Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 1-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

ІV Қиял мен шындық

Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау

Сабақ мақсаттары

шығармадағы оқиғалар желісін, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тартысты анықтайды.

Бағалау критерийі

әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін түсінеді;

сюжеттік желісі мен эпилог/прологтарды (егер болса) анықтайды.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология:

полигон, ядролық сынақ, әдеби шығарманың жанры, сюжеттік желісі, эпилог, пролог т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, әңгіме желісіне тоқталатын болсам, мен ... ойлаймын т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы пәнімен байланыс. Семей полигонының қасіреті.

Алдыңғы білім

Оқушылар төменгі сыныптан Семей полигоны, оның жабылуы туралы мәліметтерді біледі. Ядролық сынақтардың зардабын тартқан жандардың қайғысы туралы жазылған әдеби шығармаларды оқуы мүмкін (мысалы, Ғ.Мүсіреповтың «Жапон балладасы»).

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-6

7-8

9-10

Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

1. Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.

«Семей полигонының тарихы» туралы инфографика көрсетіліп, сабақ мазмұнына қатысты кіріспе ой қозғау үшін оқушылар кестені зерттеп, негізгі ақпараттарды жіктейді.

2. Оқушылар Семей полигонын жабу туралы естіген әңгімелерін ойларына түсіріп, ортаға салады.

«Невада – Семей» қозғалысы, ақын, қоғам қайраткері О.Сүлейменов, Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланғаны т.т.

3. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылардың өздері құрастырады.

МД слайд

1-таратпа

инфографика

2-таратпа

Сабақтың ортасы

11-13

14-23

24-28

29-33

34-37

4. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Мұғалім жазушы Роза Мұқанова туралы ақпаратпен таныстырады. Әңгіме жанры, оның ерекшелігі туралы баяндайды.

5. Т. «ДЖИГСО» стратегиясы

1-қадам. Мәтін бөліктеріне сай топ мүшелерінің әрқайсысы тапсырмаларды бөліп алады:

1.Терең сайға бет алған Ләйлә-қыз.

2.Сезімсіз, жүрексіз, қатыгез Қатира.

3.Қарауылдағы той.

4.Қаралы Қарауыл.

5.Көрші ауданның басшы азаматтарының өтініші.

6.Екі тіршілік иесінің мәңгілік қоштасуы.

2-қадам. Сараптау топтарына қайта бөлінеді (1-бөлікпен жұмыс жасағандар бір топқа, 2- бөлікпен жұмыс жасағандар екінші топқа, т.с.с.).

3-қадам. Сараптау тобында өздері оқып шыққан үзіндіге талқылау жасайды, топ мүшелеріне түсінікті етіп жеткізудің жолдарын белгілейді.

4-қадам. Өз топтарына барып, сараптау тобында талқылап келген тапсырмасын түсіндіреді, өзара сұрақтар қояды.

Қабілеті жоғары оқушылар сараптау топтарында үзіндіге талқылау жасауды ұйымдастырып, сұрақтарға жауап іздесе, қабілеті төмендеу оқушылар өзі оқыған үзіндінің мазмұнын айтумен шектеледі.

Дескриптор

  • әңгіме мазмұнымен танысады;
  • сараптау топтарында талқылайды;
  • сұрақтарға жауап береді;
  • тапсырмасын топта түсіндіреді.

Топтық бағалау.

3-таратпа

http://adebiportal.kz/kz/news/view/694

4-таратпа

Сабақтың аяғы

38-40

6. Рефлексия. Оқушылар өз әрекеттері мен ұстанымдарын жан-жақты қарастырады:

- сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

- қиындық келтірген 2 мәселе;

- сабақта ұнаған 1 аспект.

слайд

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу