Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 5-сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: ІV Қиял мен шындық Уақыты: мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы: | Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу; |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
|
Бағалау критерийі | көркем шығармадағы тура және жанама мінездеулерді жіктей алады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: кейіпкер мінезін ашатын тілдік тәсілдерге сүйенеді. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: тура және жанама мінездеу, мәңгілік бала бейне, адам қолымен жасалған жауыздық, туған жердің сынақ алаңына айналуы т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша ..., кейіпкерге қатысты суреттеулер ..., автордың баяндауынша ... т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы топта жұмыс жасау, өзінің /өзгенің оқуы алдындағы жауапкершілік, өзара ынтымақтастық, бір-бірінің пікірін құрметтеу, сыйластық таныту секілді құндылықтар сіңіріледі. |
Пәнаралық байланыс | Экология пәнімен байланыс. Ядролық жарылыстардың қоршаған ортаға әсері. Физика пәнімен байланыс. Ай – табиғи Жер серігі. |
Алдыңғы білім | Оқушылар осы сабақтың алдында «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі мен жазушы Ғ.Мүсіреповтың «Жапон балладасын» өзара салыстырып, тарихи-көркемдік құндылықтарын бағалады. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-3
4-5
6-10 | 1. Жаттығу-тренинг 2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады. 3. Өткен тақырып пен жаңа сабақтың байланысы. ЖЖ. Оқушылар «Білу қажет» кестесімен жұмыс жасайды.
Бірнеше жұптың жауабы тыңдалып, тақырыпқа қатысты ой қозғалады. | МД слайд 1-таратпа «Білу қажет» кестесі | ||||||||
Сабақтың ортасы 11-20 21-22 23-27
28-30 31-35 | 4. Жаңа тақырыпты меңгерту. 1-тапсырма. Т. «Пирамидалық талқылау» әдісі арқылы кейіпкер табиғатын ашады. 1.Негізгі кейіпкер, тақырып. 1 сөз немесе сөз тіркесі [Ләйлә немесе Мәңгілік бала бейне] 2.Тақырыпты ашу (жасы, мінезі, сырт тұлғасы, тура/жанама мінездеулер) [он алтыдағы бойжеткен қыз, сезімі бүтін, ақылы дұрыс, бірақ жұдырықтай жүрегі кек пен қасіретке толы] 3.Оқиға орны (қоғамдық ортасы, оқиғалар орын алған жер) [Қарауыл, Абай ата туған жер] 4.Мәселе тарихы (шапқыншылық, соғыс, басып алу, тәуелділік, кездейсоқтық) [адам қолымен жасалған жауыздық, туған жердің сынақ алаңына айналуы] 5.Бірінші оқиға ( көтерілген мәселелер) [сегіз жасар мәңгілік бала бейнеде, өспей қатып қалған Ләйләнің мүгедектігі] 6.Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? қоршаған орта ықпалы) [«Елдің көзі-ақ... Жұрттың сөзі...»] 7.Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер туралы) [қаралы жиынға Ләйләні көтеріп шықпақ болған көрші аудан азаматтарының әрекеті т.т. ] 8.Шешімі. 1 сөз не сөз тіркесі [Жақсылықты аңсайтын Ләйлә] 5. Бағалау: топтар бір-бірінің жауаптарын критерийлерге сай өзара бағалайды. 6. 2-тапсырма. Ж. Оқушылар Ләйлә-қыздың ойын өз сөзімен жалғастырып жазады. (30-40 сөз). «Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам емес, адам пейілін тәубаға түсіретін мүгедекпін»... Олар жазғандарын шеңбер бойымен жылжытып оқиды, бір-бірінің жазбасына ауызша комментарий жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар «Пирамидалық талқылау» қадамдарына сай дәлелдерді мәтіннен толық тауып ұсынады, қабілеті төмендеу оқушылар кейіпкер туралы үзінділерді анықтап, оқиды. Дескриптор
7. Мұғалім «Серпілген сауал» арқылы кері байланыс береді. - ... (оқушының аты) жауабы туралы не ойлайсың? - ... (оқушының аты) жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады? - ... (оқушының аты) естігендеріңнің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады? | 2-таратпа постерлер, маркерлер «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің мәтіні 3-таратпа | ||||||||
Сабақтың аяғы 36-40
| 8. Рефлексия «Көңіл-күй себеті» Оқушыларға түрлі смайликтер таратылады. Өзіне ұнаған смайликтің артындағы пікірді аяқтап, себетке салады. Нәтижесінде, өзінің дамуындағы оқу әрекетінің маңызын түсінеді. Тапсырма қиын болды, сондықтан ............................................................................ Тапсырма мен үшін жеңіл болды, себебі...................... ............................................ Тапсырма түсінікті болды, бірақ мен .............................................................................. | смайликтер, себет суреті | ||||||||
Дифференциация Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау | ||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?