Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, презентация. 4-сабақ.


«Бес қадам» әдісі

1. Масғұттың болмысына қатысты 5 түрлі сипаттама айтыңыз.

2. Қыдыр бабаға қатысты 5 түрлі сипаттама ұсыныңыз.

3. Шығарма мазмұнына қатысты 5 ақпарат айтыңыз.

4. Шығарма идеясына қатысты 5 түрлі пікір айтыңыз.

1-тапсырма. «Масғұт» поэмасындағы адамгершілік құндылықтарының тізбегін жаса.

Эссе құрылымы

Әдеби эссе. Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.

Эссе жазудың алғышарттары

1. Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен:

мен неге және не үшін жазып отырмын?

менің жұмысымды кім оқиды?

мен қандай идеяларды айтқым келеді?

маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?

мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?

2. Эссе жазудағы мақсатты айқындау. Ол:

белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу;

сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;

оқырмандарды ақпараттандыру;

мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;

өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;

көңіл күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;

іс-әрекетке түрткі болу.

2-тапсырма. ««Тегінде,  адам  келесі адамнан  ақылғылым,  ар,  мінез  деген   бір нәрселермен  озбақ» деген  хакім  Абайдың  сөзіне  бұл  поэмасы  дәлме-дәл  дәйекті    ғибрат мысал  ретінде  берілгені анық. Дәлел: басты кейіпкер Масғұттың бойынан ақыл, ар, мінез құндылықтарын аңғаруға болады». Ал сіз, бұл оймен қаншалықты келісесіз? Оқушылар шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады. Сөз көлемі 200-250.

Бағалау. «Блоб ағашы»

Дескриптор:

Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдайды;

Эсседе өзіндік идея мен шешім ұсынады;

Сөз көлемі 200-205.

Түсіндім

Сұрағым бар

Түсінбедім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу