерілген 5 мәселені ата.
5. Поэманың түйінді ойына 5 сөз тіркесін келтір.
Ж/Ж.
Кейіпкер портреті
Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.
Топтық жұмыс
«FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.
F (дерек) – поэмадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;
I (пікір) – кейіпкер туралы өзінің ой- пікірі;
L (сұрақ) – кейіпкер тұлғасын ашатын сұрақтар;
A (іс-әрекет) – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.
І топ
«Үш түрлі күнделікпен» жұмыс
1-қадам. Поэмадағы кейіпкерлерді анықтап, мәтінмен танысады.
2-қадам. Мәтінді оқу барысында жеке күнделік толтырады.
3-қадам. Жұмыс нәтижесін топта талқылайды. Поэманың өздеріне ерекше әсер еткен үзінділерін мәнерлеп оқиды.
ІІ топ
«Шығармашылық матрица»
Мұғалім оқушыларға шығармадан бірнеше үзінді таратады. Оқушылар Ескендір мен Аристотель образы мен іс-әрекетін сипаттайтын тірек сөздерді матрицаға орналастырады. Олар осы сөздердің Ескендір мен Аристотель образын ашудағы нақты әсерін, автордың образ жасауда осы жолды неліктен таңдағанын талқылайды.
Оқушылар берілген мәселені шешуде ең дұрысырақ жауаптарды басқа топтарға таныстырады. Өз жұмыстарын сыни бағалайды.
ІІІ топ.
«Кейіпкерді зерттеу»
Оқушылар шағын топтарда шығарма кейіпкерлерін тану, зерттеу тапсырмаларымен жұмыс жасайды.
1. Ақынның кейіпкерді суреттеуі, олардың портреттері;
2. Кейіпкердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі,
3. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;
5. Кейіпкер бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттер тізбесін жасау.
Топтық бағалау.
Дескрипторлар
Поэмадағы кейіпкерлерді зерттейді;
Өздеріне тән ерекшеліктерін танып біледі;
Кейіпкерге талдау жасайды;
Құндылықтармен байланыста қарайды;
Шығармаға өз көзқарасымен бағасын береді.
Топтар ортаға шығып, өз жауаптарымен таныстырады.
Кері байланыс/Рефлексия
«3Қ"
Не қызық?
Не қажет?
Не қиын?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?