Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат. Автор стилі. Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 7-сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мезімді жоспар бөлімі: Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат | Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Бекайдар Г.Б. | |||||||
Сынып 9T1 | Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Автор стилі | |||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 2.3.1 Көркем шығарманың тілі | |||||||
Сабақтың мақсаттары | Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру | |||||||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға береді | |||||||
Тілдік дағдылар | Құбылту мен айшықтауға байланысты әдеби-теориялық ұғымдар | |||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, елжандылық | |||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, география | |||||||
АКТ-ны қолдану | Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтаны пайдаланады | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарлана тын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) | Дереккөз-дер | ||||||
Сабақтың басы 10 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды 5-6 топқа бөлу. Үй тапсырмасын пысықтау. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийлерін, таныстыру, талдау, оқу нәтижелерін анықтау. Қызығушылықты ояту. «Сен – маған, мен – саған» әдісі бойынша оқушылар жұпта көркемдегіш құралдарға байланысты сұрақтар қойып, жауап алады. | |||||||
Сабақтың ортасы 20 минут 10 минут | Мағынаны тану Әр топқа поэмадан бір бөлімнен беріледі. Ж-Т. 1-тапсырма. Поэмадан берілген бөлімге сатылай-кешенді талдау жасау. Тақырыбы: Идеясы: Жанр түрі: Шумақ: Тармақ: Бунақ: Буын саны: Ұйқас түрі: Тіл байлығы: Көркемдегіш құралдар: Тәрбиелік мәні: Дескриптор: Білім алушы
Бағалау: топтар сағат тілі бағытымен бірін-бірі бағалайды. Т. 2-тапсырма. «Модерация» әдісі. Әр топқа 5 стикерден таратылады. Олар әр стикерге поэмадан бір көркемдік әдісті мысалымен жазады. Мүмкіндігінше көркемдік әдісті қайталамау керек. Әр топ тақтаға кезекпен шығып, стикердегі көркемдік әдісті оқып, стикерді тақтаға жабыстырады. Қалған топтар ол стикерді жауапты бағалай отырып, жабыстыру-жабыстырмау керектігі туралы ойларын білдіріп отырады. Бір көркемдік әдіс екінші бір топта екінші рет қайталанып келсе, ол модерациядан өтпейді, яғни тақтаға жабыстырылмайды. Осылайша көп стикер жабыстырған топ жеңімпаз атанады. Соңында автордың қолданған көркемдегіш құралдары жалпы саны анықталып, автор стиліне баға береді. Дескриптор: Білім алушы
Бағалау: «Бас бармақ» әдісімен бағалайды | |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия. оқушылар өздерінің жеткен жетістіктерін смайликтің бірін таңдай отырып, түсіндіреді. Үйге тапсырма: Поэмадан үзінді жаттау | |||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||
Оқушыларға көбірек қолдау көрсету мақтау сөздерін айтамын, қабілеттері одан әрі шыңдау үшін көшбасшылық қасиеттерін дамытамын, күрделі тапсырма беремін. | Оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін кері байланыс арқылы анықтаймын. | Тарих, география пәндерімен байланысы бар. Қауіпсіздік ережелері сақталады (сергіту жаттығулары, ойындар). Құрмет, елжандылық құндылықтары қалыптасады. | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?